Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2 - жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
210. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішіні, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру. 211. Көру-ізденістік іс-әрекет. Қозғалатын көру мотивін табу және көз қырында ұстау білігін қалыптастыру. 212. Сенсорлы эталондар. Балаларды үйрету: 1) күрделенген жағдайда жазық геометриялық фигуралардың (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) контурлы бейнесін тану білігі (контурды жабу); 2) әртүрлі кеңістіктік қалыпта ұсынылған геометриялық фигуралар мен денелерді жинақтау білігі; 3) ені, тығыздығы бойынша біртекті заттарды салыстыру және топтастыру білігі; 4) негізгі түстердің 3 реңкін ажырату; 5) негізгі түстердің реңктері бойынша заттарды топтастыру; 6) ахроматикалық түстермен (қара, ақ), қоңыр түс, сары жасыл түстерді ажырату және атау; 7) қоңыр-қызыл, қоңыр-қызғылт сары, қоңыр-қара түстерді саралау; 8) 2-3 түстің арасынан қоңыр түсті оқшаулау; 9) Жабық және еркін кеңістіктегі заттардың түсімен қоңыр және қызғылт-сары түстің эталондарын салыстыру. 213. Заттар және заттық бейнелер. Біліктіліктерді үйрету: 1) күрделенген жағдайда заттардың бейнелерін тану (контурды жабу, түстіліктің болмауы); 2) қозғалатын заттарды ажырату және тану; 3) берілген белгілері бойынша заттарды жалпылау және жіктеу. 214. Сюжеттік бейнелер: 1) бір композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау білігін бекіту; 2) информативті белгілерді ажырату негізінде себепті-салдарлы байланыстар мен қатынастарды орнату білігін дамыту; 3) мазмұны бойынша екі сюжеттік картинаны салыстыру білігін үйрету. 215. Кеңістікті қабылдау. Жабық және еркін кеңістікте объектілердің қашықтығын, өзара орналасуын анықтауға арналған жаттығу . 216. Көру-моторлы координациялар: 1) сызықтар жүйесінде сызықтарды қадағалау білігін дамыту (бірдей және әртүрлі түстегі 2-4 сызықтар); 2) қарапайым кескіндегі заттардың бейнесін қою сызықпен сызуды орындау білігін үйрету. 217. Адам өміріндегі көру. Көруді сақтау ережелері туралы ұғымдарды қалыптастыру. 218. Күтілетін нәтижелер: 1) ахроматикалық (қара, ақ) және хроматикалық (қызыл, сары, жасыл, қызғылт-сары, көк, қоңыр) түстерді, негізгі түстердің реңктерін ажыратады және атайды; геометриялық фигуралардың және көлемді денелердің пішінін ажыратады және атайды; 2) "ені", "тығыздығы" ұғымдары туралы түсініктері бар; 3) берілген сенсорлы белгісі бойынша салыстыру, жинақтау, топтастыру барысында объектілердің тәуелділігін орната біледі; 4) күрделенген жағдайларда (контурды жабу, түстіліктің болмауы) объектілердің бейнесін таниды; 5) затты белгілі топқа жатқызады, жалпылаушы ұғымдарды қолданады; 6) информативті белгілерді ажырату негізінде сюжеттік картинадағы логикалық өзара байланыстарды орнатады; 7) кеңістікте объектілердің қашықтығын, өзара орналасуын анықтайды; 8) сызықтар жүйесіндегі сызықтарды қадағалау, қою сызықпен белгілеу дағдылары бар; 9) көруді сақтаудың қарапайым ережесі туралы түсініктері бар. 219. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика. 220. Қолдың сипап-сзеу арқылы зерттеуге дайындығы. Біліктерді үйрету: 1) саусақтың ұшынан алақанға қарай бағытта саусақтардың жастықшасын сылау тәсілімен қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындау; 2) бір-біріне сыртқы жағымен сығылған алақанның қалпында екі қолдың саусақтарын қиылыстыру; 3) үлкен саусақпен саусақтардың жастықшаларын кезектесіп жеке-дара жанасуды, саусақтарды үлкен саусаққа кезектесіп біріктіруді орындау; 4) бір статикалық позаны басқа позаға өтуді орындау. 221. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Дағдыларды дамыту: 1) материалдарды ажырату (қағаз, ағаш, шыны, пластмасса, металл, мата), әртүрлі материалдардан жасалған заттардың бетін анықтау; 2) жазықтықтың түйсінуші белгісі, көлемнің белгіленген параметрі, пішіннің белгісі бойынша заттарды топтастыру. 222. Біліктіліктерді үйрету: 1) кескіні қарапайым пішінді қамтитын заттың бөлшектерінің пішінін анықтау; 2) ұзындығы, биіктігінің артуы мен азаюы ретімен үш заттан қатар құру; 3) шынайы жағдайда бағдарлау процесінде түйсінуді қолдану (қабырғаның фактурасы, едендік төсемнің сипаты). 223. Заттық-практикалық іс-әрекет. Біліктерді жетілдіру: 1) әртүрлі тәсілдермен конструктордың бөлшектерін біріктіру және бекіту; 2) әртүрлі бағыттарда сызықтарды фишкалармен салу; 3) магниттік тақтада таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастыру; 4) тесіктердің санын бірте-бірте арттырумен бау жіпті қиылыстырусыз жоғарыдан төмен қарай байлауды орындау; 5) жазық баспалы кітаптың басынан аяғына дейін және кері ретте әрбір бетін түсіру тәсілімен қалыңдығы әртүрлі материалдан жазық баспалы кітаптың беттерін парақтау. 224. Балаларды үйрету: 1) 2 бөліктен құралатын заттарды илеу; 2) қарапайым пішіндегі рельефті сурет салуға арналған ермексаздан жасалған дайын бөлшектерді іріктеу, ермексазды рельефтің контуры шегінде жағу білігі; 3) бүктелген сызықты бүгу және жазу тәсілімен қағаздан қарапайым ұсақ бұйымдарды орындау білігі (ашықхаттар, альбом). 225. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды. 226. Рельефті бейнені оқу: 1) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған геометриялық фигуралардың (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) рельефті бейнесін оқу білігін жетілдіру; 2) пішіні бойынша сызықтардың түрлерімен таныстыру (тура, толқын тәрізді, сынық); 3) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған әртүрлі сызықтарды оқуға үйрету; сызықтардан қарапайым суреттерді; геометриялық пішіні бар заттардың суреттерін оқуға үйрету; 4) қарапайым рельефті бейнелерді шынайы объектілермен (модель) салыстыру білігін үйрету. 227. Рельефті-графикалық іс-әрекет: 1) трафарет бойынша геометриялық фигуралардың контурын грифельмен тесу білігін бекіту; 2) трафарет, тіректі нүктелер бойынша әртүрлі сызықтардың жүргізу; 3) трафарет бойынша геометриялық фигураларды айналдырып белгілеу (пленкадағы қаламмен). 228. Күтілетін нәтижелер: 1) қолдың білезігімен және саусақтармен алуан түрлі қимылдарды орындай алады; 2) сипау, ұрғылау, сылау, шымшу тәсілдерімен қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындай алады; 3) тану, атау, әрекет ету деңгейінде түйсінуші сенсорлы эталондарды қолданады; 4) 2 қарапайым пішіннен құралған заттың пішінін талдайды; 5) үлгі және нұсқау бойынша жалпы көлем, ұзындық, биіктіктің артуы мен азаюы ретімен үш заттан қатар құра алады; 6) заттық-практикалық іс-әрекетте сипап-сезу түйсіктерін қолдану дағдылары бар; 7) формасы бойынша рельефті сызықтардың түрлерін біледі; 8) сызықты берілген нүктеден тыс сипап-сезу арқылы қадағалау дағдысы бар; 9) қарапайым барельефтер мен аппликациялық бейнелерді шынайы объектілермен салыстырады; 10) трафарет бойынша әртүрлі рельефті сызықтарды жүргізу дағдысы бар; 11) тифлопедагогпен бірлесіп ішкі трафаретте фигуралардың контурын қаламмен айналдырып белгілейді. 229. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықты бағдарлау, кеңістіктің сызбасында бағдарлау. 230. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің және алдында тұрған баланың кеңістіктік бағыттарын арақатынаста ұстау білігін дамыту. 231. Өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау: 1) үлгі және нұсқау бойынша өзіне және затқа қатысты кеңістікте бағдарлаумен байланысты практикалық әрекеттерді орындау білігін жетілдіру; 2) бір кеңістіктік бағытта орналасқан өзінен 3 затқа дейін қашықтықты (жақын-алыс) көру арқылы саралауды дамыту; 3) көру мен естудің көмегі арқылы, өзіне қатысты қозғалатын заттардың бағыттарын анықтау білігін қалыптастыру. 232. Заттық - кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Құрылыс конструкторының бөлшектерінің көмегімен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды және жабық кеңістікті модельдеуге үйрету. 233. Қозғалыс техникасы. Кедергілерді табу және жеңудегі дұрыс позаны сақтауға үйрету. 234. Қозғалыс барысында бағдарлау. Берілген қарқында әртүрлі бағыттарда қозғалу дағдыларын қалыптастыру (жылдам, баяу). 235. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағытталу. 236. Біліктіліктерді жетілдіру: 1) сипап-сезудің көмегімен әртүрлі жазықтықтарды тану (алақанмен, қол саусақтарымен, аяқтың табандарымен); 2) қоршаған кеңістіктің дыбыстарын ажырату. 237. Дағдыларды қалыптастыру: 1) тұрмыстық иістерді олардың қайнар көздерімен салыстыру; 2) кеңістіктегі иістің қайнар көзінің бағытын оқшаулау; 3) практикалық бағдарлауда көру, сипап-сезу, иіс сезу, дыбыстық алуан түрлі бағдарларды қолдану. 238. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау: 1) полисенсорлы қабылдау негізінде бағдарлау дағдыларын жетілдіру (бөлмелердің кеңістігін толтыратын балабақшаның әртүрлі бөлмелері мен заттарының; дәліздер, баспалдақтар, шығатын есіктер; серуенге арналған аумақтар, спорттық аймақ); 2) қозғалу жолдары туралы әңгімелеу білігін дамыту. 239. Микрожазықтықта бағытталу. Микрожазықтықтың аталған бағыттарында және бір-біріне қатысты белгілі қалыпта заттарды орналастыру білігін үйрету (қатар, астында, үстінде, арасында, жанында). 240. Кеңістіктің сызбасында бағдарлау: 1) кеңістіктің қарапайым сызбасы туралы ұғымдарды дамыту; 2) сызбада көрсетілген белгі бойынша шынайы кеңістікте заттарды орналастыру білігін үйрету. 241. Күтілетін нәтижелер: 1) өз денесінің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын алдында тұрған баланың бағыттарымен салыстыра алады; 2) өзіне және затқа қатысты кеңістікте бағдарлаумен байланысты практикалық әрекеттерді орындайды; 3) орын алмастырушы заттардың көмегімен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды және Жабық кеңістікті модельдеу дағдылары бар; 4) әртүрлі бағдарларды қолданумен бағдарлау дағдылары бар; 5) балабақшаның әртүрлі бөлмелерінің және серуенге арналған аумақтың, таныс кеңістікті толтыратын заттардың орналасуын біледі; 6) микрожазықтықтың аталған бағыттарында және бір-біріне қатысты заттардың белгілі қалыпта орналастыру дағдылары бар; 7) кеңістіктің қарапайым сызбасы туралы түсініктері бар; 8) сызбада көрсетілген белгі бойынша шынайы кеңістікте заттарды орналастыра біледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.98.244 (0.007 с.) |