Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Поиск

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

 1-тарау. Түсіндірме жазба

1. Бағдарлама "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.

3. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.

4. Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.

6. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды және келесі топтарда іске асырылады:

Бөбек жасы – 1-3 жас:

ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы);

кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);

Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 1-сыныпқа қабылданғанға дейін:

мектепке дейінгі орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);

мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ);

мектепалды жас (мектепалды топ, сынып) - 5 жастан бастап.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2020 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

7. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.180.133 (0.008 с.)