Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

Поиск

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

Тексеруге берілген сұрақтар:

1.Алматы қаласында медициналық иниститут қашан ашылды?

2.Стоматологиялық факультет бірінші рет Казақстанда қашан ашылды?

3.Семей қаласында стоматологиялық факультеттің ашылған жылы?

4.Хирургиялық стоматология кафедрасының алғашқы жетекшісі?

5.Кафедраның негізгі ғылыми бағыты?

 


ДӘРІС № 2

1.Тақырып: Науқасты хирургиялық практикада тексеру әдістері. Стоматологиядағы

қазіргі цифрлы диагностикалық технологиялар.

2.Мақсаты: Адам денесіндегі дертті оның клиникалық көрінісін білумен қатар, тек соған организмдегі өзгерістерді анықтап тауып, екеуін байланыстыру арқылы білуге болады.

       Медицина ғылымының адам денесіндегі дерттерді айырып білу саласын диагностика деп атайды.

       Ауруды бақылап дұрыс диагноз қойып, алдын алу, ем тағайындау, дәрігер пікірін қорыту диагностика саласының алдына қойған мақсаты болып есептеледі.

3. Дәрістің тезисі.

Диагностика ғылыми тұрғыдан негзгі үш тараудан тұрады:

       1.Ауруды бақылау және тексеру тәсілдерін зерттеу немесе дәрігерлік диагностикалық техника;

       2.Дерт белгілерінің диагностикалық ойлау ерекшеліктерін зерттеу – симптоматология немесе семиология;

3.Дерттерді ажырату жолында ойлау ерекшеліктерін зерттеу немесе диагноз қою әдістемесі.

Бұл үш тараудың мүддесі субъективті, объективті және қосымша әдістер қолдану арқылы шешіледі.

Науқаспен танысу, оның анамнезін сұрап білуден басталады. Өйткені, дұрыс жиналған анамнез дұрыс диагноз қоюға себепші болады.

Егер науқас аурудың неден басталғанын және өз шағымын дұрыс жеткізе алмаса, дәрігер жетекші және қосымша төмендегідей сұрақтар беру арқылы, науқасқа көмектесуі керек. Мысалы: аурудың бірінші белгілері қашан пайда болады, бұрын дәрігерге көріндіңіз бе, қандай ем алдыңыз, оның нәтижесі қалай болды?

Науқас шағымы әртүрлі болуы мүмкін. Жетекші сұрақтар арқылы дәрігер оларды мұқият анықтайды. Егер де пайда болған аурудың белгілері, ауырсыну сезімімен байланысты болса, онда «ауру ұдайы ма, жоқ ұстама тәрізді ме, қатты иә болмаса сыздап ауыра ма, бір жерде ме, әлде иррадиациялы ма, тамақ ішумен байланысты ма, жоқ па, өз бетімен бе, әлде қол тигізгенде ауыра ма?» - деген сұрақтарды шешу қажет.

Ал науқас, бет әлпетінің бір жерінде ісік барына шағымданса, оның қашан пайда болғанын, тез әлде баяу үлкейгенін, тамақ ішкенде ғана пайда бола ма, әлде ылғи бір қалыпта өзгермей тұра ма, ауыру сезімін тудыра ма, жоқ па, ол функционалдық өзгеріске байланысты ма /яғни ауыздың ашылуына, жұтынуына, тілдің қимылына кедергі бола ма, жоқ па?/ деген сұрақтарды анықтау қажет.

Дәрігерге қаралуға келген науқас, бет суйектерінің, ерінің, қабығының, ұртының, құлақ қалқанының ақаулары мен деформацияларына шағым жасаса, олардың пайда болуына не себеп болғанын анықтау қажет /жарақаттың, қабынудың, күюдің әсері ме, әлде туа біткен кемтарлық па?/.

Бет-сүйек аймағының жарақатында оның қашан және қандай жағдайда болғанын, есі танып қалды, ма, жоқ па, мұрыннан, құлағынан қан кетіп, құсты ма? – деген сұрақтарға жауап алу қажет.

Ауыз қуысының шырышты қабығында, тандайда, қызыл иекте, ерінде жазылмайтын жара пайда болса, оның туберкулезбен, мерез ауруымен байланысы бар-жоғын анықтау крек.

Анамнезді жинағанда, науқастың қалай тамақтанатынын, дем алуын, тұратын жерін, жұмыс істейтін орнын, зиянды әдеттерінің бар-жоғын біле де қажет болып табылады.

