Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі. Қазақ Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 10000 тұрғынға 4 дәрігер – стоматолог бөлінген. Стоматология емханаларында 7-12 штаттан тұратын хирургия бөлімшелерінде 0,5 ставкаға бөлім меңгерушілері тағайындалады. Егер бөлім 12 штаттан тыс болса, онда оған қосымша меңгеруші тағайындалады. Хирург – стоматолог бөлім меңгерушісіне немесе емдеу –профилақтикалық бөлімінің меңгерушісіне бағынады. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 20 дәрігерге 1 дәрігер-анестезиолог 25 дәрігерге 1 дәрігер-рентгенолог тағайындалған. Бір дәрігерге бір медбике және бір санитарка тағайындалады. Бөлімдерді /бөлімшелерлі/ керекті құралдар, төсек-орындар, жиһаздармен жабдықтауда, «ауруханалар және емханалар жабдықтау тізімі» және «Бір дәрігер-стоматолог және тіс технигіне жұмсалатын стоматологиялық материалдардың уақытша мөлшері» туралы бұйрықтарды нұсқау етіп алған жөн. Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру. Хирургия бөлімінің жұмыс нәтижесі тәжірибесі мол мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың еңбегінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Жұмыс кестесін әрбір кезекте бір тәжірибесі мол дәрігермен бір жас дәрігерді қосып жасаған дұрыс. Себебі жас дәрігер тәжірибелі дәрігерден оқып үйренеді. Егер кезекте бір дәрігер-хирург істейтін болса, онда тәжірибелі дәрігерді аурулар көп келетін кезекке қойған абзал. Емдеу жұмысын ұйымдастыру. Хирургиялық операциялардың мөлшері мен түрі – дәрігер-хирургтің тәжірибесіне байланысты. Операция емханалық жағдайларда, тек қана операциядан кейін үйіне өз бетімен немесе біреудің көмегімен кететін ауруларға жасалады. Жасалатын операциялар ішінде тіс жұлу операциясы көбірек кездеседі. Емханада жасалатын ауыр операциялар қатарына: дистопия, жартылай ретенция, ретенция болған тістерді алу, периостит, лимфаденит кезіндегі ірінді шығару, жұмсақ тіндердің жарақатын тігу, жақ сүйектері сынғанда, шығып кеткенде орнына салу жатады. Бұл операциялар жоспарланбаған топқа жатады. Емханаларда жоспарлы жасалатындарға тісті реплантация, трансплантация, имплантация жасау, тіс түбірінің ұшын кесі, жақ-бет аймағындағы жұмсақ тіндерде, сүйектерде кездесетін кішігірім қатерсіз ісіктерді, биопсия, сары сулы ісіктерді, сілекей бездерінің түтіктерінде орналасқан тастарды алу, сонымен бірге кішігірім ақауларға пластика жасау, секвестрэктомия және пародонтит дерттерін хирургиялық әдіспен емдеу жатады. Бөлімнің /бөлімшенің/ жұмысы бөлмелерді ауру қабылдауға дайындықтан бұрын басталады. Бөлменің санитарлық жағдайын тексереді күнделікті әрбір кезек басталар алдында мейіркеш екі стерилді стол дайындайды. Оның бірі құралдарға арналса, екіншісі таңу жабдықтарына арналған. Егер бөлмеде екі мейіркеш болса бірі стерилді столдарда аподактикалды тәсілмен айналысып, екіншісі дәрігерге ауруларды қабылдауға көмектеседі. Мейіркеш жалпы жағдайлары ауыр науқастарды дәрігерге бірінші кезекпен кіргізеді, қалғандарын дәрігерге жазылу уақытына байланысты кезекке қояды. Ауруларды дәрігерге тек сыртқанамамен ғана кіргізу керек. Қабылданғаннан кейін дәрігер ауруларды зерттеп, диагнозын қойып, емдеу кезегін белгілейді. Жоспарымен жасалатын операцияларды арнайы кітапшаға тіркеп, олардың күндерін белгілейді. Барлық қортытындылар және дәрігер нұсқаулары мекеменің арнайы іс қағазына жазылады. Ауруды зерттеу нәтижесінің мәліметтері, дәрігердің ісқимылдары, нұсқаулары және ем нәтижесі сыртхатнамаға жазылып, ауруды қайта қарау керек болса, уақыты, күні, бөлменің саны және дәрігердің бөлмесінде сақталады. Үйіне көмек көрсетілетін ауруға, дәрігер мейіркеш бөледі. Операция жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру. Операция алдында дәрігер медбикені жасалатын операциялардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен