Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәрістің тезисы: Бет жарақаттарының және зақымдалулыраның топтамасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
ДӘРІС №10 1.Тақырып: Жақ-бет аймағының зақымдалулары.Топтамасы. Диагностика қағидалары және емі. 2.Мақсаты: Жақ-бет аймағының зақымдалуларының топтамасн,клиникалық көріністерін.диагностика тәсілдерін білу
Зақымдалу тініне байланысты: 1. Жұмсақ тіндердін жарақаттары. 2. Сүйектердін зақмдалуы А/ төменгі жақ Б/ жоғарғы жақ В/ екі жақтын да зақымдалуы Г/ шықшыт сүйек Д/ бет қанқасының бірнеше сүйектерінің зақымдалуы
Зақымдалу мінездемесіне байланысты: 1. Тесіп өтілген 2. Соқыр 3. Жанап өтілген а/ Болектелген – ауыз қуысы органдарының зақымдалуы б/ қосалқы – дененің басқа бөлігінде жаралардын болуы в/ жекеленген г/ ауыз және мүрын қуысына енетін жаралар д/ ауыз қуысы мен мүрын түбіне енетін жаралар Тістердін орнынан таюы және сынуы бет жақ аймағының жарақаттарының ішінде 3 пайызды құрайды. Тістін орнынан таюы. Көбінесе жоғары жақтын алдынғы тістерінде механикалық әсерден /соққы немесе құлағанда/ жиі болады. Бұдан басқа да тіс жұлу операциялары элеваторды дұрыс қолданбағанда немесе дөрекі қолданғанда жұлатын тісітін алдындағы тіс орныннан таюы мүмкін. Тамақ шайнағанда тіске түсетін күш көбірек болғанда дамиды. Орнынан таюы тістін альвеолдағы қалпының өзгеруімен мінезделеді, бүл периодонт және қан нерв өрімдерін жартылай немесе толық жұлынуына әкеледі. Тістін орнынан таюы жекеленген немесе тіс түбірінің альвеоляр өскінінің немесе жақтын денесінің сынуымен жүруі мүмкін. Тістін орнынан таюы бөлінеді. Жартылай, толық, қағыла таюы. Тіс жартылай орнынан тайғанда перидонт талшықтары жартылай ыдырап, қалған бөліктері тартылып немесе созылады. Тіс әртүрлі бағытта қозғалмалы болуы мүмкін. Тіс өсінен жартылай айналғанда қан нерв байламдары үзілмеуі мүмкін. Тістін жартылай орнынан таюында науқас тістін ауруына, тамақ шайнай алмауына, тістін тіс қатарын да дұрыс орналаспауына және оның қозғалмалы болуына шағымдануы. Сыртқа қарағанда әсер еткен күштің кесерінен жұмсақ тіндерде /ісіну, сырылу, қанның құйылуы, жара/ ерінде немесе үртта өзгерістер байқалынады. Науқастын ауызы кейбір уақытта ашық. Тайған тіс қатардағы көршілес тіспен салыстыруы төмен немесе жоғары ығысқан, қозғалмалы перкуссия жасағанда ауруды.Егер тіс бір жаққа қарай ығыса, ығысқан тіс және көршілес тіспен аралығында бос қуыс пайда болады. Тіс түбірі тіс сауытына қарама қарсы бағытта ығысады. Сондықтан рентген суретемессі де ығысқан тіс бағытында периодонтальді қуыскішірейген немесе толық жойылған, ал қарама қарсы жағында керісінше периодонт қуысы кеніген. Тіс оральді немесе вестибулярлы бағытта ығысады. Онынң шайнау бет манындағы тістердін шайнау беттерін біркелкі ұзындықта емес. Рентген суретемесінде тіс түбірі тістін енкейуіне байланысты қысқа, альвеола мен тіс түбірі аралығы да бос қуыс байқалады /көп мөлшерде ығысқанда/, немесе периодонтальді қуыстын ұлғаюы болады /аз мөлшерде ығысқанда/? Жоғарғы жақтын тісі төмен немесе төменгі жақтын тісі жоғары ығысқанда, олардың тістеу беті қосындағы көршілес тістерге қарағанда төмен немесе жоғары болады. Тістер тістескенде тек орнынан төмен тіс ғана тиеді. Рентген суретемеде қуыс ұлғаяды, ол альвеола және тіс түбірі аралығында бос қуыс байқалады.