Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф."Әлеумет" білім беру саласы

Поиск

 13-параграф."Әлеумет" білім беру саласы

202. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны өзін-өзі тану, қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

203. "Әлеумет" білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.

204. Мақсаты ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.

205. Міндеттері:

жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;

құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;

өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.

 14-параграф. І жартыжылдық

206. Өзін- өзі тану

Мазмұны балаларды құндылықтармен таныстыруды, заманауи сананың құндылығын үйретуді және бекітуді, әлемді түсіну және әлемді түйсінуді қалыптастыруды ұсынады. Ізгілік педагогикасының маңызды қағидаттарын- ересек пен баланың, балалардың өзара, педагогтардың өзара, педагогтардың ата-аналармен сұхбатын жүзеге асырады.

207. Мақсаты балаларда өз-өзіне, адамдарға, әлемге деген рухани - адамгершілік қатынас саласында бастапқы өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

208. Міндеттері:

адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру;

басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;

адамгершілік мінез- құлық негіздеріне тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, "Мен - адаммын", "Қарым-қатынас қуанышы", "Адамгершілік әліппесі", "Мен және менің әлемім" тарауларының негізгі базалық бөлімдерін кіріктіру қағидасы негізінде барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Мен - адаммын

"Өзін- өзі тану" әлеміне саяхат. Адам болуды үйренемін.Қыздар мен ұлдар. Менің есімім. Менің туған күнім. Менің сезімдерім. Мейірімді іс- әрекеттер. Мен осындай Адаммын.

Қарым-қатынас қуанышы

Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі. Достық неден басталады? Адал достар. Дос әрдайым көмектеседі. Менің кішкентай достарым. Достар ғаламшары.

Күтілетін нәтижелер:

адами сапалар туралы: мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық түсініктерге ие;

жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алады;

туыстарына, құрдастарына, ересектерге эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта алады;

табиғатқа қамқорлық танытудың қажеттілігін түсінеді және біледі;

сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алады;

үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады.

209. Қоршаған ортамен танысу

Бала, оның отбасы, үйі.

1) туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру;

2) балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.

Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.

1) заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне түрлі заттардың атауларын нақтылап, енгізу, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету;

2) айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру;

3) балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

Көлік, байланыс құралдары.

1) көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру;

2) телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

Ұғымдарды дамыту:

1) әртүрлі мамандық иелері туралы;

2) еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы;

3) балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.

Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

1) Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру;

2) балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, мемлекеттік Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделерінің сол жақ бөлігіне қоятынын, ер балалар бас киімдерін шешетінін білу керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру. Халықтық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдерді, әндерді, билерді жаттатқызып, үйрету арқылы балаларды мерекелерге қатысуға белсенділік танытуға баулу.

Қазақстан Республикасының әскері

Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.

Жолда жүру ережелері.

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

өз отбасының мүшелеріне қамқорлық танытады, үй тапсырмаларын орындайды;

балабақшаның атауын, нөмірін атайды; үйден балабақшаға дейінгі жолды біледі;

көлік құралдарын біледі және атайды;

кейбір кәсіптік және ауылшаруашылық мамандықтары туралы біледі;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;

әскердің міндетін, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рөлі туралы біледі;

жолда жүрудің негізгі ережелерін біледі және орындайды;

қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната алады.

210. Экология негіздері

Мақсаты: қарапайым экологиялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеттері:

табиғат әлеміне қамқорлықты, эмоционалды-жағымды қатынасты қалыптастыру;

табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оны қорғай білуге ынтасын тәрбиелеу;

табиғат құбылыстарындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білу;

шығармашылық белсенділікті, білуге құштарлықты дамытуға ықпал ету;

табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін қалыптастыру;

адам өміріне қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру.

Тірі табиғат

1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

2) табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгеру;

3) жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне су, ауа, жылудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

4) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластануы мәселелерімен таныстыру.

Өлі табиғат

1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

2) аймақтарға тән өлі табиғат нысандарымен, өлі табиғаттың компоненттерімен (құм, тас және тағы басқа) және қасиеттерімен таныстыру;

3) табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді, ауа мен судың ластану себептерін, себеп-салдарлық байланыстарды түсіндіру.Қоршаған ортаға және табиғатқа эмоционалды-жағымды, қамқорлық қатынасты тәрбиелеу.

Табиғатты қорғау

1) табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;

2) өсімдіктердің өсіп, дамуы және өсімдіктердің өсіп, өнуіне судың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;

3) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселелерімен және оларды тудыратын себептермен таныстыру.

Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

өзіне таныс және жаңа жануарлармен, өсімдіктермен қарым-қатынастан қуанышты сезінеді;

адамның табиғатпен тығыз байланысы туралы түсінікке ие;

өлі табиғат нысандарына қызығушылық, ұқыпты қатынас танытады;

адамның табиғатпен өзара әрекетінің себеп-салдарлық байланысын анықтайды;

адамның табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы қорытынды жасайды;

табиғатта қауіпсіз мінез-құлықтың бастапқы тәжірибесіне ие;

өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі;

тіршілік иелеріне жанашырлық, қамқорлық танытады;

табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.171.10 (0.006 с.)