Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жергілікті тіндер пластикасы

Поиск

Жергілікті тіндер пластикасы дегеніміз -ақау аймағындағы тіндермен ақауды жабу, бүл тәсіл қалпына кетіру хирургиясының ертеден келе жатқан және нәтижелі әдістерінің бірі. Жергілікті тіндер пластикасының қолайлы жақтары: 1 .қолданылатын тін, ақау манындағы тіндермен туыс және түсі жағынан, фактрусы жағынан біргелкі. 2.тіндердін игерлуі және тонусы сақталған. З.зақымдалу терендігіне байланысты трансплантант қүрамына ет және шырышты қабық кіреді, жойылған тінді толық көлемде қалпына келтіруге болады. 4.емдеу мерзімі тез /операция бір кезенде/.

Жергілікті тіндердін пластикасының көптеген тәсілдері бар және осы тәсілдерді қолдану ол ақаудын жағдайына байланысты.

Қ.К.Шимановский бірінші рет барлық хирургиятардың әдістерін біріктіріп, барлық тәсілдерді жүйелеп, оларды қарапайым геометриялық фигуралар түрінде схема жасаған. Қ.К.Шимановский схемасы хирургтардын күрделі есептерді шешуінде үлкен көмек жасайды. Осы схемаларды оқығанда хирург-стоматологта белгілі бір ой қалыптасады. Жергілікті тіндер пластикасын жоспарлауда және оның дамуында А.А.Лимберг көп үлес қосқан. Ол тәсілдерге математикалық анализ жасап, жергілікті тіндерде болатын процестарды оқып, операцияны жоспарлауға обеъктивті ғылыми есептеу жасаған. Жергілікті пластикалық операциялардың көрсеткіші-беттегі көлемі аз ақауларды жоқ.

Жергілікті тіндер пластикасы үш түрге бөлінеді: І.тіндерді кесіп және сырғыту. 2.тіндерді тіліп және тіндерді жақындату /сабақшаны тігу немесе теріні бос отырғызу/. З.қарама-қарсы тіндерді алмастыра отырып /қиынды пластикасы арқылы және қоректенетін қиынды ырқылы/. Жергілікті тіндер пластикасында тканьда келесі өзгерістер жүреді: созылу, қысқару, алмасу. Бүл процестар кез келген пластикада бір уақытта байкалады, бірақта біруінде созылу, екіншісінде тартылу, үшіншісінде тіндердін алмасуы басым. Тіндерді қарама-қарсы алмастырудың негізгі әдісі бүрыштары біркелкі үшбүрышты қиындылар. Осы қиындыларды алмастырғанда, жарада оның шектерінің үзындығына сәйкес келеді. Үлкен үшбүрышты ақауларды жабуда қосымша кесінділер қолданылады.

Үшбүрышты қиындыларды жасау. Теріде үш кесінді жасалады біреуі ортасынаң екеуі жанынаң. Осы үш кесінділердін үзындығы бірінғаң болуы қажет. Егер осы қиындылардын үштарын қосса ромб тәріздес фигура пайда болады. Үбүрышты қиындыларды алмастырғанда болады: 1 .диагнольдарды алмастыру, 2.бүрыштардын ашылып жабылуы, З.жара үштарының алмасуы. Операция жасаған тіндердегі өзгерістер: диагональдардын алмасуы, орталық кесінді қысқа диагональға сәйкес болғандықтан, осы кесіндіге қарай тіндердін үзаруы байқалады. Тіндер бүрыштарының ашылып, жабылуы жатқан және түрған конустарыдың пайда болуымен жүреді.

