Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар

Поиск

Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар

Асқынулар жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы асқынулар: талу, коллапс, шоқ аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.

Талу – мидың қан айналысының бұзылуынан /анемиядан/ аяқ астынан болатын жағдай. Оның себептері науқастың хирургия аспаптарын, қанды, мамандардың қимылын көргеннен, алдағы болатын іс-шараларды ойлап қатты қорқуы. Беібімдейтін жайлар: қалжырап шаршау, ұйқы ұанбау, жүйкенің жұқаруы, аштық, улану т.б.

Клиникасы. Бет куқыл тартып көз қарауытады, әлсіреп басы айналып, лоқсып, құлағы шулайды, қол-аяғы мұздап, салқын тер шығады. Көзі аларып, қарашықтары ұлғайып науқас естен танып, қолдары еріксіз салбырап, орындықтан срығып немесе құлап түсуі мүмкін. Тамырдың соғуы жиілеп, білінер-білінбес болады. Бұл көрініс бірнеше минутқа созылады, сосын барып науқас есін жияды. 20-40 мин уақыт бойы ол әлсіреп, басы ауырады.

Емі. Операцияны шұғыл тоқтатып, басты төмендету, орнындықтың арқасын түсіру немесе науқасты төсекке /тіпті еденге/ жатқызу. Терезені ашып, тыныс алуға кедергі жасайтын, белдіқ іш-киім ілгектерін босату. Мүсәтір спиртін иіскеті. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, жүрек пен тыныс қызметін жақсартатын дәрілер егу крек /10% кофеин, 10-20% камфора майы, 1% лобелин, цититон ерітінділері/.

Алдын алу. Бейімдейтін жайларды болдырмау, ал олар белгілі болса, кіші транквилизаторлармен премедикация жасау керек.

Коллапс – организм қызметінің күрт бұзылып нашарлауы. Талудан күрделірек асқыну.

Бейімдейтін жайлар. Ол көп қан жоғалтқан, жарақат алған жүйкенің қалжыраған, уланған, жұқпалы аурумен ауырған кездерінде болуы мүмкін.

Клиникасы. Күтпеген жерден науқастың оңі бозарып, құрғайды /кейде қызарып, терлейді – вазомотор/. Ақыл-есі қалпында, көруі нашарлайды. Жүрек қызметі бузылады /жүрек соғуы нашарлайды, тамыр соғуы әзер білінеді, аритмия, қан қысымы 60/30 мм с.б., аздап қоляақ тырысуы сезіледі/.

Емі. Науқасты горизонтал жайғастырып, аяқ-қолды көтеріңкі етіп ұстаған жөн. Қымтап жылытып, ыстық шай немесе кофе ішкізеді. Содан соң тамыр тарылтқыш /адреналин, мезатон/, глюкокортикоид /преднизолон, гидрокортизон/, жүрек 0,5-1,0 мл 0,5% строфантинді 10-40 мл 40% глюкоза немесе физиологиялық ерітіндіге араластырып егеді/ дәрілердін егеді. Коллапсы кезінде науқасқа керекті әрекеттер жасалынбаса өлім қаупы төнеді.

Аллергиялық реакциялар:

Есекжем. Нерв жүйесі функциясы бұзылған кезде пайда болады. Анестетик енгізген соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп, қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады. Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа жерде пайда болып жалғасып отырады. Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі де бар.

Емі. Димедрол, бром ішу күн сайын 0,1% 1мл-ден тері астына адреналин егу. Жағдай ауырласа суда ерігіш гормондар /преднизолон, гидрокортизон/ қолданылады.

Квинке ісігі теріде, кілегей қабықта болатын шектелген, жедел ағымды ісік. Жұтқыншақ, көмекей ісігі тыныс алу мен жұтуды қиындатады. Ісіктер қышымайды, ауырмайды, тек бозарып тұрады. Аймақтын лимфа түйіндері өзгермейді. Квинке домбығуы қалқанша безі қызметі нашарлаған адамдарда жиірек болады.

Емі. Тері астына атропин, венаға 10% хлорлы кальций ерітіндісі енгізіледі. 6-8 күндей димедрол не супрастин ішу керек.

