Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пародонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу

Поиск

қолданылады.

Қолданылатын коллаген токсикалық әсері жоқ және синтетикалық полимерлерге қарағанда консорогенді емес. Организімда сінеді, басқа тіндермен комплекстар құрып тіндердегі регенеративті процестарды жақсартады. Женіл және орташа пародонтиттерде коллагенді комплекс кюретаж кезінде пародонтальды қалтаға салынады. Ауыр және орташа дәрежелі пародонтиттерде коллагенді композиция тирокальциитонин және линкомицин мен бірге салынады.  

Парадонт ауруларын комплексті емдеу әдістерінің ішінде хи-рургиялық әдіс басты орын алады. Сондықтан үстіміздегі ғасырдың 60—80 жылдарынан парадонтитті хирургиялык, жолмен емдеу кеңінен қолданылып келеді. Хирургиялық әдіс қызыл иек-тегі ррнына келтіру, тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын жойып, осы қалталардан аққан іріңді тоқтату үшін және жақ сүйектің қырын орнына келтіріп, тістердің тіс уясында қозғалмауы үшін қолданы-лады. Дер кезінде жасалған операцияның нәтижесі жақсы әрі үзаққа срзылады. Терапиялық әдістермен емдеуден кейін кілегей қабықтың тіс қалталарына қараған бетінде ойдым-ойдым қабынған жерлер қалады. Оларды тек хирургиялық әдіспен ғана жоюға болады.

Хирургиялық емді қолданар алдында жақ сгуйек қырының ана-томиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне назар аудару ке-рек: қызыл иекте жүмсак, ет аз, жақ қыры бузылып төмендеген, ал тіс уясы мен уялар арасындағы сүйектер де жоққа тән, осыған байланысты тіс босап, қан айналысы бузылады. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталары неше түрлі микробтармен, ас қалдықтарымен зақымданып, адам көбіне жүрек, өкпе, бүйрек ауруларымен ауырады. Осы айтылғандарды ескере отырып, дәрігерлер нау-қасты операцияға жан-жақты даярлайды.

Операцияға дайындау жумысы мыналардан тұрады:

1. Науқас адам міндетті түрде терапевтің кеңесінен өтуі қажет. Ал керек болған жағдайда басқа мамандармен кеңесіп, олардың қорытындысын дайындық жоспарына енгізеді.

2. Стоматолог-терапевт, стоматолог-ортопед кеңестері мен те­рапевт мамандардың емдеу жоспары, сондай-ақ стоматолог-хи­рург жоспары бірін-бірі толықтыруы тиіс.

3. Хирургиялық әдіс ауыздың іші-сыртын толық тазалағаннан (санациядан) кейін қолданылады. Ол үшін: а) кариес пен пародонтит болған тістерді емдеп, жақсы пломба қойылуы; б) қызыл иек-тіс, тіс-сүйек қалталарын тазалап, тіс түбірінің үстіңгі және
астыңғы қабатында пайда болған тастардан тазартып, антисептиктермен жуылуы; в) тіс тубірін, және III, IV дәрежелі қозғалатыс тістерді алу; г) барлық терапевтік әдістерді қолдана отырып ауыздың уылуын жою керек.

4. Жоқ тістердің орнын иммедиат (алмалы-салмалы) протезбен
толтырып, қатты қозғалатын тістерге шина протез жасау қажет.

5. Аурудың түнгі үйқысының тыныш болуын қадағалап, қажет
болса уйықтататын дәрі беру керек.

Операция алдында бір сағат бұрын қобалжуды басатын әдістер (премедикация) қолданған жөн. Ол үшін кіші транквилизаторлар: андаксин, триоксазин, седуксен қолданған дұрыс.

Операция жасарда оның көлеміне, ауыр-жеңілдігіне қарай жансыздандыру әдісін белгілейді. Әдетте, ауырған жерді жансыз-дандыруға 2% новокаин, 2% тримикаин, 1% лидокаин, ал кей жағдайда наркоз қолданылады.

