Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2 - жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
118. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар. 119. Көру-ізденістік іс-әрекет. Көру шегінде көру түрткісін табу және ұстап тұру білігін дамыту. 120. Сенсорлы эталондар. Біліктерді жетілдіру: 1) силуэттік және контурлы бейнелеуде шеңбер, шаршы, үшбұрыщ сияқты геометриялық фигураларды тану; 2) силуэттік және контурлы бейнелеуде геометриялық фигураларды және көлемді денелерді (шар, куб) көпшіліктің арасынан оқшаулау. 121. Біліктерге үйрету: 1) эталондық пішіндерді (шар, куб, шеңбер, шаршы, үшбұрыш) шынайы заттардың және қарапайым кескіндемедегі жазық бейнелердің пішінімен салыстыру, заттың негізгі пішінін анықтау; 2) пішіннің белгісі бойынша заттарды және олардың бейнесін топтастыру; 3) ұзындығы, биіктігі бойынша екі контрастілі және бірдей затты салыстыру; 4) ұзындығы, биіктігі бойынша біртекті заттарды топтастыру; 5) түрлі-түсті гаммаға жақын түстерді саралау; 6) оқшауланатын объектілердің көлемін бірте-бірте азайтумен және таңдау жасалатын көпшілікті арттырумен түрлі-түсті гаммаға жақын (2-3 түстен таңдау) түстерді оқшаулау; 7) қоршаған әлемнің заттарының қасиеттері мен сапаларын талдауда сенсорлы эталондарды қолдану. 122. Заттар және заттық бейнелер: 1) әртүрлі модальдықта (натуралды зат, шынайы, силуэттік, контурлы бейне) қабылдауға ұсынылған заттарды тану білігін дамыту; 2) ортақ және айрықша белгілері бойынша заттарды салыстыру; 3) әртүрлі ракурста (алдынан, артынан) затты және оның бейнесін тану білігін үйрету; 4) жалпылаушы ұғымдарды қалыптастыру. 123. Кеңістікті қабылдау. Жақын және үлкен кеңістікте 2 затқа дейін олардың арасындағы қашықтықты біртіндеп азайтумен, өзінен арақашықтықты көру тәсілімен анықтау білігін қалыптастыру. 124. Көру-моторлы координациялар. Геометриялық фигуралардың, қарапайым кескіндегі заттардың бейнелерінің тіректі нүктелері, трафарет, контуры бойынша айналдырып белгілеу білігін үйрету. 125. Адам өміріндегі көру: 1) балаларды көзілдіріктің қызметімен таныстыру; 2) оларды күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігіне адекватты қатынасты қалыптастыру. 126. Күтілетін нәтижелер: 1) силуэттік және контурлы бейнелеуде геометриялық фигураларды оқшаулай біледі; 2) қарапайым кескіндегі заттардың пішіндерін анықтайды; 3) түр-түс гаммасына жақын түстерді саралайды; 4) ұзындығы, биіктігі бойынша біртекті заттарды салыстыра біледі; 5) сенсорлы белгілері бойынша заттар арасындағы қарапайым қатынастарды орната біледі; 6) қарапайым кескіндегі затты оның контурлы, шынайы, силуэттік бейнесімен салыстыра алады; 7) көрудің көмегі арқылы өзінен екі заттың қашықтығын анықтайды; 8) контур, трафарет бойынша күрделі емес бейнелерді айналдырып қоршау дағдылары бар; 9) күнделікті өмірде көзілдірік тағудың қажеттілігін түсінеді. 127. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика. 128. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы. Балаларды оқыту: 1) алақанды "аралау" тәсілімен және басқа қолдың алақанының қабырғасымен, қолдың сыртқы жағымен өзіндік уқалауды (массаж) орындау; 2) серпімділігі, жазықтықтың фактурасы бойынша әртүрлі доптармен, білікшелермен алақанды уқалауды (массаж) орындау; 3) жоғары қарай түзетілген екі қолдың саусақтарын қиылыстыру; 4) 2, 3 саусақтан статикалық позаны ұстап тұру; 5) баяу және жылдам қарқында әртүрлі бағыттарда екі саусақпен (сұқ саусақ және ортаңғы саусақ) үстелмен "жүру"; 6) әртүрлі пішіндегі және көлемдегі заттармен әрекет ету барысында алақандық және саусақпен ұстауды орындау. 129. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері: 1) симметриялы және ассиметриялы заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін бекіту; 2) геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту (шеңбер, шаршы, үшбұрыш). 130. Біліктерге үйрету: 1) ұсынылған үлгі және нұсқау бойынша берілген көлемдегі затты таңдау (3 заттан); 2) көлемнің артуы немесе азаюы ретімен үш заттан қатар құру (жалпы көлем бойынша); 3) материалдарды ажырату (қағаз, ағаш, шыны, пластмасса), әртүрлі материалдардан жасалған заттардың жазықтығын анықтау; 4) ортақ сипап-сезу белгісі бойынша заттарды топтастыру. 131. Заттық-практикалық іс-әрекет. Біліктерді бекіту: 1) жиһаздың жекеленген заттарын құрылыс конструкторының бөлшектерінен жинау; 2) бұрыштар мен қырларды біріктірмей қағаз бетін бүктеу. 