Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Таным" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
7-параграф. "Таным" білім беру саласы 89. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 90. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады. 91. Міндеттері: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру; өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу; көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту; тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту; табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу. 8-параграф І жартыжылдық 92. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Дағдыларды қалыптастыру: 1) біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету; 2) бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау; 3) заттарды салыстыру; 4) заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу; 5) заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру. Шама. Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру. Дағдыларды қалыптастыру: 1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру; 2) биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру. Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету. Дағдыларды қалыптастыру: 1) геометриялық пішіндерді тану және атау; 2) пішін түрлерін зерттеу. Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету. Дағдыларды қалыптастыру: 1) өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру. 2) өзінің дене бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау. Уақытты бағдарлау Дағдыларды қалыптастыру: тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн. Күтілетін нәтижелер: бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады; біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады; заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды; екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады; геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады; тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды. 93. Құрастыру Құрылыс материалдарынан құрастыру Дағдыларды қалыптастыру: 1) әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру; 2) бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану; 3) ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру; 4) көп түсті құрылым құрастыру; 5) үлгі бойынша құрастыру; 6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру. Күтілетін нәтижелер: әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі; құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді; сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады; түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді. 94. Жаратылыстану 1) тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру. 2) ауа-райының жағдайын анықтау, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктер әлемі Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру, бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру. Жануарлар әлемі Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Жабайы аңдар мен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін үй жануарлары мен аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру, табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: ауа-райының жағдайын анықтай алады; туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие; кейбір көкөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды; жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша ажыратады және атайды; құстардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге назар аударады; табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қызығушылық танытады; табиғатта өзін ұстай білу ережелері туралы біледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.189.145.109 (0.007 с.) |