Содержание книги

  1. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру.
  2. Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі.
  3. Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер.
  4. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
  5. Көрнекті құралдар: слайдтар, фотографиялар
  6. Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр /төменгі жақ/ анестезиясы.
  7. Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар
  8. Көрнекті құралдар:слайдтар,фотографиялар
  9. Тіс жұлу операциясының ерекшеліктері және талаптары
  10. Тіс жұлу операциясының көрсеткіштері
  11. Абсолютты кері көрсеткіштер
  12. Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
  13. Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
  14. Одонтогенді қабыну ауруларының клиникасы және диагностикасы
  15. Төменгі ақыл тістің қиналып жаруы
  16. Көрнекті құралдар:слайдтар,фотографиялар
  17. Көрнекті құралдар:презентация
  18. Дәріс тезисы: Пародонт дерттерінің топтамасы.
  19. Пародонт тіндерінің лизисімен жүретін идиопатиялық аурулар.
  20. Коллагенопластика - пародонтиттердін женіл орташа ауыр дәрежелерінде
  21. Пародонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу
  22. Дәрістің тезисы: Бет жарақаттарының және зақымдалулыраның топтамасы
  23. Төменгі жақ самай буынының орнынаң таюы.
  24. Көрнекті құралдар:презентация
  25. Көрнекті материал:презентация
  26. I. Диагностикалық қателіктер
  27. II. Емдеу кезінде жіберілген қателіктер
  28. Көрнекті құралдар:презентация
  29. Жергілікті тіндер пластикасы
  30. Көрнекті материалдар:презентация
  31. Көрнекті материалдар:презентация


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр /төменгі жақ/ анестезиясы.



ДӘРІС № 3

1.Тақырып:Стоматологиялық операциялардағы жаңсыздандырулар. Көрсеткіш, стоматологиядағы ерекшеліктері. Мүмкін дамитын асқынулар, алдын алу және емі.

2.Мақсаты: Медициналық білімнің даму сатысына байланысты жақ-бет аймағының операцияларын жансыздандырудың кез келген түрімен жүргізуге болады. Жалпы, жергілікті және аралас жансыздандырулар болып бөлінеді. Аралас жансыздандыру наркозбен жергілікті жансыздандыруды бірге қолдану. Науқастың есі қалпында бола тұра,оның денесінің белгілі бір жеріндегі уырғанды сездірмеуге бағытталған іс шаралар жергілікті анестезия деп аталады.

Стоматолог хирург операциялық іс әрекеттерінің ауырсынусыз өтуі деонтологиялық қағидалардың негізгі қалаушысы және көпшіліктегі жетістілігі болып саналады.Жақ бет аймағына жергілікті жансыздандыруларды жүргізу үшін жақ бет аймағының анатомиясын, жансыздандыру тәсілдерін мен анатомиялық белгілерін білуі керек.

 

3.Дәріс тезисы:

Үстіңгі жақтың өткізгіш анестезиясы. Түбер анестезиясы. Нысана үстіңгі жақтың төмпеншігі. Онда үстіңгі тістер өрімінің артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 876/678 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктеріне дейін 2,0-2,5 см-дей.

Ішкі тәсіл – Ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт-альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқы, ішке қарай бағытталған ине үстіңгі жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10,12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының нервісі анестезияланады.

Анестезия аумағы. Үш азу мен оның тұсындағы альвеолды өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, үстіңгі жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы.

Сыртқы тәсіл – Науқастың басын қарсы жаққа бұрып сол қолмен шықшыт-альвеола қырын белгілейміз. Оң жақтан ине шаншығанда сол қолдың сұқ саусағы мен бас бармақты жоғарыдан төмен қарай ұстаймыз. Мұнда сұқ саусақ қырдың иілген жеріне тіреледі. Бет сүйегі мен шықшыт-альвеола қыры арасында үлкен бұрыш пайда болады. Жұмсақ тіндер саусақпен сүйекке қарай сығылады. Инені аталған бұрышқа шаншып, ерітінді жібере отырып жоғары, ішке, артқа қарай 2,0-2,5-дей тереңдікке бойлатады.

Сол жақтан ине шаншығанда бас бармақ шықшыт-альвеола қырының алдында, ал сұқ саусақ шықшыт-альвеола бұрышы мен қырдың арт жағын ұстайды.