Шок – барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі Х.П.Шустердің /1989/ қорытындалуы бойынша: а/науқас жағдайының қиындағаны туралы хабар; б/шығу себебі мен бейімдейтін жағдайларға қарамастан, организмнің өте қиын халде болуы; в/жарақат ауруының басталуы; г/организмнің жарақатқа жауап әрекеті. Даму себептеріне байланысты шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық, кардиогендіқ психогендік т.б. болып жіктеледі. Іс жүзінде стоматологияда анафилактикалық шок жиі кездеседі. Новокаинның анафилактикалық шок тударатын дәрілердің ішінде 4-ші орында екендігін есте ұстаған абзал. Бұл асқыну өзінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық анамнезі ауыр болған науқастарда жиі кездеседі. Анафилактикалық шоктың белгілі кардиальды, астмоидты, церебральды, абдоминальды түрлері бар. Ол жай түскендей, дар дәріні енгізген соң біраздан кейін мазасызданып, қорқып беті мен қол-аяғы қышып, жыбырлап құлағы шулап басы ауырады, терлейді. Беті бозарып тамырлары тартылып, естен тануы мүмкін. Көз қарашығы ұлғайып, жарыққа қимыл әсері сақталады. Төс тұсы ауырып, ол жүрекке жылжиды. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Эпигастрия аймағындағы сезілген ыңғайсыз жағдай іштің шаншуына ұласып, лоқсу күшейтіп науқас құса бастайды. Кейбіреулердің іші кеуіп, еріксіз зәрі мен нәжісі шығып кетеді. Кейде тыныс тарылса, кейде асфиксия болады.

Шоқтың басқа түрлерінде бір ағзаның жаралануы айқын білінеді. Шок жай түскендей немесе ауыр ауыр жүрген жағдайда науқасты тез арада жоғалтып алу каупі төнеді. Ал шоктың орташа, жеңіл өткен түрлерінде жаңағы аталған белгілер білінеді.

Емі. Жағдайда байланысты түрліше әрекеттер жасалады. Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы тыныс жолдарын ашып күштеп /жасанды/ тыныс алдыру керек. Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5мл адреналинд3 5,10 мл-дей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді. Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді анестетик жіберген жерге енгізеді. Гистаминге қарсы дәрілер /1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1% 0,5 мл гидрохлорид адреналин венаға, бұлшықетке/ қолданылады. 5% 100-120 мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы нәтиже береді. Бронхоспазм күшейе бастаса 2,4% 10 мл эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин жібереді. Жүрек қызметін қалптастыру үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4 мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді. Дәрілер венаға жіберіледі. Сонымен қатар оттек ингаляциясы жасалады.

Жағдай жөнделмесе дәрілерді қайтадан қолданамыз. Қажет болған кезде жүрек-өкпе жүйесі реанимацияланады. Анафилактикалық шокты бастан кешкен науқастар жүреқ бүйреқ асқазан-ішек жолдарынан болатын асқынулардың алдын алу үшін арнайы бөлімдерде жатады. Мұқият зерттеп талданған аллергологиялық анамнез асқынулардың алдын алуға жол ашады.

Идиосинкразия. Қазір жергілікті анестетиктерге идиосинкразия көбірек ұшыраса бастады. Оның белгілері: теріде, қызыл дақтардың пайда болуы, қышу, ыстықтап барып терлеу, кейде бет-ауыздың көгеруі, талу.

Аталаған жайларды жою үшін венаға 1% 1-2 мл димедрол, яғни 2,5% 1-2 мл пипольфен, супрастин ерітінділерін 10% 10,0 мл хлорлы кальцийге аралыстырып жібереді. Науқасты жатқызып, оның тамырын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалайды. Жағдайы нашарлай бастаса жедел реаниматорды көмекке шақырады, себебі, организмнің анестетикке сезімталдығы өте жоғары болса, алғашқы белгілер өрістеп коллапс, анафилактикалық шокқа жалғасуы ықтимал. Терідегі қызыл дақтар жайлап өшіп науқас жағдайы қалыптаса бастаса 1 сағаттың ішінде үйіне қайтаруға болады. Науқасқа қай анестетикке реакция болғандығы жайлы ескертеді. Сырқатнамасының бірінші бетіне жаңыға анестетикті көтере алмайтыны жайлы белгі қояды.

