Содержание книги

  1. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру.
  2. Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі.
  3. Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер.
  4. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
  5. Көрнекті құралдар: слайдтар, фотографиялар
  6. Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр /төменгі жақ/ анестезиясы.
  7. Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар
  8. Көрнекті құралдар:слайдтар,фотографиялар
  9. Тіс жұлу операциясының ерекшеліктері және талаптары
  10. Тіс жұлу операциясының көрсеткіштері
  11. Абсолютты кері көрсеткіштер
  12. Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
  13. Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
  14. Одонтогенді қабыну ауруларының клиникасы және диагностикасы
  15. Төменгі ақыл тістің қиналып жаруы
  16. Көрнекті құралдар:слайдтар,фотографиялар
  17. Көрнекті құралдар:презентация
  18. Дәріс тезисы: Пародонт дерттерінің топтамасы.
  19. Пародонт тіндерінің лизисімен жүретін идиопатиялық аурулар.
  20. Коллагенопластика - пародонтиттердін женіл орташа ауыр дәрежелерінде
  21. Пародонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу
  22. Дәрістің тезисы: Бет жарақаттарының және зақымдалулыраның топтамасы
  23. Төменгі жақ самай буынының орнынаң таюы.
  24. Көрнекті құралдар:презентация
  25. Көрнекті материал:презентация
  26. I. Диагностикалық қателіктер
  27. II. Емдеу кезінде жіберілген қателіктер
  28. Көрнекті құралдар:презентация
  29. Жергілікті тіндер пластикасы
  30. Көрнекті материалдар:презентация
  31. Көрнекті материалдар:презентация


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пародонт тіндерінің лизисімен жүретін идиопатиялық аурулар.



       Пародонтомалар – пародонтын ісіктері және ісік тәріздес құрылымдары. Гингивит –

пародонтын жиі кездесетін дертті, көбінесе балаларда, жас өспірімде, жасы 30 аспаған

кісілерде кездеседі. Жалпы факторлары: реактивтіліктін өзгеруі, эндокринді, жүрек қан

тамыры, қан жүйелерінің қыметерінін бұзылуынаң, асқазан, шек жолдарының және басқада

тіндердін бұзылуынаң, гиповитаминоздар, аллергиялық, инфекциялық аурулар, жүкті

әйелдердін токсикоздары және т.б.

Жергілікті факторлар: ауыз қуысы тазалығын дұрыс сақтамау және ондағы микрорганизімдардын көбейуі, тіс тасының пайда болуы, тіс жақ жүйесінің аномалиясы және деформациясы, механикалық зақымдалу, химиялық, сәулелік зақымдалулар және т.б. басқалар.

       Катаральды гингивит – гингивитін жайылған түрі. Жедел түрінде науқастын шағымы тісінің қызыл иегінің тазалағанда және тамақ жегенде қанауына және ауруына. Қызыл иектін беті тегіс, жылтыр, ісінкі, айқын қызарған, тигенде женіл қанайды. Созылмалы түрінде ауырсыну жоқ, мезгіл мезгіл тісін тазалағанда қанайды, ауызынан жағымсыз иіс болады. Қызыл иек көгерінкі кейбір уақыттарда білік тәріздес ұлғайған.

Созылмалы катаральды гингивитін өршуі – ауырсыну тіс тазалағанда және қатты тамақ жегенде байқалады, қанның ағыуы күшейіп және аузынан шағымсыз дәм сезіледі. Қызыл иек шеті ісінкі, қызарған. Гипертрофиялық гингивит. Ісінкі түрі – қызыл иек емзіктері 1/3 немесе 1/2 ұлғайған, дөнгелек пішінді, көгерінкі беті тегіс, тигенде қанайды. Фиброзды түрі – қызыл иек емзікшелерінің гиперплазиясы және қатайуы, түсі өзгермеген, қанамайды, беті тегіс емес, бұдырлы. Гипертрофиялық гингивитін үш дәрежесі болады: 1 дәрежесі – қызыл иек емзікшелері тістердін сауытының 1/3 биіктігін жапқан. 2 дәрежесі – тіс сауытын жартылай жапқан, 3 дәрежесі – тіс саутының жартысынаң көбін жапқан немесе тістердін шайнау және тістеу беттерін толық жапқан.

       Жаралық гингивит. Жаралық некрозды Венсан гингивиті. Этиологиясы. Фузифорымды бактериалармен және спирохитармен, қарапайымдылармен, қарапайымдалармен бірге стрепто және стафилоккоктармен шақырылады. Әкелдіретін факторлар – организімнің реактивтілігінін өзгеруі және маргинальды пародонт тіндерінің аутоинфекцияға резистентілігінің төмендеуі /жалпы инфекциялық аурулардан кейін, грипп, ангина/, суық тиу, витаминдердін жетіспеушілігі жағдайындағы нерв жүйесінің өзгерісі.

       Диагностикалық белгілері – қызыл иектін ауруы, тамақ ішкенде үдей түсуі, ауыздан жағымсыз иістін болуы, жалпы әлсіздік және басының ауруы, кейбір уақыттарда дене қызуының көтерілуі. Қарағанда жайылған немесе шектелген қызыл иек шетінің жарасы, қызыл иек шырышты қабық шетінің ісінуі және қызаруы байқалынады. Қызыл иектін некрозданған бөлігі сүр түсті, некроз онай алынады. Негізгі белгісі – тіс аралық емзікшелерінің басының жаралардын болуы, осының әсерінен қарағанда басы кесілген тәріздес. Тістерде көптеген жұмсақ қалдықтар байқалады.

Пародонтит – қабынуыдын болуымен мінезделеді, қабыну қызыл иекті ғана емес, пародонтын басқа бөліктерін қамтиды. Жедел пародонтит өте аз кездеседі және көбінесе шектелген. Инфекцияның әсерінен, механикалық жарақаттардын әсерінен дамиды. Созылмалы женіл пародонтит – мезгіл мезгіл қанау, қызыл иектін көгерінкі болуы, бетінің және консистенциясының өзгеруі. Женіл пародонтитін өршуі гингивитін өршуімен мінезделеді, тіс қалталарында эксудат және зақымдалу ошағындағы тістердін патологиялық қозғалысы пайда болады. Созылмалы орташа ауырлықтағы пародонтит. Мезгіл мезгіл қанаумен, тіс аралықтарында бос қуыстардын пайда болуымен мінезделеді. Тістердін патологиялық қозғалысы және олардын ығысулары болуы мүмкін. Пародонтальды қалтаның терендігі – 5 мм дейін. Созылмалы пародонтит ауыр дәрежелі – клиникалық белгілері басым, патологиялық калтардын терендігі 5-6 мм көп, тістердін патологиялық қозғалысы 2-3 дәрежелі.

       Пародонтоз жалпы клиникалық белгілері: қызыл иек жағынан қабынудын болмауы, қызыл иек тығыз, бозғылт, тіс аралық емізікше атрофияға ұшыраған пародонт қалталарының болмауы тістердін мойындарының және түбірлерінің жаланаштауы тіс түбірлерінін көп мөлшерде жаланаштауындада, тістердін қозғалмауы болмауы әртүрлі тс топтарында клиникалық суретемінің біргелкі болуы тістердін қатты тіндерінде кариозды емес зақымдалуларының жиі кездесуі /эрозиялар, тістердін желінуі т.б./ рентген суретемесінде суйек тіндерінің деструкциясының белгілерінің болмауы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.219.239.118 (0.007 с.)