Инфраорбиталық /көзасты/ анестезиясы. Нысана – көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген көлденең сызық пен 2-ші үстіңгі кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тіл алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы үстіңгі жақ пен бет сүйекгінің бірігуінен пайда болған бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді.

Ішкі тәсіл – көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне жібереді. Енді инені әрі қарай жалжытқанда ауырмайтын болады. Ине сұқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады.

Орта, алдынғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады.

Сыртқы тәсіл – Үстіңгі күрек тістердің тұсындағы альвеола өсіндісінде қабыну процесі болса, сыртқы тәсілді қолдануға болады. Сұқ саусақпен көзасты тесігін белгілеп ұстап жыңышке инені сол жерден 0,5 см-дей төмен және ішке таман теріге шаншиды. Ине жоғары, арт, сырт бағытта болып, көзасты тесігіне барып кіреді.

Анестезия аумағы – жоғары алдыңғы альвеола невтері мен көзасты нервісінің соңғы бұталарына дейін, күрек, сүйір тістер, альвеолды өсінді мен кілегей қабықтың босаға тұсы, төменгі қабақ пен үстіңгі жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін. Анестетик тереңдеп тістері мен оны қоршаған тін де жансызданады.

Таңдай анестезиясы. Нысана – таңдайдың үлкен тесігі, ол альвеола өсіндісінің ішкі жағына үшінші азудың тұсында, егер үшінші азу әлі шықпаған болса, екінші азудың артына таман ішке қарай орналасады.

Тіс жоқта басқа белгілер есепке алынады. Тесік А сызығынан /қатты таңдайдың шетінен/ 0,5см-дей алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың орта сызығының ортасында деп белгілейді.

Жалпы ереже. Инені ауызды мүмкіндігінше қаттырақ ашып тесік тұсынан 1 см-дей алға, ішке қарай шамалап шаншиды. Ине жоғары, артқа және сыртқа қарай бағытталады да сүйекке дейін енеді. 0,5 см-дей анестетик жіберіледі. Анестезия 3-*5 мин дейін бюілінеді.

Анестезия аумағы. Қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің кілегей қабығы сүйір, тістің тұсына дейін, аздап жұмсақ таңдай жансызданады.

Күрек тіс анестезиясы. Нысана – күрек тіс тесігі. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасындағы қызыл иек шетінен 7-8 мм-дей қашықтықта орналасқан. Тесіктің сәл алдыңғы жағында күрек тіс бүртігі бар.

Ішкі тәсіл. Ауызды кере ашып инені күрек тіс бүртігіне немесе оның бір шетін 

Ала шаншиды да сүйекке жеткенге дейін ендіреді. 0,25-0,5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 мин уақыт күтеді.

       Анестезия аумағы. Сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы тандайдың кілегей қабығы.

       Инені өзекке 0,5-0,75 см-дей ендіріп дәрі жібергенде анестезия толығырақ болады, себебі, мұнда анестетик анестомозға да әсер етеді. Күрек тіс бүртігіне ине шаншщудан бұрын 2,3% дикаин ертіндісін жағамыз.

Бет сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы /С.Н.Вайсблат ұсынған/ басқаларынан жиірек қолданылады. Нысана белгісі ретінде құлақ түйінінен алға қарай жүргізілген сызығының орта тұсы алынады. Бұл сызық «құлақ-көз», немесе, «трагоорбитал» сызығы деп аталады. Сызықтың алдыңғы жағы көз шарасының сыртқы қыры мен бет сүйегінің төменгі бұрышын қосатын сызықтың ортасына дейін тіреледі. Тұжырымдап атқанда: траго-орбитал-ангуляраралық деген жөн.

Жалпы ереже: Ұзындығы 6-7 см-дей инені бет доғасының астына траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына тік шаншып 2,7-5,5 см-дей тереңдікте сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағына тақайды. Алдын ала инеге кигізілген тығын арқылы бұл тереңдікті белгілеп иненің жарымынан астам бөлігін суырып алады. Енді иненің ұшын 15-20 градусқа алға қарай бұрып жаңағы белгіленген тереңдікке шаншып 2-3 мл анестетик жібереді. Ине ұшы қанат-таңдай шұңқырының кіреберісіне жетеді, ал шұңқырдың көлемі небәрі 2 см3 болғандықтан анестетик борпылдақ тінге сіңіп мұндағы үшкіл нервтің екінші тармағын жансыздандырады.

