Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Төменгі ақыл тістің қиналып жаруыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
5.Ұсынылатын әдебиеттер. Негізгі әдібиеттер: 1.Ж.Б.Оразалин., Қ.Т. Төлеуов. Хирургиялық стоматология. Алматы. 2000. 2.Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии. Витебск, 2000. 3.А.А.Тимофееев. Руководство по челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии. Киев-2002.
Қосымша әдебиеттер: 1.Дунаевский Н.Н. и соавт. Хирургическая стоматология. – М., Медицина, 1979-472 с. 2.Евдокимов А.И. Руководство по хирургической стоматологии. – М., 1972. 3.Муковозов И.Н. Дифференциальная диагностика хирургических заболеваний челюстно-лицевой области. Л., 1982. 4.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Атлас рентгенограмм. –М., - 2002. -302с. 5.Рабухина Н.А., Аржанцев А.П. Рентгендиагностика в стоматологии. – М. 1999. 452 с. 6.Робустова Т.Г. и др. Хирургическая стоматология. – М. 2202. 7.Соловьев М.М. Пропедевтика хирургической стоматологии. – М., Мед-Пресс. 2007. 8.Робустова Т.Г. Организация хирургической стоматологической помощи населению //Хирургическая стоматология, - М., 1996. – 12с.
6.Бақылау сұрақтары: 1.Одонтогенді қабыну аурулары деп аталу себебі не? 2.Одонтогенді қабыну ауруларының аллергиялық реакция ретінде даму теориясының авторы? 3.Одонтогенді қабыну инфильтраттың қалай түсінесіз? 4.Инфекцияның шығу көзі бір тіс пародонтымен шектелген жұмсақ тіндердің іріңді қабыну ауруы қалай аталады? 5.Сүйек тіндерінің қабынумен жүретін,бірнеше тіс пародонтың қамтыған одонтогенді қабыну ауруы? 6.Сүйек тінінің қабынумен жүретін бір тіс пародонтымен шектелген қабыну ауруы? 7.Қабыну аурында инфекцияның шығу көзі ауыз қуысы шырышты қабығы болса қалай аталады? 8. Инфекцияның шығу көзі бір тіс пародонтымен шектелген жұмсақ тіндердің жайылған қабыну ауруы аталады? 9.Одонтогенді қабыну ауруларының анамнезіне ортақ белгі? 10.Жұмсақ тіндердің қабынумен жүретін одонтогенді қабыну ауруларына жатады? 11.Периодонт дегеніміз не? 12.Перидонтиттың ағымына байланысты топтамасы? 13.Егер периодонтит пулпитті емдеу мақсатында салынған мышьяктан кейін дамыса қалай аталады? 14.Рентгенде тіс түбірі аймағында шекарасы аңық деструкция қай периодонтитке тән? 15.Созылмалы периодонтитте қай кезде ауырсыну,тіс өсіп кеткен тәрәізді симптомдар дамиды? 16.Инфекцияның шығу көзі бір тіс пародонтымен шектелген сүйек қабықшасының қабынуы аталады? 17.Жақтың жедел периоститі ағымына байланысты бөлінеді? 18.Жақтың жедел периоститі және өршіген созылмалы периоститке тән белгі? 19.Түбірдің ұшын маңындағы қабыну ошағымен толық алу қалай аталады? 20.Тісті сауытының жартысымен және бір түбірімен кесіп алу операциясы аталады? 1.Тақырып: Тіс жару аурулары.Диагностика қағидалары және емі. 2.Мақсаты: 1.Тістін кедергілінеп жару ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, негізгі тәсілдерін білу 2.Төменгі ақыл тістін қиналып жаруының асқынуларын, этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, негізгі тәсілдерін білу 3.Төменгі ақыл тістін қиналып жаруы асқынуларының хирургүиялық ем түрлерін білу 3.