Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Одонтогенді қабыну ауруларының клиникасы және диагностикасы

Поиск

5.Ұсынылатын әдебиеттер.

Негізгі әдібиеттер:                      

1.Ж.Б.Оразалин., Қ.Т. Төлеуов. Хирургиялық стоматология. Алматы. 2000.

2.Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии. Витебск, 2000.

3.А.А.Тимофееев. Руководство по челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии. Киев-2002.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Дунаевский Н.Н. и соавт. Хирургическая стоматология. – М., Медицина, 1979-472 с.

2.Евдокимов А.И. Руководство по хирургической стоматологии. – М., 1972.

3.Муковозов И.Н. Дифференциальная диагностика хирургических заболеваний челюстно-лицевой области. Л., 1982.

4.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Атлас рентгенограмм. –М., - 2002. -302с.

5.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Рентгендиагностика в стоматологии. – М. 1999. 452 с.

6.Робустова Т.Г. и др. Хирургическая стоматология. – М. 2202.

7.Соловьев М.М. Пропедевтика хирургической стоматологии. – М., Мед-Пресс. 2007.

8.Робустова Т.Г. Организация хирургической стоматологической помощи населению //Хирургическая стоматология, - М., 1996. – 12с.

 

6.Бақылау сұрақтары:

1.Тіс жұлу операциясына жедел көрсеткіштер?

2.Тісжұлуға уақытша кері жергілікті көрсеткіштер?

3.Тіс жұлу операциясының бірінші кезеңі?

4.Тіс жұлу операциясының екінші кезеңі?

5.Жұлынған тісті ұясыныан шығару тіс жұлу операциясының қай кезеңі?

6.Жоғарғы жақтың ит тістерін жұлатын қысқыш аталады?

7.Төменгі оң жақтағы тістерді жұлғанда дәрігердің қалпы

8.Тіс жұлу операциясы кезінде қысқышты дұрыс салмағанда дамитын асқыну?

9.Жоғарғы азу тісті жұлғанда гаймор қуысының тесілуінің обьективті белгіс?

10.Жұлынған тіс ұяшығының қабынуы аталады?

11оғарғы жақтың қай тістерін жұлғанада S-тәріздес сауытты қысқыш қолданылады?

2. S-тәріздес бұдыры сол жағындағы қысқышпен қай тістерді жұласыз?

3.Жоғарғы қай тіс топтарын жұлуда ротация қолданылады?

4.Төменгі жақтың күрек тістен екінші кіші зау тістер қай қысқышпен жұлынады?

5.Жоғарғы қай тісті жұлғанда бірінші қозғалыс таңдай жаққа жасалады?

6.Төменгі қай тістерді жұлғанда бірінші қозғалыс таңдай жаққа жасалады?

7.Төменгі тіс түбірлерін жұлуға арналған қысқыш?

8.Жоғарғы тіс түбірлерін жұлуға арналған қысқыш?

9.Жоғарғы ақыл тісті жұлуға арналған қысқыш?

10.Төменгі ақыл тісті жұлуға арналған құрал?

 


ДӘРІС № 5

1.Тақырып: Жақ-бет аймағының жедел одонтогеннді қабыну аурулары.Топтамасы

2.Мақсаты:

1.Жақ бет аймағының қабыну ауруларының этиологиясын, патогенезін,топтамасын білу

2.Жаққа және жұмсақ тіндерге инфекцияның таралу жолдарын және ошағын

  

3.Дәріс тезисі:

Одонтогенді қабыну аурулары жинағы ұғым. Одонтогенді қабыну ауруларына клиникалық жағынан бір бірінен өзгешелеу аурулар /периодонтит, периостит, остеомиелит, абцесс, флегмоналар, лимфаденит, одонтогенді гайморит/ жатады, бірақ одонтогенді инфекцияның әр түрлі көрінісі деп қаралады. Жақ бет аймағының одонтогенді қабыну аурулары инфекциялық қабыну процесс, бет терісінде, ауыз қуысы шырышты қабығында кздесетін микробтармен шақырылады. Тері немесе ауыз қуысы шырышты қабығының, шеткі перидонт, тістің қатты тінінің бұзылуларынан, микробтар төменде орналақан тіндерге түседі. Олардың ары қарай тағдыры әртүрлі. Кейбір уақыттарда енген жердегі қорғаныш факторлардың әсерінен жойылады. Кейбір уақыттарда лимфа жолымен, лимфа түйіндеріне түсіп,жойылады. Егер лимфа түйіні микробты жоя алмаса, микробқан тамырына түсіп, кез келген органға баруы мүмкін.