Бет сүйегі асты жолы. Алдын ала сол колмен анықтап алған бет-альвеоляр қырының арт жағына инені шаншып ішке және жоғары бағыттап үстіңгі жақтың бұдырына жетеді. Сүйекті жағалай отырып 4,5-5,5 см тереңдікке қанат-таңдай шұңқырының кіреберісіне 2-3 мл анестетик жібереді.

Көз жолы /В.Ф.Войно-Ясенецкий ұсынған/. Инені көз шарасының төмен – сыртқы бұрышының үстін ала бет доғасының жоғарғы қыры тұсына, яғни одан 2-3 мм-дей жоғары горизонталь бағытта шаншиды. Инені көз шарасының сыртқы қабырғасымен жағалай жылжытып 4,5 см тереңдікте дөңгелек тесікке жетеді. Сол араға 2-3 мл анестетик жібереді.

Көз жолының Вайсблат модификациясы. Инені көз шарасының төменгі қырының ортасынан бірнеше мм-дей ішке таман шамалап шаншиды. Ұзындығы 5-6 см ине кигізілген шприцті оң колмен, ал көздің астыңғы қырының терісін сол қолдың сұқ саусағымен басып ұстайды. Әрі қарай инені сүйекті жағалай жылжытқан сайын үнемі аздаған анестетикті жіберіп отырады. Иненің ұшындағы анестетик көз алмасын, қан тамырлары мен нервтерді ығыстырып оларды жарақаттан сақтайды. 3,0-3,5 см тереңдікте 2-3 мл анестетик жібереді. Барлығы 5 мл дейін ендіруге болады.

Ауыз /таңдай/ жолы. Инені таңдайдың үлкен тесігінң тұсына шаншиды. Ине шаншитын кілегей қабыққа иод тұнбасын жағады. Ауызды мейлінше кере ашып инені таңдайдың үлкен тесігіне енгізеді. Тесікті бірден таба алмаған жағдайда аздап анестетик жіберіп, сүйекті жағалай жылжытып барып тесікті табады. Әрі қарай өзек ішімен 2,5-3 см жоғары, артқа жылжып барып 1,5-2,0 мл анестетик жібереді. 10-15 мин соң 2-ші тармақтың аумағы түгел жансызданады.

Үшкіл нервтің үшінші тармағын анестезиялау /бетасты-қанат-тәрізді жол/. Нысана – сопақша тесік. Инені траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына шаншиды. Тік шаншылған инені 2,7-5,5 см-дей терендікке жеткенде, сына тәрізді белгілеп алып, инені жарымынан астам бөлігін кері суырып, оның бағытын 15-20 градус артқа қарай бұрып, жаңағы белгіленген тереңдікке қайта шаншып 2-3 мл анестетик енгізеді, 10-15 мин соң үшкіл нервтің үшінші тармағы иннервациялайтын аумақ анестезияланады.

Бұл жансыздандыру мандибулярлы деп аталғанымен, төменгі жақ тесігіне жасалмайды, себебі төменгі жақ тесігі алдынаң тілшікпен жабылған және бұл жансыздандыруда төменгі жақ нервсі емес, оның перифериялық тармақтары /төменгі ұялық және тіл/ жансызданады.

Төменгі жақ тесігі төменгі жақтын бұтағының ішкі бетінде, төменгі жақтын алдынғы бетінен 15 мм, артқы бетінен 13 мм, төменгі жақтын ай тәріздес ойығынаң 22 мм, төменгі жақтын негізінен 27 мм орналасқан. Тесіктін биіктігі ересек адамдардың төменгі үлкен тістерінің шайнау беті аймағында орналасады, ал балалар және қарт адамдарда төмен.

Төменгі жақ тесігі алдынаң тілшік пен жабық болғандықтан, жансыздандырғыш дәріні 0,75-1 см жоғары салады. Осы арада борпылдақ тін бар.