Фигуралар симметриялық немесе симметриялық емес болуы мүмкін. Бүрыштары біркелкі симметриялық фигураларда ортанғы қиындының екі жағындағы бөліктеде біргелкі өсуі байқалады. Ал бүрыштары біркелкі емес /симметриялы емес/ фигураларда үлкен бүрыш басында өсу, кіші бүрышта негізінде азайуы байқалады. Үшбүрышты қиындылардын ерекшеліктері: бүл бүрыштары бірінғай фигураларды қолданғанда терідегі өзгеріс симметриялы болады. Көбінесе тіндерді өсусіз жай қозғалтқанда қолданылады. Симметриялы емес үшбүрыш көбінесе ақаудын бір жағын үзартуға немесе беттін табиғи тесіктерін орнына келтіруге қолданылады. Аралас фигураларда қолданылатын жағдайдағы көрсеткіштер: І.үлкен өсім керек болғанда, бірақ үлкен ортанғы кесінде жасау мүмкін болмағанда, 2.конус тәрпдсс шығынқы немесе керек орынды терендетуде, З.бір тінді басқа тіндермен айырбастау.

Жергілікті тіндер операциясының жетістіктері: 1 .операциянының бір уақытта жасалуы, 2.алмасатын және алмастыратын тіннің бір біріне толық сәйкес келуі, З.жақсы косметикалық нәтиже, 4.науқастын ауруханада жату мерзімінің қыскаруы, 5.алмсастырылған тіндердін өсуі, 6.реабилитация мерзімінің азайуы.

Жергілікті операциялар нәтижесі: тері беттерінің бір бағытта үзарту, конус тәріздес шығынқы немесе керек орынды терендету, бір тінді басқа тінмен айырбастау.

Жергілікті тіндер пластикасы операциясын жасау мерзімдері: бет және суйек ткандары травматикалық зақымдалуларында ерте пластика қолдануға болады. Егер хирург ерте пластика жасай алмаса, пластинкалық тігіс қолданылады. Сәулелік зақымдалулардан кейінгі ақауларды орнына келтіру 5-6 айдан кейін жасау қажет. Зақымдалулардан кейінгі беттін деформацияларында аурудын жасы, жынысы, кәсібінен басқа гистологиялық және гистохимиялық тыртықтарға зерттеулер жүргізіледі.

Жергілікті операциялардын барлық түрлерінің негізгі топтары: тыртықты кесіп шырышты қабықтағы немесе тіндегі ақауды жараның шетін жаланаштау арқылы жабу, ақауды жараның шетерін қосымша босаныстатың кесінділер жасау арқылы жабу, кемістікті немесе ақауды аяқты қиынды арқылы жабу, кемістікті немесе ақауды қиындылардын орынын алмастыру Лимберг тәсілімен жабу. Жара шеттерін жақындату арқылы жабу терінің ромб тәріздес немесе үзынша ақаларында қолданылады. Операцияны жоспарлау. Осы беттегі ақаудын себебін және оның өлшеміне, ақаудын мінездемесіне байланысты. Ақау манындағы тіндердін жағдайлары, аурудын жалпы жағдайы және басқа бөліктердегі тіндерді қолдану қарастырылады. Жергілікті тіндер пластикасында ақау манындағы тіндер мөлшері және терінің түсі, онда шаштың болуы, тері асты май қабатының болу дәрежесі бағаланады. Ақауға анализ жасау үшін ауруды жанынаң, алдынаң суретке түсіреді. Бетінен гипс немесе басқада материалдардын көмегімен көшірмесін алады. Осы кѳшірме арқылы ақаудың мөлшері аңықталады.

Пластиканың негізгі кезендері: жергілікті тіндерді қиуластыру, дененің басқа аймақтарынаң тіндерді отырғызуға дайындау және жартылай немесе толық органды қалыптастыру, ақауды орнына келтіргенде тіндердін тартылуын және тыртықтануын еске сақтау қажет.Жергілікті тіндер пластикасының кемшіліктері: І.үзақ уақыт болатын және бүрыштары бар кесімділермен жабылатын ақаулар жоғарғы дәлділікті талап етеді, 2.үлкен ақауларды жабу мүмкін емес, З.пластикалық материалдын аз болуы, 4.операциялық аланда болатын операциядан кейінгі деформациялар.

