Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тіс жұлынған соң кездесетін асқынуларСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қан кетуі. Тіс жұлынуы басқа операциялар сияқты қан кетумен өтеді. Қан 4-5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды. Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, мұндайда біріншілік қан кету немесе операциядан бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады. Қан кету мерізімі, оның сипаты жергілікті және жалпы себептерге байланысты. Жергілікті себептердің бірі шырышты қабаттың жырылуы болып есептеледі, мұнда ірі артерия, вена, қан тамырлары жарақаттануы мүмкін. Сүйек тінінің зақымдануы көп мөлшерде қан кетуіне алып келеді, себебі сүйек қан тамырлары үңіреп тұрады. Жедел ағымды қабыну процесінде тіс ұясынан қан кетуі, қан тамырларының анестезияда ерітіндіге адреналин қосылса, қан тамырлары тарылып операция кезінде оның тайылуына ықпал жасайды, ал 1-2 сағаттан соң тамырлар кеңейіп ұйыған қанды ығыстырып шығарады. Осындай жағдайда қан кетуі мүмкін. Альвеолит себептері: тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсүі, тіс жұлудан кейінгі түбір ұшы маңындағы қабыну процестерінің өршуі, операция кезінде ұяшықтың жарақаттануы. Ауру тісті жұлғаннан соң 3-4 күннен кейін басталады. Үнемі тоқтамай сыздап, науқас жатқан кезде, температура көтеріліп, механикалық тітіркендігіштерден үдейтін ауыру сезімі осы ауруға тән белгі. Ауыру сезімі аналгетиктерді ішіп, ыстық басқанға да тоқтамайды. Аздап дене қызуы көтеріліп, ұрт тіндерінің ісігені байқалады. Тексеру барысында ұяшық бос немесе иісі нашар шіріген сұр түсті ұйыған қан, кейде тамақ бос немесе анықталады. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген, басып тексергенде ауыру сезімі жоғары. Емі: жергілікті жансыздландыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, риванолдың, фурацилиннің, асқын сутегінің, калий перманганатының жылы ерітінділерімен жуылады. Содан кейін ұяшықта жаңадан қан дайындалған пастамен толтырып, ½ сағатқа дәке тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі жоғары болса осы аталған пастаға анестезин қосуға болады. Ұяшыққа камфорфенолға малынған тампон қоюға болады және жергілікті жансыздандыру тәсілімен новокаин-пенициллин блокадасын жасауға болады. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұяшыққа йодомормға және протеолитикалық ферменттерге малынған тампондарды қоюға болады. Үйде аналгетиктерді ішу мен аыуз қуысына жылы ас содасымен жасалған ванночкалар тағайындалады. Физиоемдер: УЖЖ, Бернар тогы, соллюкс пайдаланылады. Ауыру сезімі 1-3 күннің аралығында басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқас альвеолит кезінде 2-3 күнге еңбектен босатылады. Ұяшық остеомиелиті. Альвеолитке қарағанда кешірек дамиды. Ағымы созылмалы. Ұяшықтан ірің шығып, грануляцияның өсуімен ерекшеленеді. Тексеру барысында ұяшық бос немесе онда аздаған грануляцияның, іріңнің барлығы анықталады. Жараның жазылу нышаны байқалмайды, 12-15 күннен кейінгі рентген суретінде ұяшықтың сүйек тіні бұзылғаны, кейінірек майда секвестрлердің барлығы анықталады. Емі: Кешенді десенсибилизациялық қабынуға қарсы емдеу шаралары мен секвестр болса ұяшыққа кюретаж жасау. Ұяшықтың невриті тісті жұлғаннан соң шеттерінде өткір қырлардың қалуынан пайда болады. 