Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар

Поиск

Тіс жұлу кезінде, тіс сауытының немесе түбірдің сынуы салыстырмалы жиі кездесетін құбылыс. Бұған себеп көбінесе тіс сауытының қатты бұзылуы, түбірлердің қисық болуы немесе гиперцементоз, көп емделген тіс.

 Тіс жұлу әдістерін жеткілікті дәрежеде меңгермеу де, көп жағдайда оның сынуына алып келеді. Мысалы? Қысқштың ұрттарын терең енгізбеу,  жақсы қысып ұстамау, дөрекі қозғалыстрамен босаңсыту немесе бұрау. Мұндай асқынуларда операцияны элеваторлы қолданумен немесе түбірлерді бормен кесіп алумен аяқтайды. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, тіс жұлу әдісін дұрыс таңдап алу және оны дұрыс өткізу керек.

Төменгі жақ денесінің сынуы. Аз кездесетін жағдай. Ол сүйекте болатын

қандайда бір патологиялық процестер нәтижесінде (ісік, сүйек кемігінің қабынуы, киста) немесе тістің дөрекі жұлынуы, сол сияқты қашаумен балғаны қолданып жұмыс істегенде болуы мүмкін.

       Емдеуі– шеңдеуіш салу.

       Алдын алу – тісті жұлардан бұрын науқасты жан-жақты тексеру.

       Тіс ұясы, сүйек өсіндісінің сынуы. Қысқыштың жақтарын терең енгізіп қашаумен жұмыс істегенде кездеседі, жоғарғы жақтың денесі қоса жұлынуы мүмкін, дөңестің сынықтары қозғалмалы болып, ауа көпіршіктері аралас қан кетеді.

       Емдеу- дөңестің бос жатқан сынықтарын жұлып алып тастап, қан тоқтату және тігу. Керек жағдайда - шеңдеуіш салу қажет.

       Төменгі жақ буынының шығып кетуі. Өте сирек кездеседі. Бұл асқыну түрі самай – төменгі жақ сүйегі буынында патологиялық процесс болғанда немесе сау буынға мөлшерден тыс күш салғанда, қысқышты төмен зарлықпен итергенде, ұлғайған адамдардың тісін жұлу ұзақ уақытқа созылған жағдайларда болуы мүмкін.

       Емдеу. Буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу, 3-4 күндей диета сақтау.

Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тәртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жарылуы, қан кетуі, ерін, ұрт ауыз түбі тіндерінің жарақаттануы.

Емдеуі – ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.

Алдын алу шаралары. Тіс жұлу кезінде периодонттық айналма байламдарын ұзу үшін шырышты қабықты тістен ажырату, операцияны тәртіп бойынша дұрыс жүргізу. Көршілес тістердің сынуы және босап қалуы элеватормен, қашаумен, ұрттары кең қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде болады.  

Босап қалған тіс қайтадан өз орнына қондырылуы қажет. Қарама – қарсы тістердің жарақаттануы, тісті жұлып шығару кезіндегі дөрекі қимыл іс-әрекеттердің нәтижесінен туады. Мұнда тіс сауытының сынуы, эмальдан ажырауы, ұрылу нәтижесінде периодонттің жарақаты пайда болуы мүмкін.

Сақтық шаралары: жұлынған тісті ұясынан дұрыстап шығару, қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілуі керек.

Тістерді немесе тіс түбірлерін, ауыз қуысы түбі тіндеріне, ақыл азу тістер арты

кеңістігіне, ауыз кіреберісі жанындағы шырышты қабыққа өткізіп жіберу элеватормен, қашаумен дөрекі жұмыс істеу нәтиіжесінде болады.

       Емі. Тіс түбірлері немесе тіс әдетте аурухана жағдайында жұлынуы керек. Екі бағытта рентген суреті болуы қажет. Сақтық шаралары: элеватормен байқап жұмыс істеу, сол қолдың саусақтармен тісті немесе түбірді тежеп ұстап тұру.

       Гаймор қуысының тесілуі. Мұндай жағдай жоғарғы жақ азуларының анатомиялық орналасуына байланысты. Тіс түбірлері гаймор қуысына жақын немесе абайлап пайдаланбаса кездеседі. Мұнда, мұрыннан ауыз қуысына ауа ағымы еркін өтіп, одан жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық жоқ.

       Мұндай жағдайды анықтау үшін саусақтармен мұрынды қысып ұстап, мұрын арқылы тыныс алуды шығады. Осындай жағдайда гаймор қуысын жуу немесе оны құралдармен зерттеу жақсы нәтиже бермейді, қосымша жарақаттануы және ыластануы мүмкін. Түбір гаймор қуысының шырышты қабығы астында оған зиянын тигізбей орналасуы мүмкін. Егер тіс толығымен жұлынып, жақ қуысында қабыну процесі болмаса, тіс ұясында ұйыған қанның жиналуын қадағалап, оны жарақатанудан және жуылып кетуден сақтау қажет. Осы мақсатпен, тіс ұясының үстіне йодоформға малынған тампон көршілес тістерге бекітіледі. Тіс қабырғаларында едәуір үлкен жарақат болса, оны тігу керек. ШЫрышты қабық шеттерінің тіс ұясы үстінде бір-бірімен жанасуы үшін қосымша қиықтар кесіледі. Ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабығын трапеция тәрізді тіліп, сүйекке дейін тіс ұясы жағына жалжытады. Ал кейде оны таңдай жағынан жасайды, негізін үлкен таңдай тесігіне қаратып, содан кейін тігіс салады. Тіс немесе түбір гаймор қуысына итеріліп өтіп кеткен, бірақ қабыну процесі дамымаған жағдайлар да кездеседі.

Тіс немесе түбір ыластанған болса, оны қуыстан шығарып алып тастамайынша, гаймор қуысының созылмалы қабынуы дамиды.

Сол себепті түбірлерді, тістерді шығарып тесікті неғұрлым тезірек жабу

керек. Мұндай жедел операция, әдетте аурухана жағдайында тіс жұлынған соң 1-2 күн аралығында жасалады. Операция Колдуэл-Люктің әдісі бойынша гаймор қуысын тесу арқылы өткізіледі. Тіс жұлынған соң, гаймор қуысы, төменгі тыныс жолы арқылы қатпардағы кесілген жарақат тігіледі. Қажетті дәрі-дәрмектер тағайындалады.

       Кей жағдайда тіс жұлынғаннан кейн, гаймор қуысынан тіс ұясы арқылы көп мөлшерде іріңді экссудат ағады, бұл куыста қабыну процесінің жүріп жатқандығының айғағы.

       Мұндай жағдайда қуысты, тіс ұясы арқылы антисептикалық ерітінділермен жуып, тіс ұясын ашық күйінде қалдырады. Науқас рентгендік тексеруден өтуі қажет. Жоғарғы жақ қуыстарына белгіленген арнайы әдістер бойынша операция жасалады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.251.199 (0.006 с.)