Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
I. Диагностикалық қателіктер
ДӘРІС №12
1.Тақырып: Емханалық хирургиялық стоматологиядағы қателіктер және асқынулар.
2.Мақсаты: Емханалық хирургиялық стоматологиядағы қателіктер және асқынулардың клиникасын білу және көмекті ұйымдастыру.
3.Дәрістің тезисы
Ж.Б, Оразалин Р.С.Ибрагимова емханалық стоматологиялық асқынуларға және қателіктерге анализ жасап қазіргі медицинада сауда саттық қарым-қатынаста және осыған байланысты халыққа стоматологиялық көмек түрінің өзгерундеі қателіктер және асқынулардың жиілеуінің және сипатының өзгергендігін бақылаған. тіс жұлу және басқа да хирургиялық іс-әрекетке жекешеленген стоматологиялық емханалардың 9% ғана лицензиясы бар,бірақ осы операциялар стоматологиялық емхананың басым көпшілігінде жүргізіледі.Бұл асқынулардың оның ішінде жақ-бет аймағының қабыну ауруларының санының көбейуіне әкелген.№5қалалық клиникалық аурухананың жақ-бет бөлімінде 1980ж.жалпы жатқан науқастардың 30% қабыну ауруымен құраса,соңғы жылдарыбұл сан бірнеше есе артқан: 1994 г. 40%, 1997 г. – 50%, 1998 г. – 51%,; 1999 г. – 63,7%, 2000 г. – 75,4%. Санының артуы негізінен одонтогенді қабыну үрдістерінен.
Емхана жағдайында ауруханаға дейіңгі қабыну үрдісінің дамуына әкелген қателіктер(Ж.Б, Оразалин Р.С.Ибрагимова) топтамасы
- Дер кезінде диагноз қойылмауы:
- Науқастың кінәсінен (дер кезінде қаралмауы,өзіндік еммен шұғылдануы),
- Дәрігердің кінәсі (қабыну асқынуларының бастапқы белгілерін дер кезінде байқамауы).
- Науқасты жартылай немесе дұрыс зерттеу жүргізілмегендіктен диагноздың дұрыс қойылмауы:
- Дәрігердің науқастан анамнезін және қарауды мұқият жүргізбеуі,
- Дәрігердің кәсіптік деңгейінің кемшілігінен,
- Қосымша зерттеу тәсілдерін жүргізуге мүмкіндік болмағанда.
|