метариалдарды дайындауға тапсырма береді. Заласыздандырған заттарды екі столға бөледі, бірі таңу жабдықтары, екіншісі құралдар үшін. Хирургке операция жасауға көмекші қажет. Оның қызметін, тәжірибелі мейіркеш, дәрігер неме жоғары курс студенттері атқарады. Операциядан кейін ауруды 30 минутен 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн. Әдетте күрделі стоматология емханалары кеңес беру – методикалық орталық болып есептеледі. Оларға басқа мекеме, аудан дәрігерлері ауруларды кеңес алу үшін жібереді. Бұл емханаларда кеңес беруші болып ғылыми атағы бар дәрігерлер істейді. Осымен қатар оларға облыстық, аудандық, емханалар бекітіледі. Әрине, хирургия бөлімдері жұмысының ішінде дерттің алдын алу қызметі жоғары орында болуы қажет. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында «Дәрігер-стоматологтың бақылауында болатын науқастардың диспансерлік үлгісінің жобасы» берілген. Хирургиялық стоматология ауруханасы жұмысын ұйымдастыру.Қазіргі хирургиялық стоматология мен жақ-бет хирургиясы ауыз қуысына жасалатын операциялардан бастап, өте қиын катерлі ісікті алу және күрделі пластикалық операциялармен айналысады. Осыған байланысты хирургиялық дерттері ауыз қуысында, жақ сүйектерде, бетте, мойында орналасқан науқастарға толық көмек көрсету үшін областық, қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында жақ-бет хирургиясының бөлімдері жұмыс істеуі қажет. Операциялық блоктың санитарлық-гигиеналық талаптары. Операциялық блоктың /көлемі, едені, қабырғалары, есік-терезелері, жарықтығы температурасы және т.б./ тиісті құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Операциялық блок операция жасайтын, операция алдындағы, стерилизация жасайтын, наркоз аппараттары тұратын, құралдар сақталған, хирург және мейіркеш отыратын, материалдар тұратын, гипс салатын, душ қабылдайтын бөлмелерден тұрады. Мүмкіндігіне қарай операция жасайтын екі бөлме болуы қажет. Бірі жақ-бет аймағында пластикалық операциялар, екіншісі ауыз қуысына және ірінді операциялар жасайтын бөлме. Оларға кіретін есіктер бөлек болуы қажет. Егер екі бөлме болмаған жағдайда, бірінші кезекте «таза» операция жасалынып, екінші кезекте ірінді операцияларды жасауға болады. Осыдан кейін бөлмені, ондағы жиһаздарды антисептикалық /хлорамин, лизол, сулема т.б./ ертінділерімен тазалап жуғаннан кейін, бактериоцидтік шаммен тазартады. Клиникадағы операция бөлмесіне көп студенттер, курсанттар кірмеуі үшін, операцияны телевизор арқылы алыстан көрсететін бөлме дайындаған жөн немесе операциялық бөлменің төбесін /күмбезін/ жақсы көрінетін әйнекпен жабу қажет. Жақ-бет бөлімінде ауруларды таңатын екі бөлме қажет. Олардың бірінде «таза» операцитядан, екіншісінде ірінді операциялардан кейінгі науқастарға жәрдем көрсетіледі. Бөлімде операциялық блоктан, таңу бөлмелерінен басқа, тіс және ауыз қуысын емдеу, дәрігер-протезист, ауыз қуысын тазалайтын бөлмелер болулары қажет. Осымен қатар шағын /1-2 орынға/ тіс техникалық лабораториясы болғаны жөн. Егер ауруханада кино-фото лабораториясы болса, оны жақ-бет хирургиялық бөлімі кеңінен пайдалануы қажет. Әрбер бөлімде, оның мүмкіншілігіне қарай, операциядан кейін науқастар жататын екі /ер, әйелдер/ бөлме, төсек басында оттегін, азот қышқылын жіберетін бөлмелі щиток және сорғыш резервуармен қосылатын штуцер болуы керек. Жақ-бет аймағындағы аурулардың ауруханалармен қамтамасыз ету үшін /Ф.А.Любилов, Г.А.Попов, Т.М.Лурье зерттеулері бойынша/ 10000 тұрғынға 1,7 төсек керек. Республикалық, облстық, қалалық, ауруханалардағы жақ-бет хирургиялық бөлімдер сол жердегі орталық ұйымдастыру және методикалық орын болып табылады. Олар студенттер және курсанттар оқытатын орталық клиника болып саналады. Бөлмелер штатына сол ауруханаларда жұмыс істейтін стоматологтардың барлығы кіреді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.34.80 (0.011 с.) |