Алдын алу. Науқасқа бір кездерде жағымсыз әсер еткен дәрілерді сынап көру. Бірнеше рет анестетик қолданылатын науқастарға алдын алы /3 күн бұрын/ гистаминге қарсы дәрілермен /пипольфен, димедрол, супрастин/ премедикация жасалады.

Новокаинмен, тримекаинмен улану. Организмге новокаин мен тримекаинді белгілі мөлшердер артық ендіру улануға соқтырады.

Улану орталық нерв жүйесін қоздырады, содан кейін оның қызметін тежеп қоллапмқа, тыныс алу мен жүрек қызметін тоқтатуға соқтырады. Уланудың жеңіл түрінде науқас лоқсып, басы айналады, ыстықтап, аяқ-қолының еті тартылады.Уланудың ауыр түрінде бұл аталған жайларға нерв жүйесінің қозуы, тырысу қосылады. Көп кешікпей қозу тоқтап, тежеу басталып тыныс алу токталады. Қозу мен тежеудің тез алмасуы бірнеше минут ішінде болуы /кейде сағаттарға созылуы/ мүмкін.

Емі. Уланудың жеңіл түрінде науқасты жатқызып, мүсәтір спиртін иіскетіп тыныс халде қалдырған жеткілікті. Уланудың ауыр түрінде венаға тез әсер ететін барбитураттар /13% 1-2 мл тиопентал натрий/ жібереді. Барбитураттар анестетик күшін азайтып оның улау әсерін тежейді. Қажет жағдайда 10-12 минуттан соң барбиураттарды қайтадан венаға жіберіге болады. Тыныс алу нашарлағанда /респиратор арқылы/ күштеп тыныс алдыру керек. Онымен қатар тырысуға қарсы кураре тәрізді дәрелері де қолданылады. Уды организмнен айдап шығу үшін тездетілген диурез /маннитол, лазикс/ қажет.

Емханада уланудың белгілері сезіле бастағаннан-ақ оған қарсы күрес шараларын жүргізіп, жедел жәрдем шақыру керек. Улануға қарсы қолданылатын дәрілер емханада дайын тұруы қажет.

Жергілікті асқынулар. Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақ анестезиясының кез келген түрінде ине сынуы мүмкін. Ине көбіне канюляның түбінен сынады. Ол коррозияға ұшыраған, тозған инені қолданғанда немесе анестезияны инені күштеп жылжытып жасағанда сынады.

Алдын алу. Иненің бүтін жаңа екендігін тексеріп отыру, нысанаға жеткенде сыртқа 1см-дей қалатындай ұзынырақ инені қолдану, анестезия техникасын дәл орындау.

Емі. Иненің орналасқан жерін дәл анықтау үшін бірнеше проекцияда рентген суреттері түсіріледі. Ине ешқандай жылжымай бір орында қалып, тұрған жері ауырмаса аса қауіп тудырмайды уақыт өте келе капсулаланып қалып қояды. Олай болмаса, оны стационарда хирург операция кезінде алып тастайды.

Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы. Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда, анестезия техникасын дәл ұстамағнада болуы мүмкін. Туберал анестезиясы кезінде қанат тәрізді вена өрімдері жараланып, тез арада гематома пайда болады, ұрттың жұмсақ тіндері ісіп шыға келеді. Гематома өздігінен ыдырап тарайды немесе іріндейді.

Алдын алу. Жақсы инелерді пайдалану, инені жылжытқанда суйекті жағалап ине алдына анестетик жіберіп отыру. Бұл асқыну туберал анестезияда жиі кездесетіндігін ескеріп, оны толық қажеттілік туғанда ғана жасау.

Емі. Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып, қысып таңып, бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн. Іріндеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер, кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ұолданылады. Іріндеген гематоманы тіліп, қабынуға қарсы, десенсибилизация дәрілерін тағайын-дайды.

Бет терісінің ишемиясы. Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырының таралуынан болады, сондықтан бет терісі тез ағырып кетеді. Бірақ бұл көрініс көп ұзамайды. Емнің қажеті жоқ. Инфраорбитал, ментал анестезияларында жиі кездеседі.

