Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру.

Поиск

ДӘРІС№1

1.Тақырып: Отандық хирургиялық стоматологияның даму тарихы. Хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру.

2. Мақсаты:Клиникалық медицинаның тіс және шырышты қабық ,басқа ауыз қуысы органдарын және жақ,бетауруларының емін,диагностикасын алдын-алу шаралары – осының барлығы стоматология.Тіс емдеудің теориялық және тәжірбиелік базалары,тіс салу және жақ-бет хирургиясының дамуы –осы салалардың бірігуіне әкелді,Тіс емдеу жақ-бет хирургиясынан жара туралы ұғымды алса.жақ-бет хирургиясы операциядан кейін науқастарда шайнау қызметтін қалпына келтіруде тіс салу техникасын қолданады.

 

3.Дәрістің тезистері – Хирургиялық стоматология жалпы стоматология саласының тіс хирургиясы мен ауыз қуысы хирургиясының бірігу негізінен дамыса, ал жақ-бет хирургиясы жалпы хирургиядан бөлініп қосылды.

       Бұл медицина салаларының қосылуына бір жағынан жақ-бет аймағында орналасқан мүшелер мен тіндердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің біртұтас болуы үлкен себебін тигізсе, екінші жағынан бұл маңда кездесетін дерттердің клиника-диагностикалық әдістерінің бірлестігімен қатар емдеу тәсілдерінің ерекшеліктері дәнекер болды.

Тіс емдеу саласы ерте ғасырлардан басталып, жалпы медицина саласынан тыс дамыды. Онымен өз бетімен үйренгендер, шаштаразышылар, тіпті жендеттер де айналысқан. Тек, XVII ғасырдың бас кезінде Францияда тіс кеселдерін емдейтін дәрігерлерге арнаулы комиссиядан откеннен соң жана атақ – дантист-хирург дәрежесі беріле бастады. Бұл атақ кейін Еуропа және Америка мемлекеттеріне де таралды. Осының нәтижесінде жалпы медицинамен стоматологияның қосылуына жол ашылып, стоматологияның теориясы мен практикасы дамыды. XVI ғасырда атақты француз хирургі Амбруаз Паре алғаш рет тіс жұлу аспаптарын ойлап тауып, тіс жұлу операциясының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтады, кейбір операциялардың, соның ішінде реплантацияның жасалу жолын көрсетті.

       Атақты француз хирургі және стоматолог Пьер Фаухард дүние жүзінде алғашқы болып «Хирург-дантист немесе тіс емдеу» деген еңбегін жазды.

       1892 ж. Партч цистотомия және цистэктомия, ал 1896 жылы тіс түбірінің кесу операцияларын ұсынды. Бұл операциялар ауыз қуысы хирургиясы мен жақ-бет аймағы хирургиясының қосылуына дәнекер бола тұра, тіс хирургиясының соңғы сатысы болып есептеледі.

       Бірақ, Ресейде тіс емдеу саласы өте бауя дамыды. XIX ғасырдың екінші жартысында сол кездегі /Н.В.Склифасовский, А.А.Лимберг, Н.Н.Знаменский/ медицина қайраткерлерінің күшімен Ресейде тіс емдеу мектебі ашылды, 1883 жылы алғашқы дантистер қоғамы ұйымдастырылды.

       Бет хирургиясы медицина саласының ертеден дамыған тарауы. Бірнеше мың жылдар бұрын Индияның киелі кітабында бет аймағының қабыну процестері баяндалған. Гиппократқа жақ сүйектерінің абсцестері және сілекей тастары мәлім болған. Ол сүйек сынықтарын екі белдік арқылы бекіту тәсілін ұсынған. 1807 жылы профессор Буш өзінің хирургиялық нұсқауында тістердің қиын шығуының асқынуы, паротиттер мен эпулис дерттерінің клиникасы мен емдеу тәсілдерін жазған.