132. Біліктерге үйрету: 1) бөлшектерді біріктіру орнын жапыру және тегістеу, таяқшалардың соңын бір-бірімен біріктіру арқылы заттарды жабыстыру; 2) қарапайым пішіндегі заттың бейнесін ортасынан бастап бедерлі контурдың сызығына дейін ермексазбен толтыру; 3) батырмалы мозаиканың бөлшектерінен көлденең және тік (жол, баған) сызықтарды құрастыру; 4) магниттік тақтада таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастыру; 5) бау жіпті (жаңбыр) қиылыстырусыз жоғарыдан төменге қарай дайындаманы байлау; 6) бүктелуі бойынша қағаз бетін жырту; 7) әрбір бетті түсіру тәсілімен жазықбаспалы кіткаптың беттерін парақтау. 133. Тифлографика. Рельефті бейнені оқу: 1) "сызық" ұғымын қалыптастыру; 2) рельефті суреттің түрлерімен (аппликациялық, контурлы) таныстыру; 3) сызықтарды нүктелермен, тұтас сызықтармен, пунктирмен бейнелеу тәсілдерімен таныстыру; 4) көлденең және тік сызықтар туралы ұғымдарды қалыптастыру; 5) әртүрлі материалдардан (қағаз, лавсан пленка) әртүрлі тәсілдермен орындалған көлденең және тік сызықтарды оқуға үйрету. 134. Рельефті-графикалық іс-әрекет: 1) приборды жұмысқа дайындау білігін дамыту; 2) геометриялық фигуралардың ішкі трафаретінде нүктелерді түйреуге үйрету; 3) трафарет бойынша көлденең және тік сызықтарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру. 135. Күтілетін нәтижелер: 1) үлгі және нұсқау бойынша қолдың білезігімен және саусақтарымен қимылдарды орындай алады; 2) заттардың пішіні мен көлемін есепке алып, соған сәйкес заттарды ұстап қолдануды біледі; 3) үлгі бойынша заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін қолданады; 4) сипап-сезу белгісі бойынша объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады; 5) көлемнің артуы және азаюы ретімен үш объектіден қатар құруды біледі; 6) үлгі және нұсқау бойынша заттық-практикалық іс-әрекеттің алуан түрлерін орындай алады; 7) тифлопедагогтың көмегімен приборды жұмысқа дайындайды; 8) еркін тәртіпте нүктелерді қадай алады; 9) көлденең және тік сызықтарды саралайды, олардың бейнесін әртүрлі материалда (қағаз, пленка) табады. 136. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, киімде бағдарлау, өзіне қатысты бағдарлау, заттардың кеңістіктік белгілерінде бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, түйық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау. 137. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің, қуыршақ денесінің жұптық-қарама-қарсы бөліктерінің кеңістіктік орналасуын анықтау білігін жетілдіру. 138. Киімде бағдарлау. Өз киімінің бөлшектерін кеңістіктік орналастыруда бағдарлау білігін дамыту. 139. Өзіне қатысты бағдарлау: 1) өзіне қатысты заттардың кеңістіктік орналасуын және кеңістіктің бағыттарын анықтау білігін бекіту; 2) "алыс-жақын" ұғымдарын қалыптастыру; 3) өзінен бастап жақын кеңістіктегі 2 әртүрлі қашықтықтағы заттарға дейін арақашықтықты (жақын-алыс) көру-сипап-сезу тәсілімен анықтау білігін үйрету. 140. Заттардың кеңістіктік белгілеріне бағытталу. Бір заттың бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін үйрету. 141. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Балаларды сурет жоспары бойынша кеңістіктік қатынастарды модельдеуге үйрету. 142. Қозғалыс техникасы. Әртүрлі ойыншықтардың бір мезгілде қозғалтумен өзіндік қозғалу техникасын дамыту. 143. Қозғалу процесінде бағдарлау. Біліктерді үйрету: 1) өзіндік қозғалыстың бағытын анықтау; 2) берілген бағытта қозғалу, қозғалыстың бағытын сақтау және өзгерту. 144. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау. Біліктерге үйрету: 1) дыбыстың жылжитын көзінің бағытын жинақтау (көру бақылауымен және онсыз), дыбыстық сигналдарға қозғалыс барысында бағдарлану; 2) серуенге арналған аумақта аяқтың табандарымен төсемді ажырату (шөп, жер), кеңістіктік бағдарлауда сипап-сезу бағдарларын қолдану. 145. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау. Балабақшаның таныс бөлмелерінде және серуенге арналған бөлікте өз бетімен бағдарлау дағдыларын жетілдіру. 146. Микрожазықтықта бағытталу. Үстелдің, қағаз бетінің, фланелеграфтың микрожазықтығында бағытталу білігін жетілдіру. 147. Күтілетін нәтижелер: 1) өз киімінің бөлшектерінің кеңістіктік орналасуында бағдарланады; 2) жақын кеңістікте өзіне қатысты заттардың қашықтығын көру-сипап-сезу тәсілімен анықтайды; 3) бір заттың бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды; 4) картинка-жоспар бойынша кеңістіктік қатынастарды модельдей біледі; 5) балабақшаның таныс бөлмелерінде және серуенге арналған аумақта өз бетіменбағытталу дағдылары бар; 6) сақталған анализаторлардың көмегімен алынатын ақпаратты бағдарлау барысында есепке алады; 7) микрожазықтықтың берілген бағыттарында заттарды таба алады және орналастыра алады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.29.192 (0.008 с.) |