Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Таным" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
7-параграф. "Таным" білім беру саласы 182. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 183. Мақсаты коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады. 184. Міндеттері: таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды дамыту; ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру (талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау,топтастыру, құрастыру, модельдеу,себеп-салдарлық байланыстарды анықтау), қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру; табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, тірі табиғат нысандарына жанашырлық сезімді, қоршаған ортаға қарым-қатынасы бойынша өз әрекетінің кейбір қарапайым нәтижесін көре білуге жаттықтыру, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.
8-параграф. І жартыжылдық 185. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Жиын. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту. "Бір" деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру. Сан, санау. Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. Шама. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану. Геометриялық пішіндер. Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Кеңістікте бағдарлау. Кеңістік ұғымдарын бекіту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Уақытты бағдарлау. Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету. Салмақты бағдарлау. Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету. Күтілетін нәтижелер: "бір" сөзінің мағынасын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі; 5 және одан артық заттардың өлшемдік қатынастарын анықтай біледі; геометриялық пішіндерді таниды және атайды; қағаз бетінде бағдарлай біледі, апта күндерін, жыл мезгілдерін ретімен атайды. 186. Құрастыру Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: 1) болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау; 2) шамасы бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу; 3) ұжымдық құрылыстар салу; 4) түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру. Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету. Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеуге, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ заттарды дайындауда шаршы қағазын бүктеу біліктерін қалыптастыру. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету. Күтілетін нәтижелер: құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажыратады; шамасы бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі; ұсақ заттар дайындауда шаршы қағазды бүктей біледі; құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін біледі, түрлі нәтиже алу үшін бір тәсілді ғана қолданады; түрлі материалдардан заттарды құрастырады, олардың атауларын біледі. 187. Жаратылыстану Өлі табиғат құбылыстары мен заттары. Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, "өлі табиғат" ұғымымен таныстыру. Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер әлемі. 1) балаларды бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері. Гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл,барқытшөп) сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру. 2) балалардың көкөністер мен жемістер, ағаштар туралы түсініктерін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтарын тануға үйрету. 3) бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету. Жануарлар әлемі. 1) Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын қалыптастыру; 2) жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету; 3) жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту; 4) табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз) білімді жетілдіру; 5) табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізе білуді жаттықтыру. Себеп-салдар байланыстарын орната білуді жетілдіру. Күтілетін нәтижелер: өлі табиғаттың кейбір құбылыстарын біледі; таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады; суреттерден орман жидектері мен саңырауқұлақтарын таниды және атайды; нанға, адамдардың еңбегіне ұқыпты қатынас танытады; Қазақстан аумағында мекендейтін жыл құстары мен қыстайтын құстарды, жануарлар мен олардың төлдерін атайды және ажыратады; тірі нысандардың өсіп, өнуі үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін анықтайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.179.120 (0.009 с.) |