       1829 ж. Заболоцкий-Десятковский жақ сүйектерінің остеомиелиттері мен ісіктердің, жоғарғы еріннің екі жақты жарықтарының емдеу тәсілдерінің негізін жасады.

       1820 жылы Москвалық профессор А.И.Поль жақ сүйегіне резекция жасады. Осы жылдары И.В.Буяльский жоғарғы жақ сүйегіне резекция жасады. Н.И.Пирогов уранопластика жөнінде лекиялар оқумен қатар, бас-бат топографиясы туралы еңбектер жазды. Ол оқтан пайда болған жараларды алғаш хирургиялық емдеу кезінде пластикалық операцияларды қолдануды ұсынды.

       1865 жылы О.К.Шимановский /Киев/ «Адам денесінің сыртқы беткейлерінде жасалатын пластикалық операциялар»  деген еңбегі осы уақытқа дейін жалпы хирургтарға негізгі нұсқау болып келе жатыр,. Жоғарғы айтылғандарға қарағанда бет хирургиясының зерттелуі және операция тәсілдерімен тек жалпы хирургтар айнылысып келген.

       Кеңес дәуіріндегі хирургиялық стоматологияның даму жолдарын Ю.И.Бернадский келесі кезеңдерге бөледі:

       I – 1918-1920 жылдар аралығы – азамат соғысы кезеңі- тіс емдеу саласын ұйымдастыру. В.И.Ленин денсаулық сақтау комиссариатын құру туралы қаулыға қол қойып, оның басшысы етіп М.А.Семашконы, ал коллегияның мүшесі етіп тіс дәрігері П.Г.Даугені сайлады. Осы кісінің есімі Кеңес стоматологиясы тарихымен тығыз байланысты.

II – 1921-1930 жж. Бұл кезеңде стоматология ғылыми қалыптасып, халыққа стоматологиялық көмек мемлекет тұрғысынан көрсетілді.

Медицина институттарында стоматологиялық факультеттер ашылды. Мәскеуде, Санкт-Петербіргте, Нижний Новгородте /Горький/, Пермде, Одесса стоматология институттарымен қатар ғылыми зерттеу институттары ашылды.

1923 жылдан бастап «Стоматология» журналы шыға бастады.

III – 1931-1940 жылдар. Стоматологияның ұйымдастыру және ғылыми жолдарының нығаю кезеңі болып есептеледі. Бұл жылдары хирургиялық сұрақтары мен өсу жолдары белгіленді.

Бұл қезенде А.И.Евдокимов, А.Э.Рауэр, А.А.Лимберг, Н.М.Михельсон, Г.А.Васильев т.б. ғалымдардың еңбектері жоғары баға алды.

IV – Ұлы Отан соғысы кезеңі ауыр жағдайда болғанымен стоматология саласы табыспен аяқтады. Егер, Орыс-түрік соғысында жарақаттардың тек 9,7% қатарға қосылса, бірінші дүниежүзілік соғыста 21%, Ұлы Отан соғысында Д.А.үЭнтин, А.Э.Рауэр, Г.А.Васильев, Ф.М.Хитровт.б. үлкен ғалымдар өз үлестерін қосты. Әсіресе Д.А.Энтиннің «Военно-полевая челюстно-лицевая хирургиясы» және А.Э.Рауэр, Н.М.Михельсонның «Пластическая операция лица» аты еңбектері осы күнге дейін хирургтердің негізі нұсқауы ретінде пайдаланылып келеді.

V – Хирургиялық стоматологияның ғылыми даму кезеңі.

