Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. II жартыжылдық

Поиск

211. Өзін-өзі тану

"Өзін-өзі тану" бөлімінің мазмұны өзінің ішкі әлемін ашу, өзінің қайталанбас даралығын пайымдау арқылы әрбір баланың өз табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады.

Адамгершілік әліпбиі

Барлығы амандасудан басталады. Мейірімді іс-әрекеттер. Түсінуді және кешіруді үйренеміз. Бәрі түсіністіктен басталады. Қонақ- біздің үйдің қуанышы. Мен көмекшімін. Мен өз елімнің кішкентай азаматымын.

Мен және менің әлемім

Туған үй. Менің сүйікті балабақшам. Табиғат-ана. Табиғат және денсаулық. Табиғат және Адам. Наурыз жаңару мерекесі. Менің Қазақстаным. Ақ жол Өзін-өзі тану.

Күтілетін нәтижелер:

ересектер мен жақындарына мейірімділік, сыйластық білдіреді;

салауатты өмір салтының бастапқы дағдыларын игерген; қыз бала ұла балаға құрметпен қарайды, ұл бала қыз балаға құрмет көрсетеді;

табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді және біледі;

өзінің көңіл-күйін сурет, мүсіндеу, құрастыру арқылы бере біледі;

сөздердегі, мінез-құлықтағы жақсы мен жаманды ажыратады, үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады;

халықтық мерекелерге қатысады;

еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін танытады.

212. Қоршаған ортамен танысу

Бала, оның отбасы, үйі.

Туыстық байланыстар туралы ұғымды, өз шежіресіне қызығушылықты жетілдіру. Балалардың бойында өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үй тапсырмаларын орындау, отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін айта білуге тәрбиелеу.

Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.

Заттар, олардың белгілері мен қолданысы туралы ұғымдарын бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде түрлі заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

Көлік, байланыс құралдары.

1) арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру;

2) тұрмыстық техниканың қызметтерімен оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

1) әртүрлі мамандық иелері, еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру;

2) өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

Қазақ халқының тарихи түп тамыры туралы: қазақ киіз үйінің құрылысы және ішкі жиһаздары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Қазақтардың көшпенді өмірі туралы көрнекі материалдар негізінде суреттеуді үйрету. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы білімін жетілдіру.

Қазақстан Республикасының әскері

Қазақстан Республикасы әскері, Отан қорғаушылар туралы түсініктерін жетілдіру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігіне құрмет білдіруге тәрбиелеу.

Жолда жүру ережелері

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

туыстық байланыстар туралы түсінікке ие;

отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін білдіре алады;

алуан түрлі материалдардың белгілері мен қасиеттері және қолданылуы арасындағы байланысты орнатады;

мектепке дейінгі ұйымның бөлмелерінде, жақын мөлтекауданда еркін бағдар жасайды;

арнайы көлік құралдарының атқаратын қызметін біледі;

тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін игерген;

өзінің ата-анасының еңбегі туралы әңгімелейді;

түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсетеді,

туған ел, мемлекеттік және халықтық мерекелер, ел рәміздері, Қазақстан Республикасының Президенті туралы білімдерді меңгерген;

Қазақстан әскері туралы түсінікке ие, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет көрсетеді;

жол қозғалысы ережелерін біледі.

210. Экология негіздері

Тірі табиғат

1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

2) табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін, олармен қауіпсіз өзара әрекет ережелерін меңгеру;

3) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың өсіп, өнуі үшін бұлақтардың және таза судың басқа көздері туралы түсініктерін қалыптастыру;

4) жануарлар мен өсімдіктер әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

5) балалардың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын ынталандыру және қолдау.

Өлі табиғат

Өлі табиғаттың түрлі нысандарын бақылау. Табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру. Адам өміріндегі және өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

Табиғи материалдардың қасиеттерін тануға ықпал ету. Экологиялық тәуелділік туралы білімдерін байыту; адамның табиғатпен байланысын және өзара әрекетін анықтау. Табиғатқа қамқорлық қатынасты тәрбиелеу.

Табиғатты қорғау

1) табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, өсімдіктердің өсіп-дамуы және өсімдіктердің өсіп, өнуіне ылғалдың, жарықтың, жылудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа шыққанда өзін ұстай білудің экологиялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;

2) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселелерімен және оларды тудыратын себептермен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер:

табиғи нысандарға, олардың ерекшеліктеріне қызығушылық таныту;

табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың бастапқы дағдыларын игерген;

ересектердің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға деген ұсынысын орындайды;

адам өміріндегі және өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы туралы біледі;

айналасындағы тірі және өлі табиғаттың нысандарына ұқыпты қатынас және эмоционалды ықыластылық танытады;

табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.161.245 (0.006 с.)