3-4 күннен кейін ұяшықта невралгиялық ауыру тітіркендіру кезінде үдей түседі. Ауыру сезімі шырышты қабық сүйектің өткір қырын жауып тұрғандықтан пайда болады. Ұйыған қан сақталады. Ұяшық жазылғаннан кейін шетіндегі өткір қыр шырышты қабықты тесіп шығуы мүмкін, бірақ айналасындағы шырышты қабықта қабыну процесі байқалмайды. Кей кездері ұяшықтың өткір қыры 1-2 айдан соң сорылып кетеді. Ұяшық невриті. Өте ұзақ әрі қиын емделетін, өзінен-өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұстамалы ауыру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған. Аурудың себептері. Нерв талшықтарының тіс жұлу кезінде қысылып қалуы, езілуі, ұяшыққа түскен сүйек сынығының нервті тітіркендіруі және т.б. Науқастың ауруына бұдан басқа себептер де болуы мүмкін. Мысалы: ұяшықтың өткір қырларының және түбіраралық сүйек пердесінің қалып қоюы. Бұл жағдайда ауыру сезімі осы өткір сүйек қырларының үстіндегі шырышты қабықтың тітіркенуінен пайда болады. Кейде жара толық жазылған кезде олар сүйекті тесіп шығады. Өткір қырды саусақпен сипап анықтау қиын емес. Шырышты қабықтың сүйекке тиген жерінін ауыру сезімі жоғары, қабыну процесінің белгілері байқалмайды. Ауыру сезімі біртіндеп азайып, кейін 1-3 айдан соң ұяшық толық сүйекпен өткір қыр мұқалып сорылып кеткен соң мүлдем кетеді. Осыған байланысты науқасты ертерек қатарға қосу мақсатымен альвеолоэктомия операциясы жасалады. Трапеция тәрізді тіліктер жасап, шырышты қабықты жалаңаштайды. Сүйектің өткір қырларын түбірлік қысқыштармен алады немесе фрезбен, бұрғымен тегістейді. Тілікті қайта орнына тігеді. Егер өткір қырлар болмай, тіс түгел жұлынып, қабыну дерті болмаса да ауыоу сезім пайда болса физиоем мен ауыз ішіне жылы ванноскалар тағайындайды. Кейде ауыру сезімі көрші тістер әсерінен болатынын есте сақтау керек. Бет нервінің парезі. Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғаннан кейін нервтің операциялық жарақатқа рефлекторлы тітіркеніп жауап беруіне байланысты бірден немесе бірнеше сағаттан соң дамуы мүмкін. Бірнеше күннен бірнеше апта аралығында із-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиомдер тағайындалады. Төменгі ерін мен иек аймағында парез төменгі тістерді жұлғаннан кейін пайда болады. Бұл асқыну төменгі альвеолды нервінің тіс жұлу, ұяшықты кюретаж жасау, жансыздандыру кезінде жарақаттануынан пайда болады. Төменгі альвеолды нерві иннервациялайтын аймақтарда сезімталдықтың төмендеуі, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Ол 1-3 айдың көлемінде қалыпқа келеді. Қабыну процестері – абсцесс, флегмона, остеомиелит түбір ұшы маңындағы созылмалы процестердің қабынуы салдарынан дамиды. Абсцесс пен флегмона тісті дөрекі жұлып, асептика және антисептика талаптардын дұрыс сақтамаған кезде де дамуы мүмкін. Емдеу жолдары оқулықтың арнайы тарауында айтылған. Көрші тістердің жарақатты периодонтиті, тісті элеватормен дөрекі жұлу себебінен болады. Алдын алу. Элеватормен жұмыс істеу техникасын жетік меңгеру. Соңында айта кететін нәрсе, тіс жұлу операциясы жақсы жетілген операция. Бірақ, кей жағдайда оның орындау техникасы тәжірибелі хирургтің өзіне де қияынға соғады. Бұл жағдайлар анатомиялық ерекшеліктерге, қарысу мен қабыну процесінің болуымен түсіндіріледі. Тіс жұлу операциясы кезінде және одан кейін әртүрлі өмірге қауіпті асқынулар кездесуі мүмкін. Содықтан амбулаторияда хирургиялық операциялар тәжірибелі хирургқа беріледі. 4.Көрнекті құралдар:слайдтар,фотографиялар
|
||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.131.24 (0.01 с.) |