Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. ІІ ЖартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
188. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Жиын. Жиын және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту; бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкестігі, үлкен және кіші бөліктерді анықтау. Сан, санау. 1) 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру; 2) тең туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету, топтарды санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс жалпылау; 3) заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші); 4) қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту. Шама. Шартты өлшемнің көмегімен заттың шамасын салыстыруға үйрету. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін таба білуге баулу. Геометриялық пішіндер. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, оларға талдау жасай білуді меңгерту. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру. Кеңістікте бағдарлау. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білуге үйрету. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуін қалыптастыру. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдысын бекіту. Уақытты бағдарлау. Түрлі оқиғалар, апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. Жыл айлары туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың реттілігін білу және атау. Салмақты бағдарлау. Дүкендерде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың салмағын өлшеуге қызығушылықтарын дамыту. Күтілетін нәтижелер: жиынтықтың құрамдас бөліктерін ажырата алады; 10 көлеміндегі сандарды біледі, оларды тура және кері санайды; қарапайым мысалдар мен есептерді шешеді, заттардың саны және шамасы бойынша арақатынастарын көрсететін математикалық терминдерді қолданады; геометриялық пішіндерді және денелерді біледі және ажыратады; кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлайды; апта күндерін, жылды, айларды атайды; заттарды салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның өлшеміне байланысты емес екендігін біледі. 189. Құрастыру Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. 1) берілген тақырып бойынша, сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету; 2) өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау. Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу әдісімен жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру. Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді формаға өзгерте білуді бекіту. Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; дербестік, шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялын, ұсақ заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту. Күтілетін нәтижелер: қалдық және табиғи материалдардан заттар құрастыра біледі; шарты бойынша, ойдан құрастырады; ұжыммен жұмыс жасай біледі; жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі; жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды. 190. Жаратылыстану Өлі табиғат құбылыстары мен заттары Табиғат құбылыстары туралы білімді кеңейту. "Өлі табиғат" ұғымымен таныстыру, өлі табиғат заттары адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.Табиғат туралы қарапайым білімдерін меңгеру. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер әлемі. 1) балаларды өсімдіктердің жаңа түрлерімен (шырайгүл, барқытшөп,бальзамин) таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері; 2) көкөністер мен жемістер, ағаштар, бұталар туралы балалардың түсінігін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтары тануға үйрету. Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету. Жануарлар әлемі. 1) жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету; 2) жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту; 3) табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз, теңіз шошқасы) білімді жетілдіру; 4) балалармен бірге табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізуді жетілдіру. Күтілетін нәтижелер: таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады, себеп-салдар байланыстарын орната біледі; жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата біледі және атын атай алады, құстардың пайдасы туралы біледі; Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атайды және ажыратады; "Қызыл кітапқа" енгізілген және жойылып кету қаупі төнген жануарларды атайды; адамның табиғатпен өзара әрекетінің тәуелділігі арасында себеп-салдарлық байланысты анықтайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.48.21 (0.007 с.) |