Жергілікті тіндер пластикасы тіл үзбесінің қыскалығында қолданылады.

Қалпына келтіру операциясының кері көрсеткіштері.

1. Жергілікті кері көрсеткіштер.

A) ақаудын немесе кемістіктердін көлемінің аз мөлшерде болуы.
Б) бет терісінің ірінді қабыну аурулары.

B) ауыз қуысыныда стоматиттін, гингивиттін болуы.

Г) регионарлы лимфа туйіндерінде қабыну процестерінің болуы. Д) гаймор немесе мүрын қуыстарында қабыну ошағының болуы.

2. Жалпы кері көрсеткіштер.

A) инфекциялық қабыну аурулар.

Б) асқазан - ішек ауруларының ауыр түрлері.

B) дене терісінің ірінді қабыну аурулары.

Г) үзақ уақыт дене қызуынының себепсіз көтерілуі.

Қалпына келтіру операциясын жасау мерзімі ақаулардың этиологиясына байланысты. Егер тыртық инфекциялық ақаулардаң кейін болса, онда операцияны 5-8 айдан кейін жасайды. Хирург науқастын операцияға көрсеткінін аңықтағанда кері көрсеткіштері де і шығармауы тиіс. Кез келген беттін акаулары және деформациялары нерв жүйесінің зақымдадалуына әкеліп соғады. Науқастар өздерінің акауларына немесе кемістіктеріне әртүрлі қарайды. Осыған байланысты акауларды 5 топқа бөліп қарастырады.

1. Эстетикалық сезімі төмен, сыртқы пішініне назар аудармайтын.

2. Эстетикалық сезімталдығы қалыпты. Бүл топтағы науқастар өзінің
акауларын дүрыс бағалайды.

Операция нәтижелі болмаса, үайымдамай, келесі операцияға келіседі.

3. Эстетикалық. Сезімталдығы үнемі өзгеріп отыратын науқастар.

4. Эстетикалық сезімталдығы жоғары.

5. иектін немесе пішіні дүрыс мүрынды өзгертуді талап ететін
науқастар.

Қалпына келтіру операциясының негізгі қағидалары.

1. Биологиялық жағынаң отырғызылатын тіндер үқсас болуы қажет.

2. Отырғызылатын тіндер немесе орган пішіні, тығыздығы, мөлшері,
қызметі жағынан үқсас болуы қажет.

3. Отырғызылатын тін косметикалық талаптарға сәйкес болуы қажет.

4. Қалпына келтіру операциясынаң кейінгі орнына келтірген
анатомиялық, функционалдық жағынаң нәтижелі болуы қажет.

Ауыз қуысы және бет-жақ аймағында қалпына келтіру операциясына тән қағидалар.

1. Операциянынң мақсаты - шайнау, сөйлеу, тыныс алу қызметтерін
орнына келтіру кажет.

2. Операция бет қанкасының өсуіне кедергі жасамауы және екіншілік
тыртыққа әкелмеуі қажет.

3. Операциядан кейін ауыз қуысында шашты түк өспеуі қажетү.

4. Теріі астында эпидермиальды қуыстар өспеуі қажет.

Жергілікті жасалатын пластикалық операцияларды үш турге бөлуге болады:

1) тыртықты кесіп алып, тіндерді бір-біріне жақындату; 2) тіндерді тіліп арасын ашу (сабақшаны тігу немесе теріні еркін көшіру); 3) тіндерді қарсы алмастыру (әртүрлі пішіндегі қиықтармен жасалатын пластика).