Дәрістің тезисы: Тіс жару процессі – физиологиялық процесс. Жақ бет сүйегіне әр түрлі эндогенді,эгзогенді патологиялық процестердің әсерінен, тістің қалыпсыз жағдайынан,толық дамыған тіс ұрығының тіс қатарында дұрыс орналаспауы,немесе кедергіленіп жаруы байқалады. Тістің тіс қатарында дұрыс орналаспауы, кедергіленіп жаруы төмендегі топтарға бөлінеді: Дистопиятолық жетілген тістің тіс қатарынан ауытқуы. Дистопия әртүрлі,тістің тіс қатарынан сәл ауытқуынан, тіс ұрықтарының гаймор немесе мұрын түбі нде орналасуына дейін болады. Тіс ұрығының қалыпсыз жағдайынан тістің жаруы мүмкін емес болса – инклюзия деп аталады. Ретенция толық жетілген немесе жетілмеген тістің тіс қатарына өз мерзімінде жармауы.Егер тіс ұрығы жартылай жарса-жартылай ретенция, тісжақтың ішінде жатса, мүлдем шықпаса толық ретенция деп аталады. Тістің кедергіленіп жаруы тістердің ұрықтану процестерінің бұзылуынан болса –адентия. Ретенция және дистопия тұрақты және сүт тістерде де кездеседі. Бірақ көбінесе тұрақты тістердің ретенциясы жиі кездеседі. Толық ретенцияға жоғарғы жақ сүйекте жиі ит тіс, төменгі жақта кіші азу тістер, жартылай ретенция төменгі ақыл тіс. Тістердің кедергіленіп жару себептері толық зертелмеген.клиникалық байқауларды зертеу негізінде негізгі үш топқа бөледі: зат алмасу және инфекция; филогенез; жергілікті фактор. Бірінші факторға эндокгринді бұзылыстар оның ішінде қалқанша,қалқанша аралық бездердің қызметтерінің бұзылыстары, рахит, мерез, авитоминоз, және т.б. Осы жоғарғыдағы факторлардың әсерінен жақтың белгілі бір бөлігінің дамуы бұзылады, тіс ұрықтарының қалыптасуы бұзылып немесе тіс ұрығының өліміне әкеледі. Филогенез. Даму процесінде адамның тістерінің санымен ,мөлшері біркелкі қалпында қалған, бірақ жақ сүйектерінің көлемі кішірейген. Сондықтан кейбір тістерге шығатын орын болмай қалады.Сол себептен тіс шықпай жақ ішінде қалып қояды. Алвеоларлы өскін барлық тіс ұрықтарымен төменгі жақ денесіне симайды,төменгі жақ бұтағының ішкі бетіне қарай жылжиды,ақыл тістердің шығуы мүмкін емес. Жергілікті факторлар.1.сүт тіс ұрығында дамыған қабыну процестерінің әсерінен тұрақты тіс ұрығының улануы. 2.Сүт тістің ұяшықта дер мерзімінде түспеуі,тұрақты тістің жолын бөгейді. 3.Жарған көршілес тіс түбірімен,тіс ұрығының бірігіп кетуі. 4.Сүт тістің ерте жұлынуынан,алвеоларлы қырда қатты тыртықтың дамуы. 5.Сүт тістің ерте жұлынуынан,қасындағы көршілес тістердің тіс сауыттарының конвергенциясы,осы тістің орнына шығатын тұрақты тісөзінің жолында бір біріне қарай қисайған екі тіс сауытынан кедергіленеді. 6.Тіс түбірінде патологиялық процесстің дамуы/цементома,сүйектің қалындауы/. 7.Тіс түбірінің қисайуы 8.Тіс ұрығының жақ денесінде терең орналасуы. 9.Жарақаттың немесе қабынудан кейін иекте қатты тыртықтардың дамуы. 10.Тіс ұрығы аймағында фолликулярлы кистаның дамуы. 11.Тіс ұрығының жақтың қатерсіз ісіктерімен ығысуы. 12.тіс ұрығы аймағында қабынудың дамуы. 13.