Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

тарау. Түсіндірме жазба

Поиск

1. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.

2. Бағдарламаның мақсаты - балалардың жастық және жекелей мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес арнайы түзетуші-компенсаторлық және әлеуметтік-бейімдік дағдылар мен икемдерді қалыптастыру; оқу, ойын, тұрмыстық іс-әрекеттің алуан түрлеріне өз бетімен қатысуға даярлау, әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.

3. Бағдарламаның міндеттері:

1) әртүрлі құрылымы мен көріну дәрежесі көру патологиясы бар балаларға коррекциялық көмекті ұйымдастыруда дара-дифференциалды тұғыр қағидасымен қамтамасыз ету;

2) коррекциялық, алдын алу және дамытушы міндеттердің бірлігін қамтамасыз ету;

3) емдік-қалпына келтіру процесімен түзете-дамыту жұмысының өзара байланысын қамтамасыз ету;

4) қоршаған ортаны қабылдауда балалардың сенсорлы мүмкіндіктеріне адекватты коррекциялық-дамытушы ортаны құру;

5) тифлопедагог пен баланың жақын әлеуметтік аймағының ынтымақтастығы.

4. Бағдарама оқу-танымдық іс-әрекеттің мотивациялық компонентін қалыптастыруға, қоршаған әлемнің объектілеріне зерттеу тұғырын, ойлау іс-әрекеті мен сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.

5. Күтілетін нәтижелер сабақтар бойынша оқыту мақсаттарының жүйесімен ұсынылған.

6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психикалық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:

1) бірінші кіші топ - 2-3 жастағы балалар;

2) екінші кіші топ - 3-4 жастағы балалар;

3) орта топ - 4-5 жастағы балалар;

4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы - 5-6 жастағы балалар;

5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6-7 жастағы балалар.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.42.140 (0.005 с.)