Бірақ көбінесе басқаша жол болуы мүкін. Тінге түскен микробтар жаңа өмір сүру әдісіне бейімделіп, көбейе бастайды. Олардың кейбіреуі өзінен табиғатты белоктік-таңдау арқылы кейбір органдарды зақымдайтын, антигенді қасиеті бар экзотоксиндер бөліп шығарады.

Микроб клеткаларының өліміне,ыдырауынан токсикалық заттар-эндотоксиндер бөлінеді. Тін құрылымын бұзып, токсиндер қабыну процессінің дамуына әкеледі. Аурудың біірінші белгілері пайда болғанда, жергілікті инфекциялық процестің дамуы туралы айтуға болады. Оның дамуы микроорганиздердің патогенді қасиетіне,олардың санына, вирулентігіне, макроорганизмнің иммунологиялық реактивтілігі не /инфекциялық агентке қарсы жауап беруіне/ байланысты. Инфекция шығу көзіне байланысты қабыну аурулары бөлінеді :стоматогенді, тонзиллогенді, риногенді, дерматогенді.

Этиология. Одонтогенді қабыну ауруларының қоздырғыштары-ауыз қуысыныңүнемі микрофлорасы.: стафилококктар, стрептококктар, энтерококтар, диплококктар, грам теріс; грам оң таяқшалар. Осымен бірге одонтогенді ошақтардансанырауқұлақтар, микоплазмалар, трихоманадтар, спирохетталар табылған. Көптеген авторлардың ойыншаодонтогенді ошақтағы инфекция-стафилококктың моно культурасы /Staph.alvbus, St. aurus, St. epidermidis/  

 Кейбір кездерде стафилококктың, стрептококкпен, грам теріс, грам оң таяқшаларымен ассоциацияда кездесуі мүмкін. Одонтогенді шектелген ірің ді қабыну ауруларында /периодонтит,периостит/ қабыну ошағынан стафилококктың патогенді емес штамтары, остеомиелиттерде патогенді штамтары кездескен. Микрофлораның културалы қасиеті және инфекциялық процесс аралығындағы байланысты, іріңді шіріген флегмоналардан байқауға болады, көбінесе қабыну ошағынан анаэробты микрофлора шығады.

Аллергия механизмі. Жиырмасыншы ғасырдың басында М.Артюс және Г.П.Сахаров қояндарға жылқы сарысуын бірнеше рет тері астына жіберіп шешуші дозасын тері ішіне жіберіп,альтерация басым қабыну процессін алған.

Тәжирбе басында жануарға бірнеше рет сарысуды жібергеннен кейін дамыған феномен бөгде белоктың қайталанып түсуіне қоян органпзмінің өз терістердің болуы. Кейінірек осы феномен ұзын құбырлы сүйектерде экспериментті жолмен остеомиелитті С.М. Дерижанов; Төменгі жақ остеомиелиттін Я.М.Снежко алуда қолданған.Артюс –Сахаров феномені иммунопатологиялық процестердің 3-ші тіріне жатады. Оның мазмұны: организмде түскен сарысу антигенлі қасиетті болғандықтан, осыған қарсы анти дене түзіледі организмнің сезімталдылығы артады.                                  