Науқастарды клиникалық лабораториялық жолмен тексеруді жалпы хирургия мен терапияның талабы бойынша барлық мүшелер мен жүйелерде жүргізеді. Содан кейін ғана жақ-бет аймағын екжей-тегжейлі /толық/ тексеруге кіріседі.

Қарап-байқау. Мұнда науқастың сыртқы бет-пішініне, тері қабатының түсіне, көзге көрінетін шыршы қабығына және ақаулар болса, оларға назар аударылады.

Бет әлпетінің ісінуі – домбығудан, қабыну инфильтратынан, ісіктен, гематоманың және сынған жақ сүйегінің орнынан жылжуынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бет мүшелерінің ақаулары мен деформацияларында да бет құрылысы өзгереді.

Тері қабаты қызарып /қабыну процестерінде/, көкшіл тарт ып /қан тамырларынан пайда болған ісіктерде, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда/ шектен тыс және жеткіліксіз пигменттелуі мүмкін /туа біткен пигментті дақ, жүкті кезде пайда болатын дақтар, тыртық жердің дақтануы/. Сонымен бірге тері қабатында пайда болған патологиялық өзгерістерге /жаралар, тыртықтар, жыланкөздер, жырылған жаралар сияқты/ назар аудару керек.

Көру мүшелерін тексергенде – көз симметриялығына, тығыз жабылуына, қабақтың қимылына, көз алмасының өзгерістеріне /мүлдем жоқ болуы, деформациясы, шарасынан шығып тұруы немесе ішке кіруі/, көздің қарашығының формасынан, жарыққа реакциясына, конвергенциясына, аккомадациясынан назар аударған жөн. Саусақтардың көмегімен көздің өткірлігін тексеріп, оның шұғыл төмендегендігін немесе мүлдем жоқтығын анықтауға болады. Сондай-ақ, заттың көз алдында қосарлануы байқалса, ол көзді /қимылдататын/ кері тартатын немесе шығыршықты нервтер функцияларының жетіспеушілігінен және жоғарғы жақ сүйегінен – көз саңылауына еніп, өсіп бара жатқан ісіктің әсерінен, көз алмасының жоғары қарай жылжып кетуінен болады.

Мұрынды тексергенде – оның формасына, сүйекті-шеміршекті бөлігінің өзгерістеріне /ақауы мен деформациялары/, мұрын қуысының шырышты қабықтарының түрін және бөліп шығаратын затының сипатын анықтайды.

Бет нервісі бұтақтарының зақымдануы ымдау бұлшықеттерінің қызметі бұзылып, парез немесе паралич түрінде байқалуы мүмкін. Оған беттің жұмсақ еттірінің зақымдануығ құлақ алдындағы сілекей безіне операция, бассүйек-ми зақымдануы және ортаңғы құлақ ауруларының әсері болады.

Ерінді тексергенде – оның анатомиялық пішініне, жоғарғы және төменгі еріндердің бірдейілігіне, қимылы мен тығыз жабылуына, езулерінің симметриялығына көңіл бөлу керек.

Сондай-ақ еріннің тұруын, патологиялық өзгерістердің бар-жоқтығын анықтайды.

Сипап қарау / пальпация/ - қосымша тексеру тәсіліне жатады. Беттің жұмсақ тіндерінің қызуын, жиырылғыштығын, консистенциясын, инфильтраттың, ісіктің бар жоғын, олардың қандай терендікте орналасқанын, көлемін, ауыру сезімін пальпация арқылы білуге болады. Егер бет тіндеріндегі өзгеріс беткей орналасса, пальпацияны оң қолдың саусақтарымен, өзгеріске ұшырамаған тұстан бастайды. Терең пальпацияда – бұлшықеттердің немесе жақ-бет аймағындағы мүшелердің жағдайын анықтайды. Ол үшін тері қабатын немесе бұлшықетті қатпарға жинап, олардың қалындығын, жиырылғыштығын және созылғыштығын бақылайды. Сондай-ақ сипап қарау арқылы жақасты, иек, құлақарты, мойын лимфа түйіндерінің санын, көлемін, тығыздығын, ауыратын, ауырмайтындығын, жылжығыштығын де білуге болады. Егер лимфа түйіндері үлкейген және ауыратын болса, ол қабыну процестеріне тәне. Ал үлкейген, тығыз, аз қимылдайтын лимфа түйіндері, көбінесе қатерлі ісіктердің әртүрлі даму кезеңінде пайда болуы мүмкін. Жақасты, иек және жақ артындағы лимфа түйіндерін сипап қарағанда дәрігер науқастың оң жағында болып бір қолымен оның басын ұстап, келесі қолының 2,3,4 саусақтарын жақ астына орналастырады да, айналдыра сипалау арқылы лимфа түйіндерінің жағдайын анықтайды. Иек астындағы түйіндерді оң қолдың үш сасағымен сипап қарайды да, майын, лимфа түйіндерін 2-3-4 саусақтарымен төс-бұғана –емізікше бұлшықетінің алды-артындағы және бұғанаүсті аймағында тексереді.