Қарсы орын ауыстыру тең қабырғалы үшбүрышты қиықтарды жылжытып пластика жасауға негізделген. Орын ауыстырған кезде жара шеттерінің үзындығы дәл келу керек. Егер қиықтардың пішіні әртүрлі болса орын ауыстыру кезінде жара түгел жабылмай қалады. Жергілікті пластика жасағанда сол жердегі тін созылады, қысқарады және орын ауыстырады. Мүндай нәрсе пластиканың кез келген түрінде болады. Тіндердің қысқарып, созылуы көп емес және ол эластикалық талшықтардың болуына байланысты. Сондықтан операциядан бүрын ақаудың айналасындағы тіндердің артықтығы мен оның созылмалылығы ескерілуі керек. Лимберг пластикалық операцияларды ойша қысқармайтын және созыл-майтын екі беттің орын ауыстыруы — деп қарау керек деген қағиданы айтып, оны математикалық турғыдан дәлелдеп берді. Үшбүрыш қарсы қиықтармен пластика жасау үшін үш тілік жасау керек: Бір ортаңғы және бүрыш тәрізді жанама екі тілік. Тіндердің физиологиялық тартылуы дүрыс болу үшін үш тіліктің де үзын-дықтары бірдей болуы керек. Үшбүрыш қиықтарды орын ауыстырған кезде: 1) диагональдары орын ауыстырады; 2) бүрыш-тары ашылып — жабылады; 3) жараның шеттері орын ауыстырады.

Операция жасалған тіндерде келесі өзгерістер болады: 1) Диагональдары ауысатын болғандықтан (қысқа диагональдың орны-на үзын диагональ келеді) үзарту үшін үзын диагональды неғүрлым қысқаратын бағытта тілу керек. Сол кезде үзын диагональдың орын ауыстырып қысқаруынан қиықтың да көлемі кішірейеді. 2) Бүрыштары ашылып жабылғандықтан «жатқан» және «түрған» нустар пайда болады. Бүрьпптың көлемі үлкен болса қүрылысының конус тәрізділігі айқындала туседі ("түрған" және „жатқан" кону-стар). Диагональдардың өзара айырңашылығы көп болса, тіндердің өсуі соғүрлым көп болады.

Фигуралар симметриялы және асимметриялы деп бөлінеді.Егер фигураның бүрыштары бірдей болса (симметриялы фигуралар) ортаңғы сызықтың екі шетіне қарай тін біркелқі үзарады.Бүрыштар бірдей болмаса (асимметриялы фигуралар) тін үлкен
бүрыштың үшына қарай көп үзарып, кіші бүрыштың негізіне қарай
ені кішірейеді.

 

4.Көрнекті материалдар: презентация

5.Әдебиеттер:         

1.Ж.Б.Оразалин., Қ.Т. Төлеуов. Хирургиялық стоматология. Алматы. 2000.

2.Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии. Витебск, 2000.

3.А.А.Тимофееев. Руководство по челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии. Киев-2002.

Қосымша әдебиеттер:

1.Дунаевский Н.Н. и соавт. Хирургическая стоматология. – М., Медицина, 1979-472 с.

2.Евдокимов А.И. Руководство по хирургической стоматологии. – М., 1972.

3.Муковозов И.Н. Дифференциальная диагностика хирургических заболеваний челюстно-лицевой области. Л., 1982.

4.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Атлас рентгенограмм. –М., - 2002. -302с.

5.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Рентгендиагностика в стоматологии. – М. 1999. 452 с.

6.Робустова Т.Г. и др. Хирургическая стоматология. – М. 2202.

7.Соловьев М.М. Пропедевтика хирургической стоматологии. – М., Мед-Пресс. 2007

 

6.Бақылау сұрақтары:

1.Аутопластика дегеніміз не?

2.Жергілікті тіндік пластиканың қаңдай артықшылығын білесіз?

3.Тілүзбесін ұзарту мақсатында қолданылатын пластика түрі?

4.Органды қалпына келтіріп немесе пішінің түзететін операция мерзімі?

5.Теріні еркін көшіруге көрсеткіш?

6.Қалпына келтіру оеперациясына кері көрсеткіштер?

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.55.210 (0.011 с.)