Тіс орнынан толық тайғанда периодонт тіс түбірінің ұзына бойына жұлынып, қан нерв байламының некрозына немесе өлуіне әкеліп, кейбір уақытта альвеоланың алдынғы бетінің сынып, тістін тіс ұяшығынаң түсіп қалуы мүмкін. Орнынан толық тайған тіс, тіс ұяшығының компакты пластинкасымен анатомиялық байламы болмай тек тіс ұяшығында екі сулы беттін адгезивті қасиетіне байланысты үсталып тұрады. Немесе тісті шекеленген байламдарының әсерініен ұсталып тұруы мүмкін. Тіс орнынан толық тайғанда науқас тіс қатардын ақауындын болуына, жарақаттын әсерінен шағымданады. Сыртқы қарағанда тіс жартылай орнынаң таюы сияқты өзгерістер болады. Науқас дәрігерге орнынан тайған тісін алып келеді. Түсіп қалған тіс ұяшығында қан ұйығы бар. Тіс манындағы қызыл иек жыртылған. Тіс ұяшығының бір қабырғасы сынған, немесе мүлдем жоқ. Тіс ұяшығының қабырғасын толық тексерген дұрыс, себебі реплантация тек тіс ұяшығының анатомиялық құрылымы толық сақталғанда және жарақат алғанаң кейін 3 апта ішінде ғана жасалынады. Орнынан қағыла таюы бұл толық таюдын бір түрі, тіс түбірі альвеоланың компактылы пластинкасын тесіп, альвеолярлы өскінінің кемікті затына енеді. Қан нерв байламы толық үзіледі. Тіс альвеолада тек сүйекке енуімен ұсталып тұрады. Периодонт талшықтары толық енеді. Тіс орнынаң қағыла тайғанда науқас жарақат алған манда ауырсынудын болуына шағымданады. Сыртқы пішіндегі өзгеріс жоғарғыдай. Ауыз қуысын қарағанда /төменгі жақты/ тіс төмен /жоғарғы жақты/ тіс жоғары орналасуы, кейбір уақыттарда осьнен айналып кетуі немесе әртүрлі бағытта ығысуы мүмкін. Тіс сауыты ұяшыққа толық кірген, альвеолярлы өскін қырына шығынқы емес. Тіс сүйкке кіруіне байланысты, қозғалмалы емес. Тіс ұлпасы өлген. Рентген суретемеде периодонтальды қуыс кішірейген, немесе оның толық жойлуы болуы мүмкін. . Тіс орнынан жартылай тайғанда жергілікті жансыздандыруды қолдана отырып тіс сауытына ақырын репозиция жасау қажет. Тісті шендеуді шина каппа арқылы жасаған дұрыс. Тістін тістеу бетін пластмасадан тазарту қажет /тіске қсым түспеу үшін/. Егер иммобилизация тегі шендеуішпен болса, лигатура тістін мойының және тістеу бетін қамтуы қажет. Иммобилизация 5-6 аптадан дейін тіс орнынан толық тайғанда реплантация жүргізуге болады. Тіс шина каппамен ұстатылады. Тіс орнынаң толық тайғанда реплантация жүргізіледі. Тіс шина каппамен ұстатылады. Тіс орнынан қағыла тайғанда бір мерзімде репозиция жасалмайды, себебі тіс түбірінде резорбция болуы мүмкін. Орнынан қағыла тайған тіс өздігінен жылжып, тіс қатарына дұрыс орналасады. Жарақатты сол мезгілде өлген тіс ұлпасы алынып тіс каналы пломбыланады. Егер тіс өзі жылжымаса ортодонтиялық