Қазіргі хирургиялық әдістерді үлкен үш топқа бөлуге болады. I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;

1. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюре-
таж);

2. Қызыл иекті тілу (гйнгивотомия);

3. Қызыл иекті сылып тастау (ггингивоэктомия);

II. Қызыл иек клегей қабығының (мукогингивальная) хирурги­
ясы;

1. Ауыздықты тілу (френулотомия);

2. Ауыздықты сылып алу (френулоэктомия);

3. Ауыздың кіреберісін жасау (формирования полости рта);

III.       Жамау операциялары:

1. Қызыл иек кенересін кілегей қабықпен көмкеру;

2. Парадонтты орнына келтіру үшін жасалатын қүрақ (жамау)
операциялары.

Қызыл иек (гингивальная) хирургиясы.Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж).

Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау қалта те-реңдігі 4 мм-ден асқанда қолданылады. Бүл операцияны жасайтын арнаулы аспаптар комплексі медицина заводтарында дайындалады.

Аспаптар қүрамына имек ілгіш, көтергіш, астауша (кюретки), түрпі, бұрыщты көтергіш тәрізді аспаптар кіреді.

Операцияның негізгі мақсаты — патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою. Мүны орындау үшін біріншіден, қызыл иектің үстіңгі және астыңғы жағында жиналған іріңді түнбаларды қалдырмай алып тастап, екіншіден — бүзылған тіске жиналған тастарды (қақты), жүмсақ түйір еттерді, қызыл иек және тіс-сүйек қалталарына қарай өскен эпителийдің өскінін алып тастау керек (55-сурет). Со-нда операциядан кейін жарақат-ты таза ет пен сүйек қана қалады. Сөйтіп, бүл араларға қан келіп, ол үйығаннан кейін қатты етке айна-лады да, тіс цементімен біргіп қалталар жоғалады. Алайда мүндай операцияны қабыну про-цесі асқынғанда жасауға болмайды. В. Е. Крешкина 1973 жылы бүл операцияның басты негізгі төрт принципін атады.

 

 

Патологиялық қалтаға кюретаж жасау  операциясы (жоба).

 


4.Көрнекті құралдар:презентация

5. Әдебиеттер:        

1.Ж.Б.Оразалин., Қ.Т. Төлеуов. Хирургиялық стоматология. Алматы. 2000.

2.Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии. Витебск, 2000.

3.А.А.Тимофееев. Руководство по челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии. Киев-2002.

Қосымша әдебиеттер:

1.Дунаевский Н.Н. и соавт. Хирургическая стоматология. – М., Медицина, 1979-472 с.

2.Евдокимов А.И. Руководство по хирургической стоматологии. – М., 1972.

3.Муковозов И.Н. Дифференциальная диагностика хирургических заболеваний челюстно-лицевой области. Л., 1982.

4.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Атлас рентгенограмм. –М., - 2002. -302с.

5.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Рентгендиагностика в стоматологии. – М. 1999. 452 с.

6.Робустова Т.Г. и др. Хирургическая стоматология. – М. 2202.

7.Соловьев М.М. Пропедевтика хирургической стоматологии. – М., Мед-Пресс. 2007

 

6.Бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тереңдігі 3,5см жуық пародонтальды қалтаны жоюда қолданылады?

2.Гингивотомия операциясына көрсеткіш?

3.Пародонтальды патологиялық қалтаны жою қай операцияныың мақсаты?

4.Гингивоэктомия операциясына көрсеткіш?

5.Криодеструкция операциясын пародонтит ауруының қай патологиясында қолданады?

6.Ауыз қуысының кіре берісінің тереңдету мақсатында қолданылады?

7.Жоғарғы еріннің тіл ұзбесінің қысқалығында қай операция жасалады?

8.Тереңдігі 4-5 см патологиялық қалта болғанда қаңдай операция жүргізіледі

9.Сүйек тінің репаративті үрдісін жоғарлату мақсатында слынады?

10.Гингивоэктомия операциясының кемшілігі?

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.35.116 (0.008 с.)