Қазақстанда медицинаның стоматология саласы жас, кейінгі жылдары ойдағыдай өркендеп келеді. 1913 жылы бүкіл елде 48 тіс дәрігері болса, 1940 жылы 248, оның 5 ғана стоматолог 1941 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында доценттік курс ашылып оны П.Т.Суслова, одан кейін проф.Чернов Е.Ф. басқарды. Осы кезде үкімет басшыларының алдына мамндар дайындау мәселесі қойылды. Ресей үкіметімен келісім бойынша 1958-1959 жылдары Пермь, Омбы, Калинин, Казан медицина институттерінің стоматологиялық факультеттеріне Қазақстаннан 80 студент жіберілді. Олардың ішінде профессорлар Ж.Б.Оразалин, К.Т.Төлеуов, доценттер М.Б.Суманов, Ғ.Т.Еслямғалиев, Р.Ш.Шаймерденова, Г.Т.Телебаева, С.Ж.Байгурина т.б. ғалымдар болды. Олар Қазақстан стоматологиясының ғылыми өсуіне, мамндар дайындау саласында елеулі жұмыстар атқарды. 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында стоматология факультеті ашылды. Осы факультет Республикада мамандар дайындау, халыққа стоматологиялық көмек өкрсету, ғылыми жұмыстар орталығы болып есептеледі.

Хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі проф. Чернов Е.Ф., одан кейін профессорлар Ж.Б.Оразалин, К.Т.Төлеуов болда. Кафедраның негізгі ғылыми бағыты – пластикалық хирургияны дамыту, жарақаттарды, одонтогенді қабыну процестерін және бет-жақ аймағындағы ісіктерді емдеу жолдарының негізін салу. 1978 жылы Қарағанды, 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институттарында стоматологиялық факультеттер ашылды.

Мамандар дайындауда дәрігерлер білімін жетілдіру институтының /Алматы/ стоматологиялық кафедралары үлкен үлес қосты.

Қазақстан Республикасындағы барлық медицина институттарында доценттік курстар ашылды.

Республиканың барлық областық емханаларында жақ-бет хирургиялық бөлімшелер жұмыс істейді. Қазақстанда хирургиялық стоматология мен жақ-бет хирургиясының ғылыми сала болып өсуіне Ресей ғалымдары Н.М. Михельсон, А.М.Евдокимов, А.И.Рыбаков, В.С.Дмитриева, В.В.Паникоровский, А.С.Григорян, В.В.Безруков үлкен үлестерін қосты.

Республикада стоматология саласынан бірінші съезд 1969 жылы, екінші – 1979 ж, үшінші – 1980 жылдары өтті. Съездер жұмысына біздің елдің ғалымдарынан басқа бүкіл одақ ғалымдары да белсене қатысты.

Науқастың психикасын қорғау емхананың барлық сатысында да жүргізілуі тиіс. Бұл дәрігердің науқастың сеніміне ие болуы деген сөз. Дәрігердің науқасқа селқос қарауы, асығыстығы, тітіркенгіштігі, науқасты тексеріп жатып бөтен затқа аландауы, ұмытшақтығы, орынсыз және абайсыз жасалған ескертулері, ойланбай айтылған қорытындылары, оның науқаспен арасындағы қарым-қатынасын бұзады. Яғни дәрігер жағынан ешқандай айқай, науқастармен, қызметкерлермен ұрысу деген мүлде болмау керек.

Емхананың емдеу кабинеттерінің санитарлық тазалығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Науқастар кезек күтетін бөлмеде дұрыс жағдай жасалып, тыныштық бұзу, қатты сөйлеу, әртүрлі дыбысты тітіркеніштер болмауын қарағылау қажет. Әсіресе жұбату сөздің тіс жұлу, ірінді қабынған жерлерді кесіп-тілу алдында маңызы зор. Науқас, дәрігерге өзіне қарағанда өз ісін жақсы білетіндігіне сенуі керек.

Дәрігерге тәжірибе мен білім әр уақытта аз, онымен бірге онда сезім мен өз мамандығына деген үлкен махаббат болуы қажет. Көптеген дәрілерге қарағанда дәрігердің жылы сөзі мен сыпайы күлкісі ем екені ертеден белгілі. Сондықтан, мұндай, қасиеттерді студенттік жылдардан жинақтау қажет, өйткені кейін оны бойға сіндіру өте қиын болады.