 Нервтің жаралануы. Анестезия техникасын бұзған кезде нысынадағы нерв пен бірге оның маңындағы нервтер жаралануы мүмкін. Эндоневрал анестезиясы кезінде ине нерв талшықтарын узіп, жыртып кетуі белгілі симптомдар /парестезия, ауыру, температура, тактилді сезімдердің төмендеуі/ арқылы біліндеі. Кейде көп мөлшердегі анестетикті жылдам енгізгенде де нерв талшықтары жарақаттанады. Мандибуляр анестезия кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет нервтері анестезиясында ымдау етінің парезі пайда болады. Осы сияықты инбраорбитал анестезиясы кезінде бет нервінің ұрт пен тармақтары жансызданады. Үшкіл нервтің жарақаты күннен айларға созылатын парестезия мен невралгия түрінде болып, оның тармақтарының тітіркенуі бет нерві мен симпатикалық нервтерге тарауы мүмкін.

Алдын алу. Үшкіл нерв пен оның маңындағы нервтердің жақ пен бет топографиясын жете білу, жақсы инелерді қолданып, анестезия техникасын мүлтіксіз орындау.

Эндоневральды жарақаттарда невритке қолданылатын ем /физиотерапия – УЖЖ, соллюкс, аналгетиктер, витаминдер/ жасалады. Дәрінің әсерінен болған парез өзінен-өзі кетеді, оған ем қажет емес.

Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен бірге қантамырға түсуі. Бұл асқыну дәрігерлің олақтығының салдары болып табылады.

Жаңылысып басқа дәрілерді /спирт, сілті, сутегінің қостығы т.б./ қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл дәріханадан жаңылысып басқа дәрі бері немесе емханада анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрігерлердің ұқыпсыздығының салдары.

Бұл қателіктің алғашқы белгісі – дәріні ендіре бастағанда-ақ қатты ауыру.

Алдын алу. Анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап, қолданар алдында этикетикасына назар аударып, органолептиктік тексеру /дәмі, иісі, түсі/, новокаинге Лукомский сынағын жасау.

Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің концентрациясын төмендету үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25% новокаин, физиологиялық ерітіндімен /80-120-150 мл/ блокада жасалады. Содан соң барып тілу керек. Іріндеп некроз болмауы үшін антибиотиеткре қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып, қадағалап тұрады.

Инфекция ендіру. Асептика ережелері бұзылғанда /анестетиқ ине, шприц стерилді болмаса/ абсцесс, флегмона, қан тамыры нерв жаралағанда қабыну процесі басталады.

Алдын алу. Асептика шарттарын қатаң түрде сақтау /ерітінді, инструменттер, дәрігердің қолы, операция аймағы стерилді болуы керек/. Ине шаншудан бұрын ауызды әлсіз антисептик ерітіндісімен шайып, ине шаншитын жерді йод ерітіндісімен залалсыздандырады.

Емі. Қабыну процестерінің жалпы емі жүргізіледі.

Бұлшықет жарақаты /жақтың қарысуы/. Мандибуляр, торусалд анестезияларында кездеседі. Асқыну қанат тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик енгізуден болады.

Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.

Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою, контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.

Таңдайдың кілегей қабығының некрозы. Жаңылысып басқа ерітінділер енгізумен бірге, анестетикті көп мөлшерде /1,0 мл-ден артық/ жіберсе де /кілегей қабық сүйек қабығымен бірге сүйектен ажырап кетуі мүмкін/ болады. Сүйек қабығының ажырауы тіндердің қоректенуін бұзып жұмсақ тандаймен сүйектің некрозына соқтыруы мүмкін.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.

Жұмсақ таңдай парезі.Палатинал анестезия кезінде дәріні таңдайдың үлкен тесігінен артқа енгізгенде шектен тыс көп анестетик жібергенде пайда болады. Науқас лоқсып, құсып, жөтеліп, тандайда бөгде зат бар сияқты сезінеді.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, анестезия техникасын бұзбау.

Емі. Жұмсақ таңдай тілшесін, тілдің түбіне тимейтіндей етіп ауызды кере ашып, терең тыныс алу, операцияны тез аяқтау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.83.52 (0.009 с.)