Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. ІI жартыжылдық

Поиск

95. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу, бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұстастыру тәсілдерін пайдалану.

Шама. Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.

Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

Кеңістікті, уақытты бағдарлау

Кеңістікті және уақытты бағдарлауға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

"көп", "бір", "бір-бірден", "бірде-біреуі жоқ" түсініктерін біледі;

ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей екі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыруды біледі;

салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізеді;

геометриялық пішіндерді біледі;

кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі;

оң және сол қолдарын ажырата алады.

96. Құрастыру

1) құрылыс материалдарынан құрастыру

2) құрылыс материалының негізгі бөлшектері, олардың бөлшектері туралы білімді қалыптастыру, оларды түсі, шамасы бойынша тану. Сюжеті бойынша біріктіру және ойнау арқылы құрылыс салу кезінде шығармашылық қиялды қалыптастыру.

3) қағаздан құрастыру. Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

құрылыс материалдарының бөліктерін біледі және атайды,оларды түрлі тәсілдермен орналастырады;

түсі және көлемі бойынша ажырата алады;

қарапайым құрылыстарды құрастырады;

түрлі құрастыру тәсілдерін қолдана отырып қағаз парағын түрлендіреді.

97. Жаратылыстану

Өсімдіктер әлемі

1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру. Жуа және гүлдердің және тағы басқа тұқымдарын (шырайгүл, барқытгүл) бақылау.

2) бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония, қырмызыгүл, қоңыраугүл және тағы басқа) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін жабайы аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

Табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

ауа-райының жағдайын анықтай алады;

туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы біледі;

гүлдейтін шөпті өсімдіктерді өзіне тән сипаты бойынша, көкөністер мен жемістерді дәмі бойынша атайды және ажыратады;

жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша атайды және ажыратады;

қардың, судың, құмның қасиеттерін біледі;

табиғатта өзін ұстай білу ережелерін түсінеді.

10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы

98. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

99. Мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту болып табылады.

100. Міндеттері:

бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;

көзбен қол үйлесімін дамыту;

қарапайым заттарды, құбылыстарды, ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түстерін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен дағдыларды қалыптастыру;

өнер туындыларымен, халық ойыншықтарымен, қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыруды жалғастыру;

қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты, балалардың өз ойын білдіруі мен музыкалық қабілеттіліктерін дамыту;

балалардың өнімді іс-әрекетінің түрлерін дамыту;

балаларды тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастыруға үйрету.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.205.160 (0.005 с.)