Сонымен, қазіргі кезде хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы – жалпы хирургия мен стоматологиядан тұратын медицина ғылымының дербес саласы болып есептелініп, жақ-бет аймағында орналасқан хирургиялық дерттермен қатар, бейбіт және соғыс уақыттарындағы жарақаттарын, ақаулар мен деформацияларын зерттеп, олардың алдын алу, асқынуларын, диагностикалық әдістерін, хирургиялық емдеу жолдарын одан әрі жақсарту мәсілелерін қарастырады.

       Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы басқа стоматология салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, көптеген стоматологиялық дерттерді терапевтік, ортопедиялық, ортодонтиялық және хирургия әдістерін қолдану арқылы диагноз қойып кешенді емдеу жүргізіледі.

       Сонымен қатар хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы жалпы медицинаның емдеу, хирургия, отоларингология, офтальмология, неврология, рентгенология және радиология салаларымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда қазіргі кездегі биология, физика, химия ғылымдарының және қалыпты, фонографиялық патологиялық анатомиялар, микробиология, фармакология т.б. медицинаның негізгі салаларының, жетістіктерін өзінің дамуына тірек етеді.

       Бұл аймақта кездесетін дерттер этиологиясы, патогенезеі, патоморфологиясы, клиникасы және емдеу жолдарының ерекшеліктеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі.

       1.Тіс, жақ сүйектері, бет-мойын тіндері және ауыз қуысы мүшелерінің қабыну дерттері. Оларға одонтогенді қабыну процестері /жедел және созылмалы периодонтиттер, жақтың және периоститі, жақтардың жедел және созылмалы остеомиелиттері, абсцесстер, жақтардың жедел және созылмалы остеомиелиттері, абсцесстер, флегмоналар, лимфадениттер/, тіс жару дерттері, одонтогенді гайморит, инфекциялық дерттер – арнайы /актиномикоз, туберкулез, мерез/, арнайы емес /сыздауық, шиқан, тілме, сібір жарасы, жегі/ слекей бездерінің қабынулары.

       Бұл аталған дерттер жақ-бет аймағында өте жиі кездеседі.

       2.Бейбітшілікте кездесетін ауыз қуысы мүшелерінің, беттің, бет қаңқасы сүйектерінің жарақаттары сәулемен зақымдану, қызу және химиялық заттармен күюлер.

       3.Бет-жақ аймағының оқпен жарақаттануы және оларға хирургиялық көмек ұйымдастыру.

       4.Жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер мен ісік тәріздес дерттер. Олардың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық жіктелуіне сай анықтау мен емдеу тәсілдері.

       5.Жақ-бет аймағында іштен тіа пайда болған және жүре пайда болған ақаулар мен деформациялар.

       6.Пластикалық /қалыпқа келтіру/ және эстетикалық хирургияның негіздері.

       Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру.

Қазақстан денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша республикалық, облыстық, қалалық, аудандық стоматологиялық емханаларда хирургиялық стоматология бөлімшесі немесе бөлмесі болуы тиіс.

Қалаларда, қалалық аудандарында стоматологиялық емханалар немесе жалпы емханалар құрамында хирургиялық стоматология бөлмелері болуы керке. Олардың жұмыс негізі тұрғылықты халықтың санына байланысты. Жедел медицина көмегін көрсететін бөлімшелер мен ауруханалардың құрамында стоматология бөлімшелері көзделінген.

Ауруханаларда, медико-санитарлық бөлімдерде, балалар ауруханаларында, диспансерлерде, госпитальдарда хирургиялық стоматология көмегі бет-жақ хирургия бөлмелерінде көрсетіледі, олар дерттің алдын алуға бағытталған. Бұл бұйырықта ауылдық жерлерде, ауданның орталық ауруханаларына қарайтын стоматология бөлімшесі /бөлмесі/ ашылуы тиіс.