Бет сүйектерінің құрылысын, сырт көзбен ғана қарап қоймай, сипап та қарау керекү Бұл жағдайда, сүйек өзгерістерін /жуандағанын, ісінгенін, сынып төмен түскенін/, ақаудаң бар-жоғын, қозғалысын, сықырлауын анықтауға болады. Бұл өзгерістер - сүйек дамуындағы кемістіктер мен жарақаттардың әсерінен, жақ сүйегінде ісікті заттың болуынан пайда болуы мүмкін.

Төменгі жақ буыны қызметінің бұзылу дәрежесін ауызды ашып-жауып, жан-жаққа қимылдату арқылы анықтайды.

Төменгі жақ сүйегінің буын басының қимылын құлақалды өсіндісінің маңынан сипалап немесе екі қолдың сұқ саусақтарын науқастың сыртқы есту тесігінің ішіне кіргізіп анықтайды. Қалыпты жағдайда, науқас аузын 4,5-5 см ашуы тиіс. Ал егер буында патологиялық өзгеріс болса /қабыну, буын анкилозы, жақ контрактурасы төменгі жақ сүйегінің буындық өсіндісінің сынуы/ онда ауыздың ашылуы жартылай немесе мүлдем шектелеп, жақ сүйек жан-жаққа қимылдамай қалады.

Ауыз қуысын тексеруді қызыл еріннен бастайды, өйткені онда ақ дақтар, жарылған жерлер, жаралар болып, эпителийдің қабыршықталуы байкалуы мүмкін. Ауыз қуысын стоматологиялық айнаның, шпателдің, пинцеттің, зондтың көмегімен тексереді.

Ауыз қуысының кіреберсін тексергенде, еріннің, жақ шоқтығының шырышты қабығына назар аударған жөн.

Онда төмендегідей өзгерістер болуы мүмкін: а/бояудың түсінің өзгеруі, пигменттік дақ, сұр немесе қоңырқай түсті дақтар /организмге қорғасын, висмут, сынап түскен қызаруы; б/шырышты қабықтың құрылысының өзгеруі /папуланың, дөңестіктің, гиперкератоздың пайда болуынан/; в/ шектелген сұйықтықтың жиналуыв /пустула, іріндік, шырышты қабықтағы бездің сарысулы ісігі/; г/ шырышты қабық бүтіндігіңің бұзылуы /эрозияның, жараның, жыланкөздің болуынан/.

Сонымен бірге шырышты қабықтың кеуіп солғанын да байқауға болады. Шыршты қабықпен бірге, өтпелі қатпардың жағдайына, жақ шоқтығының биіктігіне /әсіресе тіс жоқ жағдайларда/ қызыл иекке назар аудару керек.

Тілді тексергенде, оның қалпына, мөлшеріне, түсіне, ылғалдығына, жараның, эрозияның, афтаның, тыртықтың баржоғына және қалындығына /жуандығына/ қөңіл бөледі. Туа біткен патологияларда, қабыну процестерінде, ісік тілдің құрылысын патологияларда, қабыну процестерінде, ісік тілдің құрылысын өзгертіп, салмағы артуы мүмкін. Ал тіласты нервінің салдануында, керісінше тіл кішірейеді. Тілді тексерудің негізгі тәсілі – сипап көру. Оны жүргізу үшін сол қолдың екі саусағымен тілді сыртқа тартып ұстап тұрады да, оң қолдың екі саусағымен сипап көреді.

Тамақ астын тексергенде, оның шырышты қабығына жақ және жақасты сілекей бездерінің өзегіне, одан бөлінген сілекейдің түр-түсіне назар аударған жөн.

Осы аталған бездердің қызметін білу үшін, бимануальды пальпация жүргізеді, яғни сұқ саусақты ауыз қуысына кіргізіп, келесі қолдың саусақтарын жақ астына орналастырып, бір-біріне тақай сипалай қимылдатады. Сонда ғана бездің құрылысын байқап білуге болады.

Қатты және жұмсақ тандайды тексергенде, олардың шырышты қабықтарына ғана емес, сонымен бірге туа және жүре пайда болған ақаулардың, ісік тәрізді заттардың бар-жоғына, жұмсақ таңдай қимылына да назар аудару керек /тыртықтанып тартылу, ымдау еттің парезі немесе параличі, жұмсақ таңдайдың жарылуы т.б./ Сонымен бірге бадамша бездеріне, жұтқыншақтың артқы және бүйір қабырғаларында өзгерістің бар-жоғына да қарау керек.