Осыдан кейін түскен антиген, қан тамырына қарай өтіп, антиген-антитела комплексі пайда болады. Бұл комплекс қан тамырларының эндотелияларында бекіледі,оларды клетка көздегішке айналдырады. Нейтрофильды лейкоциттариммунді комплексті фагоцитоз жасағанда, клеткалық мембрананы зақымдайды, лизосомальды энзимдардың қабыну ферментерінің шығуына әкеледі. Бұл 3-ші тромбоцитарлы фактордың активациясына,тамыр ішілік қанның ұюына әкеліп, осының әсерінен микроциркуляция бұзылып,тін некрозы дамуы мүмкін. С.М.Дерижанов және басқада ғалымдардың ойы бойынша одонтогенді инфекцияда антиген ролін микробтардың тіршілігінен микробтардың өлуінен пайда болған заттар атқарады. Одонтогенді қабыну ауруларының патогенді емес микрофлорада дамуын осы патогенетикалық терия негізінде түсіндіруге болады.

Микрорганиздердің тістің қатты зақымдалған тінінен, ауыз шырышты қабығының бұзылыстарынан немесе жұлынған тіс ұяшығынан пародонтқа таралуы міндетті түрде инфекциялық процесстердің дамуына әкелмейді. Пародонқа түскен микро организдерге, спецификалық емес қорғаныш факторлары әсеретеді: лизоцим, коплемент, лимфокиндар, гидролитикалық ферменттер, фагоцитоз, тіннің бактериоцидты субстанциясы.

Спецификалық емес факторлар қорғаныш қызметтінің бірінші эшолоны болып

табылады, олардан кейін спецификалық       қорғаныш факторлар процеске кіріседі.

         Спецификалық емес факторлар қорғаныш факторлары:

Тері және шырышты қабық қоздырғыштарға механикалық барьерғана емес, оларға қарсы активті механиздері бар, терінің бұл қасиеті ондағы қалыпты микрофлорамен байланысты. Фагоцитоз-клеткалардың бөтен белоктык заттарды ұстап алып, қортуы. Фагоцитозды екі клеткалар популяциясы-қан айналымында жүретін гранулоциттар және тіндік макрофагтар атқарады. Макрофагтар иммундық жауапқа керек Т және В лимфоциттардың кооперациясына қатысады.

Лейкоцитардың фагоцитарлық белсенділігі патологиялық процестерді бақылаудың ғана белгісі емес,иммундық жүйенінің жетілуінің белгісі .

Комплементсары су белоктарының күрделі жиынтығы, фракциядан тұрады. Биологиялық активті заттардың түзілуінен, антиген-антитела комплекінің пайда болуынан белсенденеді. Осы заттардың әерінен лейкоцитардың миграциялық және фагоцитарлы қасиеті жоғарлайды.

Одонтогенді қабыну ауруларының топтамасы.

1. Жұмсақ тіндердің қабынуымен жүретін аурулар:

       А./Периостит;

       Ә./Абцесс,флегмона.

2. Жақ сүйек тіндерінің қабынумен жүретін аурулар:

      А./Периодонтит

      Ә./Остеомиелит

3.Лимфа түйіндерінің қабынуымен жүретін:

       А/Одонтогенді лимфаденит

       Ә/ Одонтогенді аденофлегмона.

4 Одонтогенді қабыну ауруларының асқынулары:

        А./Ми ішілік асқынулар.

        Ә./Синустромбоз.

        Б./ Сепсис.

Одонтогенді қабыну ауруларының клиникасы қабынудың барлық жергілікті белгілерінен/tumor-ісіқ dolor-ауырсыну, rubor-қызару, сolor- жергілікті қызуының көтерілуі, functio lesae-қызметтің бұзылуы симтомдарынан/ және организмнің жалпы реакциясынан тұрады.

Гемостаздың бұзылуынан дамитын организмдегі жалпы өзгерісі ауру қоздырғышының культуралық қасиетіне, оның санына, осымен қатар организмнің реактивтілігіне байланысты-оның қоздырғыштарға жауап беру қасиетіне.

Одонтогенді қабыну ауруларының жергілікті көріністері де организмға байланысты,бірінші орналасу орнына және инфекциялық қабыну процессінің жайылымына байланысты. Сондықтан одонтогенді қабыну ауруларының жекеленген топтарының ажырату диагностикасында, бірінші қабыну ошағының орналасқан орны, жаққа, жақ манындағы тіндерге, мойын тіндеріне жайылуын аңықтау негізінде жүргізіледі.

4.Көрнекті құралдар:слайдтар,фотографиялар



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.125.42 (0.012 с.)