Бұл бөлімшелерде /бөлмелерде/ барлық стоматологиялық науқастармен қоса хирургиялық науқастарға да көмек көрсетіледі.

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін /бөлмесін/ ұйымдастыруда келесі жағдайлар ескерілуі тиіс: халықтың саны, ауданның көлемі, тұрғындардың ерекшеліктері, бөлмелердің санитарлық және гигиеналық нормалары, штат кестесі, емханалар категориясы, ауруханалар мен емханалардың құрал саймандарының тізімі.

Бөлімшелер /бөлмелер/ дұрыс және жақсы жұмыс істеу үшін мамандарды өз орындарына қою, әрбір қызметкерлерге белгілі талаптар мен міндеттер, бөлімше /бөлме/ жұмысының жалпы көлемін анықтау, құжаттар жүргізу сияқты талаптар қойылады.

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін ұйымдастыруда «стоматологияны профилді мекемелерде ұйымдастыру, жабдықтандыру және пайдалану санитарлық ережелерін» қолдану керек. Ереже бойынша хирургия бөлімшесін ашу үшін кемінде 5 бөлме керек. Олар:

1.Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме /көлемі бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арнаулы керек/. Аурулар дәрігер қабылдауын емхананың жалпы дәлізінде күтулеріне болады.

2.Операция алдындағы бөлме /көлемі 10 м2.

3.Операциялық бөлме /бір креслоға немесе бір операция жасайтын столға 23 м2, ал келесі әрбір кресло немесе стол қою үшін 7 м2-тан қосылады/.

4.Стерилизация жасайтын бөлме /көлемі 8 м2.

5.Операциядан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.

Стоматология емханаларында тек хирургиялық бөлімше болса, оған 3 бөлме керек:

1.Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме.

2.залалсыздандыру жасайтын, қол жуатын, материал дайындайтын көлемі кемінде 10 м2 ауа соратын шкафпен жабдықталған бөлме.

3.Операция жасайтын бөлменің көлемі бір креслоға 14 м2, ал келесі қойылатын әрбір креслоға 7 м2 болуы қажет.

       Құрамдарында стоматология бөлімшелеріндегі хирургия бөлмелерінің қабырғалары тегіс, полихлорвинилді немесе жылтыр плиткалармен жабылған, еденіне линолиум немесе керамикалық плиткалар төселуі қажет. Бөлме төбелері сүлы эмульсиямен немесе майлы бояулармен боялыуы керек. Есік-терезелер майлы бояулармен сырланып, әрі тегіс болулары қажет. Хирургия бөлмелері ыстық-суық сумен және орталық жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.

       Хирургиялық бөлмелердің температурасы 18-25 градус болып, олар ауа сорғыштар, фромуга және форточкалармен қамтамасызх етулеріне қажет.

       Барлық бөлмелер жарық болу керек. Қолдан жасалатын жарықтың екі түрі пайдаланылады: жалпы жарық жүйесі, көлеңке түсірмейтін электр жарығы. Бөлмелердегі жиһаздар нитроэмальды ашық бояулармен боялынып, жұмыс столдары шынымен жабылу керек.

       Бөлімшелерді /бөлімдерді/ тәулігіне екі рет ылғалды тазалап тұрады: смена аралығында, жұмыс күнінен кейін. Жиһаздардың, қабырғаның төменгі жағын, терезе алдын, еденді ыстық сумен жуады. Барлық бөлмелерді, тәулігіне 1 рет бактериоцитті шаммен өңдейді. Бөлімшені /бөлмеде/ жетісіне бір рет жалпы тазартудан өткізеді. Бактериялық бақылау, бөлімшелердің /бөлмелер/ санитарлық жағдайының сыншысы болып есептеледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.150.246 (0.008 с.)