       Нысана – төменгі жақ тесігі. Ол төменгі жақ бұтасының ішкі жағында орналасып, алдыңғы ішкі жағынан кішкене томпақ – төменгі жақтың тілшесімен қалқаланған. Орташа алғанда тесік жақ бұтасының алдыңғы шетінен 15 мм, артқы шетінен 13 мм, төменгі жақ ойығынан 22 мм, төменгі жақтың астыңғы қырынан 27 мм қашықтықта ораналасқан. Томпақ иненің тесікке жетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан дәрі тесіктен жоғары жіберіледі. Нервтің тесікке жетпей сүйек науасында жатуы анестетикті тесіктен 0,75-1 см-дей бигірек жерге енгізудің сәтті болатынын дәлелдейді. Бұл жерде орналасқан борпылдақ тін ерітіндіні өзіне жақсы сіңіреді. Ақыл тістің артқы жағында төменгі азу тіс артында үлкен және кіші ұшбұрыштары жатады. Кіші үшбұрыш самай қырының екіге бөлініп альвеола өсіндісінің ішкі және сыртқы жағына қарай жалғасуынан пайда болады. Самай қыры мен төменгі жақ бұтасының алдыңғы шетінің арасын ретромоляр шұңқыры немесе азуарты үшбұрышы деп атайды. Төменгі бұрышының ішкі жағына қанат тәрізді ішкі бұлшықеттің сіңірі келіп бекиды. Аталған ет пен төменгі жақ тармағының ішкі жағының арасы қанат-төменгі жақ кеңістігі болып табылады. Кеңістік жоғары жағынан қанат тәрізді сыртқы бұлшықетпен қоршалған. Төменгі жақ тесігін табу үшін бұл кеңістікті жақсы білу керек. Нысананы дәл анықтауда қанат-жақ қатпарының маңызы зор. Қатпар берік фасцияны қаптаған кілегей қабықтан құралып қанат тәрізді өскіннің ілмегі мен самай жотасының артқы шетін ала керіліп тұрады.

                   Ішкі тәсілдің саусақсыз /аподактил/ түрін А.Е.Верлоцкий жете талдаған. Ауыз әдеттегідей қатты ашылады. Шприц ауыздың қарсы бұрышында, инені қанат-жақ қатпарының сыртын ала үстіңгі және төменгі азулардың шайнау бетінің орта тұсынан 1,5-2,0 см тереңдікте сүйекке тіреп, анестетик жібереді. Егер иненің ұшы сүйекке тимесе оны біраз суырып, қарсы бетке көбірек бұрып сүйекке тигенше шаншу керек.

Қанат-жақ қатпары жалпақ болса инені оның орта тұсына, жіңішке болса қатпардың ішкі жжағына шаншиды.

Торус анестезиясы /М.М.Вейсбрем бойынша/. Нысана – төменгі жақ үстірті. Ол тәж және буын өсінділеріне жалғасқан қыраттардың қосылуынан пайда болып, төменгі жақ тармағының ішкі жағында төменгі жақ тесігінің аздап жоғары, алдыңғы тұсында орналасқан. Олар: төменгі альвеола, тіл және ұрт нервтері. Үстерттегі борпылдақ тінге енгізілген анестетик үш нервті түгел жансыздандырады.

Нысна көзі ретінде қанат-жақ қатпарының сыртқы бөлігі мен ұрттың кілегей қабығы арасында орналасқан ұрт сызаты есептеледі.

Ұрт нервісін жансыздандыру. Оны жасау үшін инені төменгі жақ тармағының алдыңғы қырына, үстінгі азу тістердің шайнау беті деңгейіне шаншып 1 см-дей тереңдікке ендіреді. Бұл анестезия сирек қолданылады. Төменгі жақтың альвеола өсіндісінің босаға жағындағы кілегей қабығын жансыздандыру үшін анестетикті жұлынатын тістің тұсындағы өтпелі қатпарға ендіреді.

Тіл нервісін жансыздандыру. Ол үшін ертінідіні төменгі жақтың самай қырының ішкі жағына төменгі альвеола нервісінің анестезиясымен берге ендіреді. Инені аталған жергі не бары 0,75 см ғана ендірсе тек қана тіл нервісі жансызданады.

Тіл нервісі 3-ші азудың тұсынан анестетикті альвеола өсіндісінің ішкі жағынан ауыз түбінің кілегей қабығы астына инемен 0,5-1,0 мл енгізгенде де жансызданады. Бұл арада тіл нервісі тек кілегей қабық астында жатады.

Анестезия аумағы. Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі, жақтың ішкі бөлігінің қабығы мен ауыз түбінің кілегей қабықтары.

Берше-Дубов анестезиясы. Жақ қарысып қалғанда шайнау еттерін босаңсыту үшін Берше анестезиясын қолданамыз. Ол үшкіл нервтің үшінші тармағының қимыл талшықтарын жансыздандырады /шайнау, самайдың терең және қанат тәрізді нервтері/ да науқастың аузында операция іс-қимылын жасауға мүмкіндік береді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.116.137 (0.006 с.)