аппаратардын көмегімен жылжытады. Орнынан қағыла тайған тіс егер мұрынға немесе жұмсақ тіндерге ығысқанда, сүйекте қабыну процестары болғанда жұлынады. Тістін сынығы, тістін сынуы, тістің орнынан таюы мен бірге жүруі мүмкін. Периодонтиттін зақымдалуы тістін қозғалмалы дәрежесімен аңықталады. . Тістің сыну себебі әртүрлі. Жоғары тіс саутары төменгі тісті жұлғанда сынуы мүмкін. Бұл асқыну көбінесе тіс жұлу операциясын дөрекі аяқтағанда, тісті тез қозғалтып жоғары көтергенде, жоғарғы тістер қысқышпен зақымдалуы мүмкін. Жоғарғы жақтын тістері төменгі жаққа қарағанда жиі сынады. Көбінесе алдынғы тістер, жанғы және азу тістерге қарағанда жиі? Тістің сынуы ұзына бойына, көлденен болады. Тіс ұзына бойына сынғанда сынық тіс сауыты және түбіріне вертикальды өтеді. Ал 2-де тіс сауыты немесе түбірі арқылы көлдене өтеді. Тіс сауытының сынуы тек эмальда, дентинде, тіс қуысының зақымдалуысыз және тіс ұлпасының жаланашталануымен болуы мүмкін. Тіс сауыты тіс мойын аймағында толық сынуы мүмкін. Тіс түбірінің сынуы ортасынан, төменгі бөлігінде немесе түбірдін жоғарғы бөлігінде болуы мүмкін.? Тіс түбірінің сынуы ұзыңа бойына, қолдененен, қисығынан болуы мүмкін.? Сынықтың орналасуына байланысты науқастың шағымы механикалық, термикалық қоздырғыштардан ауырсынудын болуына тамақ тістегенде немесе шайнағанда ауырсынудын үдей түсуіне болады. Объективті: жұмсақ тіндерде ісіқ жара тіндердін сыдырлуы қанның қүйылуы болуы мүмкін. Тістер толық тістеспеген. Тіс қатарында тіс сауытында әртүрлі дәрежедегі сынықтар, кейбір уақытта тіс ұлпасының ашылуы болады. Тістін сауыты немесе түбірі сынғанды тіс ұлпасына қанынң құйылуына байланысты қызғылт немесе көкшіл түсте болады. Тіс қозғалмалы. Егер сынық түбір ұшына жақын болса аз мөлшерде қозғалмалы. Сол қолдын көрсеткіш саусағын түбір манына койып, тіс сауытын алға, артқа қозғалқанда тіс түбірінің сынған бөлігін аңықтауға болады. Осы клиникалық белгі арқылы тістін түбірінің сынуын тістін жартылай орнынаң тайуынаң ажыратуға болады. Тісті ұрғанда ауырсыну болмайды. Ауыз ішілік рентгенографияда тістін түбірінің сынығы және оның орналасқан орыны қаранғы жолақ түрінде көрінеді. Емі: Егер тістін сауытығана сынса, өткір ұштары тегістеліп, тіс ақауы пломбыланады. Егер тіс ұлпасы ашылса нерв алынып тіс қуысы пломбыланады. Егер науқас жарақаттан сон 6-12 сағат ішінде стоматологқа барса биологиялық емдеу тәсілі қолданылады. Егер сауыты толық сынғанда, тіс түбіріне штиф қолдануға болады. Тіс түбірінің ұшы сынғанда, тіс ұлпасы алынып, түбір каналы пломбыланады, сынған түбір үшы резекция арқылы алынып тасталынады. Егер сынық сызығы көлденен орталық бөлігінде болса, цементо, одонтобластардын пластикалық қызметіне байланысты, екіншілік мүйіздену арқылы жазылуы мүмкін. Тіс ұлпасы электроодонтометрмен тексерілгенен кейін, шина каппамен 5 аптаға бекітіледі. Егер қан нерв байламы үзілсе тіс ұлпасы алынып, сынық ұштары штифпен бекітіледі, қосымша шина каппа киіледі. Альвеоляр өскінінің