Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Коммуникация" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы 167."Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) және шет тілдерінің бірі, драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 168. Мақсаты ересектермен және балалармен еркін қарым - қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, орыс тілін және басқа тілдерді үйрету, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу; балалардың шығармашылық белсенділігін және бастамашылдық танытуын дамыту болып табылады. 169. Міндеттері: айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру; қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу; әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуді дамыту; ойынды, биді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту. 5-параграф. І жартыжылдық 170. Сөйлеуді дамыту Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті 1) тыңдауды, айтуды, оқуды, ана тіліне тән барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру; 2) дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру; 3) берілген дыбысқа сөз таңдауға, сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қор 1) балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту; 2) алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру; 3) жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту; 4) қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту. Тілдің грамматикалық құрылымы 1) түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру; 2) интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру. Байланыстырып сөйлеу 1) Тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде тсөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын сипаттау және хабарлау әңгімелерді құрастыруға үйрету; 2) мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру. Шығармашылықпен сөйлеу қызметі Шығармашылық әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару; сипаттау және хабарлау әңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану. Күтілетін нәтижелер: ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алады; дыбыстарды анық айтуды, интонацияны игерген; сөздерге дыбыстық талдау жасайды; алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды; қоршаған орта туралы түсінігі бар; негізгі ойды дұрыс жеткізе алады; әңгімелерді бірізді айтып береді; әңгіменің жалғасы мен соңын құрастырады. 171. Көркем әдебиет 1) оқу, әңгімелеу. Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру; 2) мәнерлеп оқу. Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу; 3) мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауға үйрету; 4) шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету. Күтілетін нәтижелер: баяндау сипатын сезініп, шығармалардың мазмұнын эмоциалы қабылдай алады; әдеби жанрларды ажыратады; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып бере алады; әңгіменің соңын ойдан шығарады; кітаптарға қызығушылық танытады. 172. Сауат ашу негіздері 1) "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету; 2) дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету; 3) қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.Ұзын және қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбаларды (штрих) салуға үйрету. Күтілетін нәтижелер: қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады; үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды, түрлі сызықтар, штрихтар жүргізеді; екпінді буынды естиді және анықтай алады. 173 Русский язык Звуковая культура речи 1) использование игровых упражнений для развития правильного произношения русских звуков; 2) развитие голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чҰткую дикцию. Словарный запас 1) расширение кругозора детей, читая сказки, рассказы, обсуждая поступки героев мультфильмов. Обучение умению называть группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы; предметы по величине и по цвету; 2) Обучение прямому и обратному счету до 10. Грамматический строй речи 1) развитие умения детей употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа, правильно ставить ударение при произношении слов; 2) обучение составлению предложений из 4–5 слов; 3) формирование умения понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни. Связная речь 1) обучение пониманию и использованию в речи русских слов и выражений, четко произносить их с правильным ударением; 2) совершенствование умения задавать элементарные вопросы и отвечать на них; 3) обучение умению рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес; 4) разучивание с детьми стихов, песен, поговорок и пословиц. Ожидаемые результаты: правильно произносит свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка; понимает и применяет знакомые русские слова и выражения в повседневной жизни; умеет правильно ставить ударение в словах при произношении; называет предметы близкого окружения, признаки времен года и отдельные явления природы; знает прямой и обратный счет до 10; задает вопросы и отвечает на русском языке; умеет рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес; рассказывает стихи, поговорки и пословицы на русском языке; составляет короткие рассказы по картинке, по наблюдениям на экскурсии. 174. Шет тілі (ағылшын тілі) Лексико-тематические области: цвета, размер, числа 1–5, члены семьи, игрушки, животные, части тела, одежда, пищевые продукты. Ситуации и функции коммуникации: приветствие и прощание (Hello, Hi, Goodbye, See you), просьба и благодарность (Give me ..., please, Come in, please, Thank you), извинение и прощение (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.), пожелания и поздравления (Happy Birthday), представление себя и других(I’m ......., My name is ...., This is ..., It’s my mum), информация о возрасте (I’m…), исполнение и подача коротких команд (jump, clap your hands, open), названия зверей и предметов (It’s a tiger, This is a ball), информация о месте жительства; описание людей, зверей и предметов (He’s tall, It’s big, It’s blue, It’s got a tail), счет и использование чисел от 1 до 10; ответы на простые вопросы, касающиеся личности и имущества (Who are you? What’s your name? What’s this? Who’s this? Is it ...? Have you got ...?); Грамматические структуры: 1) глаголы: be; have got; can. 2) существительные: имена; единственное число; регулярное множественное число; 3) прилагательные: цвета, возраст, размер; 4) притяжательные прилагательные: my, your (his, her); 5) имя числительное: 1–10. Ожидаемые результаты слушает педагога одновременно реагирует на его обыденные команды, то есть: встань, сядь; слушает и выполняет команды, относящиеся к художественным и мануальным действиям; принимает участие в коротких сценках, разыгрываемых в группе (классе); умеет показать и назвать учебные принадлежности; умеет считать от 1 до 10; принимает активное участие в играх, заданиях; повторяет простые выражения, часто используемые на занятиях. 175. Драма Балаларды театр мәдениетіне баулу. Коммуникативті –тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар 1) балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын; 2) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау; 3) кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану; 4) өзін - өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту. Балаларды үйрету: 1) таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға; 2) жаңа ойын әрекеттеріне ойыншықтармен, заттармен таныс әрекеттерді жеткізуге; 3) театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун және тағы басқа) меңгеру. Адамгершілік нормалары туралы түсінік Дағдыларды қалыптастыру: 1) ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын; 2) өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, ұл балаларға (мықты, батыл, еңбекқор және тағы басқа) және қыздарға тән мінез- құлық ерекшеліктерін (биязы, әдемі және тағы басқа) талқылау; 3) әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау. Күтілетін нәтижелер: таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналай алады; кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолданады; ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген; өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдайды; әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.17.207 (0.008 с.) |