Тіс ұрығының мөлшерінің ұлғайуы,эмаль тамшысы түрінде. Клиника. Клиникалық көрінісі болмауы мүмкін,кездейсоқ рентген суреттееде табылады. Кейде науқастар жақ сүйегінің сыздап ауруына,тістерінің ауруына,ерінің ұюына шағымдануы мүмкін. Сырт көзбен қарағанда тіс қатарында тіс жоқ, анамнезінде тіс жұлынбаған. Кейбір уақытта алвеоляр өскініне палпация жасағанда шығып тұрған төмпешік байқалады. Көршілес тістердің себепсіз босауы, жақта жылан көздің болуы, рентгенде жақ ішіндегі тіс көленкесі. Тістің кедергіленіп жаруы көршілес тістердің пулпитімен, периодантитпен, остеомиелитпен, абцесс,флегмоналармен,перикоронаритпен,лимфаденитпенасқынуы мүмкін. Кейбір уақыттарда кедергіленіп жарған тіс аймағында фолликулярлы кисталар, адамантиномалар дамыған. Емі.Кедергіленіп жарған тістердің емі хирургиялық,консервативті жүргізіледі. Консервативті ем тіс ұрығына орын дайындау, ортодонтиялық аппарат көмегімен, немесе иекті әр түрлі қоздырғыштармен қоздыру. Тістердің шығуы мүмкін болмағанды, хирургиялық ем қолданылады. Тіс қатарынан тыс орналасқан, қызыл иекті, ұрт, тіл шырышты қабықтарын жарақатайтын тістер міндетті түрде жұлынады. Егер тіс жақтың ішінде терең орналаса, ондай тістер қабыну белгілері болмаса, науқасты мазаламаса, тіс қалтырылады. Бұл тістерді жұлғанан кейін невралгия, неврит, төменгі альвеолярлық артериядан қанның ағуы болуы мүмкін.Тісті жұлар алдында міндетті түрде рентген жасалып, операциялық жол тандалады. Егер тіс жақтың сыртқы бетіне жағын орналаса тілік сыртқы жағынан, өтпелі қатпарға горизантальды жасалып,алдынғы шеті төмен созылады. Егер тіс таңдай жағына жақын орналаса, тілік таңдай жағынан жасалады. Кортикальды қабатты алғаннан кейін тіс қысқыш немесе элеватормен жұлынады. Жоғарғы кіші азу тістерді жұлғанда жоғарғы жақ қуысын түбін тесіп алмау қажет. Төменгі жақтың ретенцияға ұшыраған тістерін жұлғанда операциялық жол тістіңорналасуына байланысты. Ретенцияға ұшыраған тістерді жұлғанан кейін, жұлу кезінде болатын асқынулар. 1.Көршілес тістңн зақымдалуы. 2.Қанның тоқтамауы,таңдай немесеиек артериясының зақымдалуынан. 3.Мұрын түбінің немесе жоғарғыжақ қуысының түбінің тесілуі. 4.Операциядан кейін неврологиялық ауырсынулар. 5.Жараның іріндеуі. Төменгі ақыл тістің қиналып жаруына- перикоронарит, периостит, остеомиелит, флегмоналар жатады. Патогенез. Көбінесе қабыну процестері тістің жаруы кезінде дамиды. Олардың патогенезінде көптеген болжамдар бар, оларды негізгі екі топқа бөледі. 1.теория төменгі ақыл тістердің қиналып жаруын,оның үстіндегі шырышты қабықтың зақымдалуымен байланыстырады. Бірақ кез келген тіс шырышты қабығының жарақатануы тістің қиналып жаруына әкелмейді. Ақыл тістер үсті шырышты қабынуы, тіс бұдыры шығанда дамиды, тіс үсті қалтасы болғанда, оның ішінде тамақ қалдықтары,микробтар ұзақ уақыт қалып қояды 2-теория. Ақыл тістердің манындағы тіндермен жағымсыз байланысы. Орынның жетіспеушілігі-филогенез процесінде төменгі жақ редукцияға ұшырайды,онтогенз процесінде төменгі жақтың толық жетілмеуінен. Төменгі ақыл тістің қиналып жаруы асқынуларын Е.А.Магид;В.М.Штейнберг төмендегі топтарға бөледі: 1.Тістің бүркеніш жұмсақ тіндерінің қабынуы: А-Жедел перикоронорит 1.Катаральды; 2.Іріңді; 3.Жаралы. 4.Созылмалы перикорнорит.
Төменгі жақ сүйек манайындағы жұмсақ тіңдердін қабынуы. 1.жедел іріңді периостит. 2.абцсесс,флегмона. 3.ауыз шырышты қабығының жедел қабынуы. Төменгі жақ сүйегінің қабынуы. А-одонтогенді жедел остеомиелит
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.152.69 (0.006 с.) |