сынуы. Жекеленген альвеоляр өскінінің сынуы жарақатаушы құштін оның аз бөлігіне әсереткенде болады. Жоғарғы жақтын альвеоляр өсіндісі төменгі жақтын альвеоляр өсіндісімен салыстырғанда жиі сынады. Көбінесе алдынғы бөлігі, бұл анатомиялық өзгешелікпен түсіндіріледі. Жоғарғы жақ суйек төменгі жақ суйекті жауып тұрады, ұзын және жінішке. Жоғарғы жақтын альвеоляр өсіндісі ештенемен қорғалмаған, тек мұрының эластикалық шеміршегімен қорғалған. Жоғарғы жақтын жанғы бөлігі шықшыт доғасымен жабылған. Төменгі жақтын алдынғы бөлігі жоғарғы жақтын альвеоляр өсіндісімен, иекпен жабылған. Ауыз қуысы ішінде альвеоляр өсіндісінің сынығы әсеретуші күштін кесірінен алдынғы бөлігінде артқа қарай, жанғы бөлігінде ішке қарай ығысады. Кейбір уақытта ығысқан сынық қатты тандайда жатуы мүмкін. Сынық сызығы альвеоляр өсіндінін барлық қабаттарымен толық немесе сыртқы компактілі және кемікті зат арқылы өтіп, ішкі компактілі пластинкасы бұзылмауы мүмкін. Сынған альвеоляр өсіндісі сүйекте жартылай немесе шырышты қабық арқылы ұсталынып тұрады. Сынық сызығы доға тәріздес, тіс түбірлерінің біргелкі орналаспауына байланысты. Сынық сызығы тіс түбірлерінің жоғары орналасса, сынық ұштарының жазылуына қолайлы. Егер сынық сызығы тіс түбірлері арқылы өтетін болса, сынық ұштарының жазылуы қолайсыз. Жоғарғы жақтын жанғы бөліктерінің сынықтары гаймор қуысының ашылуына әкеледі. Науқас жоғарғы және төменгі жақ манында ауырсынудын болуына, тістер түйіскенде, ауырсынудын үдей түсүіне шағымдалады. Сыртқы қарағанда жұмсақ тіндерде жарақатты ісіқ қаның қүюылуы, жұмсақ тіндердін терісінің сыдырылуы, жара т.б. жарақат белгілері болады. Науқастын ауызы сәл ашық. Ауыз қуысын қарағанда шырышты қабықты қаның қуюылуы, жаралар болуы мүмкін. Сынық ұштары ығысқанда альвеоляр өскінінің шырышты қабығы жыртылып, сүйек жаланашталанып, сынық сызығы көрінеді. Тіс доғасының конфигурациясы бұзылған, тістердін тістесуі дұрыс емес. Егер сынық ұштары ығыспаған болса, сынық сызығын ақаран қозғалта отырып аңықтауға болады. Қозғалып тұрған суйек шегарасымен саусақты жүргізе отырып, суйек шеғарасын аңықтауға болады. Сынық ұштары аралығындағы тістерге перкуссия жасағанда ауырсыну жоқ, қозғалмалы болуы мүмкін. Ауыз ішілік рентгерографияда сынық сызығы және олардын тістерге қатынасы толық байқалады. Емі: Өткізгішті жансыздандыру арқылы сынық ұштарына репозиция жасалынып, тегіс шендеуішпен бекітіледі, егер альвеоляр өскіні сынығында және оған көршілес аймақта жеткілікті, қозғалмалы емес тістер болғанда. Ортанғы альвеоляр өскіні сынғанда шендеуіш 2-3 қозғалмалы емес тістерді қамтуы керек. Егер сынық ұштарын дұрыс қалпына келтіру мүмкін болмағанада, екі жақты, ілгішегі бар шендеуіш қолданылады. Альвеоляр өскін толық сынғанда, сынған бөлік алынып, сынықтын өткір ұштары тегістеліп шырышты қабыққа тігіс салынады, егер жараны тігу мүмкін болмаған жағдайда ядофорымды турундамен тығындалыды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.14.129.106 (0.007 с.) |