Тіс қатарын тексергенде, олардың дұрыс жабылуын қадағалайды, өйткені жақ сынғанда, шығып кеткенде, әртүрлі ақауларда ол өзгеруі мүмкін. Тіс жанындағы тіндерді тексергенде қызыл иектің шырышты қабығына, онда терең қалталардың, ірінді заттың бар жоғына, тістің қызыл иек тінінен жалаңаштанбағанына және қанайтын-қанамайтындығына назар аудару керек. Егер тіс босаған болса, себебін анықтайды /ісіктің, жарақаттың салдарынан, пародонтоз т.б./

Әсіресе тіс сауытының бүтіндігіне, түсін, егер сауытта қуыс болса, оның тереңдігіне, зондпен тексергенде ауыратын-ауырмайтындығына көз жеткізу қажет. Периодонттың жағдайын тісті аспаппен жайлап соғып тексереді. Егер жедел ағымды қабыну процесі болса, тісті аспаппен соққанда ауырады.

Емдеудің әр сатысында нәтижесінің дұрыс екінін анықтау үшін стоматологияда көбінесе рентгенография әдісі қолданылады /ауыз қуысы ішінен және сыртынан/. Көбіне ауыз қуысы арқылы жасалатын рентген әдісі жиі қолданылады. Өйткені бұл тіс пародонтының жағдайын анық көрсетеді. Ол үшін рентген пленкасын қатты таңдайдың шырышты қабығына немесе төменгі жақ сүйегінің ішкі бетіне қапсыра ұстайды. Егер ауыз ашылуы шектелген болса, пленканы тістетіп қойып түсіреді.

Ауыз сыртынан жасалатын рентген суретін көбінесе жоғарығы жақ сүйегін, мұрын қуыстарын, шығыңқы бет сүйегін, оның доғасын, бас, мұрын сүйектерін, шықшыт, сілекей бездерін және жұмсақ тіндерді тексергенде қолданылады. Рентгенография арқылы сүйек тініндегі өзгерістерді, жақтың сынған жерлерінғ сүйек тініндегі өзгерістерді, жақтың сынған жерлерін, шықшыттың жағдайын, ісіктің немесе қабыну процестерінің шегін, жұмсақ тіндерде жатқан бөгде заттың орнын, сілекей бездерінде немесе өзегінде жатқан «тастардың» өлшемін анықтауға болады.

Бет сүйектерінің құрылысын, қуысты денелерді, сілекей бездерін толық тексеру үшін арнайы рентгенографиялық тәсілдерді қолданады.

Томография арқылы әртүрлі терендікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін шықшыттығы өзгерістерді түрлі тереңдікте «кесіп» көрсетуге болады. Панорамды рентген суреті – бүкіл тіс қатарын, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын көруге мүмкіншілік береді. Телерентген – үлкен фокусты ара қашықтықтағы рентген суреті/ 150 см/ тексерілетін сүйек затының анық өлшемін білуге мүмкіншілік береді /бас, бет сүйектерінің, оларды қоршап жатқан жұмсақ тіндердің жиектерін/. Телернегенограмада бұрыштық және сызықтық өлшемдер жүргізеді.

Сілекей бездеріндегі, қуысты денелердегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін – контрасты рентгенография тәсілі қолданылады. Ол сілекей безінің өзегіне және Гаймор қуысына контрасты /йодолипол/ зат енгізу арқылы жүргізіледі.

Ауыз қуысындағы шыршыты қабықта кездесетін өзгерістерді анықтау үшін стоматоскопия тәсілін қолданада.

Ол үшін арнайы 28-30 есе үлкейтіп көрсететін аспап арқылы, шыршты қабықтың өзгерген жерін қарайды. Бұл тәсілде өзгеріске ұшыраған шарашты қабықтың шегін, түсін, қабыну процесінің бар-жоғын анықтауға мүмкіншілік тауады. Сондықтан стоматология, стоматологиялық алғашқы қарау кабинеттернде, профилактикалық тексеру кездерінде шырышты қабық ауруларын гистологиялық тексеруге дейін анықтау қажет. Кейбір патологиялық процестер, ісіктер диагнозын анықтау үшін морфологиялық тәсіл қолданылады. Қазіргі кезде кең тараған тәсіл – цитология болып табылады. Ол клетка элементерін, олардың құрылысының ерекшелігін, конглометтарын зерттеу арқылы жүргізіледі.

