Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тіс жұлу операциясының ерекшеліктері және талаптары

Поиск

ДӘРІС № 4

1.Тақырып: Тіс жұлу операциясы. Көрсеткіш және кері көрсеткіш. Құралдар.Операция кезінде және одан кейін мүмкін дамитын асқынулар

2.Мақсаты: Тіс жұлу операциясы хирургиялық стоматологияда жиі жүргізіледі. Басқа операциялармен салыстырғанда,тіс жұлу операциясының өзіндік ерешелігі

бар. Ол кейде оңай тез болғанымен, кейде ұзаққа созылуы мүмкін. Тіс жұлу операциясы ауыр операция болып саналады,себебі тіс ұясынан күшпен жұлынады.

3.Дәрістің тезисы:

Тіс жұлу операциясының ерекшеліктері және талаптары

Тіс жұлу операциясының ерекшеліктері

1.Операциялық аймақ ауыз қуысы сондақтан ауыз қуысын толық заласыздандыру мүмкін емес.

2.Ауыз қуысы өте тар, бұл операция кезінде қосымша кийындықтар туғызады және дәрігерден тіс жұлу әдісін жақсы игеруін талаптайды.

3.Әдістемелік жағынаң бұл өте жарақатты операция: тісті қоршап және ұстап тұрған тіндер, қан жүйке талшықтары зақымдалып, сүйектін кемікті затына жол ашылады. Операция жарақатты болған сайын асқынып, жарақатының жазылу мүмкіндігі төмендейді.

4.Дәрігердін қолымен және қолданылатын құрал аспаптармен суйек кемігіне микробтардын енуі мүмкін. Сондықтан аспаптар, дәрігердін қолы залалсыздандырылған болуы керек.

5.Операция алдында көп ауруларда үрей, қорқыныш байқалады, бұл жүрек соғысын жеделдетіп, қан қысымын көтереді. Сондықтан мұндай науқастармен операциядан бұрын әнгімелесулер немесе дәрі дәрмекті қолданып тыныштандыру қажет.

Тіс жұлу операясына қойылатын талаптар

1.Жақ-бет аймағының және тістердін анатомо-топографиялық құрлымын білу

2.Әрі жағдайда қолданылатын құрал-жабдықтарды білу

3.Тіс жұлу әдістемесін және техникасын менгеру

4.ауруды және ауыз қуысын ұқыпты қарау: науқастын ауырған және қосымша ауруларын, аллергологиялық анамнезін анықтау, жұлынатын тістін жағдайын білу, аспаптарды әзірлеу

5.Ауруды операцияға дайындау: сөзбен немесе дәрі дәрмекпен тыныштадыру, тіс қағын алу

6.Асептика негіздерін бұлжытпай орындау

7.Операциялық аймақ жақсы жарықталынған болуы тиіс

8.Операцияны саусақсыз тәсілмен аспапатар арқылы жасауға тырысу

9.Тіс жұлу операциясының техникасын сақтау

10.Тістін толық жұлынып, ұяшығының қан ұйығына толуына тексеру

11.Ауруды қайтарар алдында оның бас айналып, көзі қарауытып отырмағаның немесе басқада ынғайсыз жағдайлардын жоғын аңықтау, ақыл кенес беру



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.83.52 (0.009 с.)