Тексеру материалы ретінде бетте, ауыз қуысында орналасқан эрозияның не жараның бетінен тырнап немесе «дақ» ретінде және жыланкөзден, күдікті денелерден, инфильтраттан, ісіктен алынған заттар қолданылады.

«Дақты» тексергенде, майдан әбден тазартылған шыны қолданылады. Оны тексеретін жерге бірнеше рет басу арқылы жүргізеді.

Биопсия – кесіп алынған тірі тінді тексеру тәсілі дұрыс диагноз қоюға бағытталған. Гистологиялық тексеру – емнің рациональды тәсілін қолдануға, нәтижесін, операцияның көлемін анықтауға, операциядан кейінгі ем тактикасын дұрыс жүргізуге көп көмек тигізеді.

Биопсияның төмендегідей түрлері бар: инцизиялық, пункциялық, аспирациялық. Инцизиялық биопсияда /дертке/ патологияға ұшыраған тіндер аумағы түгел кесіліп алынады. Яғни, өзгеріске ұшыраған тіндермен қатар, сырт көзге өзгеріссіз көрінетін тіндер де /әсіресе терең қабаттағы/ кесіліп алынып, 10-20% формалин ертіндісі қойылған ыдысқа салынуы тиіс. Содан кейін дәрігер биопсияға алынған не зат екені туралы қағаз толтырады.

Пункциялық биопсияда – әртүрлі диаметрдегі торақарлармен бірнеше милиметр қалындықтағы тіндерді алып, парафин немесе целлоидин ертіндісін құйып тексереді.

Аспирациялық биопсияны - жіңішке иненің көмегімен, аз ғана мөлшерде материал алып тексереді. Функционалдық диагностикалық тәсілдердің ішінде – мастикоциография /шайнау қимылын жазу/ миотонография, /шайнау еттерінің тонусын анықтау/ электромиография /бұлшықеттердің электрофизиологиялық жағдайын білу үшін биопотенциалдарды тіркеу/ тәсілдері кеңінен қолданылады. Тістерді тексеру үшін электроодонтодиагностика тәсілінің мәні зор. Бұл тәсілде сау тістер 2-6 мкА тоқ күшіне сезімталдығы болады. Пародонтоз ауруында тіс ұлпасының қозуы артады да /2 мкА тоқтан төмен/, тіс сауытының ұлпасы үлкен болса, оның тоқ күшіне сезімталдығы төмендейді /60 мкА күшіне дейін/.

Хирургиялық стоматологияда, соңғы кездері функционалдық диагностика тәсілдерінің ішінде – реография кеңінен қолданылады. Бұл организмдегі тірі тіндерге қан толу-қан айналу процестерін, тіндердің электр тоғына қарсылығы арқасында пайда болатын, пульсті тербелуді жазу /тіркеу/ арқылы жүргізіледі.

Тіндердегі қан тамырлары, қан айналу процестерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл факторлар тіндердің қоректенуі мен мен қайта қалпына келтіру мүмкіншіліктерін анықтайды. Ал бұл өз алдына, жақ-бет аймағында аыуз қуысында жүргізілетін хирургиялық емнің күрделігін алдын ала анықтауға мүмкіндік тудырады. Фотоплетизмография әдісіне де, тіндердегі қан толу процесі анықталады. Егер реография тәсілінде қанның толуын электрометриялық әдіспен тіркесе, фотоплетизмографияда тіндердің оптикалық тығыздығы өзгерісінің негізінде тіркейді.

Сүйек  денситометриясын сүйек жағдайын аңықтауда қолданады.Рентген сәулесі арқылы дәрігер сүйек-ет жүйелерінің жағдайын және жақ сынықтарын аңықтауға болады.Сүйектің тығыздығын аңықтауда традициялық рентгенография нағыз мағұлмат бере алмайды.нағыз мағұлмат алу мақсатында дәрігерлер рентгенографияның жетілдірілген түрін "екіэнергетикалық рентген абсорбциометрия (Dual-Energy X-ray Absorptiometry, қысқартылған DXA немесе DEXA)" қолданады. Осы тәсіл- денситометрия.қазіргі уақытта сүйектік денситометрия DEXA –сүйек тінінің тығыздығын аңықтау тәсілі.

Денситометрия (DEXA) –бұл жылдам,ауырсынусызсүйек тінінің тығыздығын төмендеуін аңықтау: Денситометрияны жүргізу:

Сүйекті аппарат DEXA птөменгі дозадағы көрінбейтін сәулені екі энеогетикалық поток пен жібереді .



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.254.83 (0.01 с.)