Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Әлеумет" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 152. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 153. Мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтар мен ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 154. Міндеттері: ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту; отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу; өзінің еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты қатынасқа тәрбиелеу; құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. 14-параграф. І жартыжылдық 155. Қоршаған ортамен танысу Бала, оның отбасы, үйі 1) баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету; 2) балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру. Заттық әлем Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру. Білімдерін қалыптастыру: 1) таныс емес заттардың қолданысы туралы; 2) қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы; 3) ұлттық киімді дайындау, әшекейлер туралы; 4) көлік түрлерінің қолданысы (әуе, су, жерде жүретін көліктер); 5) жүктің сипаты және қолданылуы машинаның құрылысына тәуелділігі туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы және тағы басқа); 6) мамандықтар және ересектердің еңбегі туралы; 7) телефон, компьютер, теледидардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелерімен таныстыру. Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы ұғым Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері, адамның тұратын үйі, балабақша, мектеп, ересектердің еңбектері туралы білімдерін жетілдіру. Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жолда жүру ережелері Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту) ,бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: өзі туған елді мекенін, туған елін атайды; қазақ киіз үйі оның құрылысы ішіндегі заттарды, ұлттық киімдер мен әшекейлерді атайды және ажыратады; еңбек адамдарына және олардың еңбектерінің нәтижелеріне құрмет көрсетеді; әскердің міндеті туралы түсініктерге ие; мемлекеттік және ұлттық мерекелерге қатысады; мемлекеттік әнұранды біледі және оны кеудесінің сол жағына қолын қойып айтады; бағдаршамның белгілері, көшеде, өткелде өзін дұрыс ұстауды біледі; халық дәстүрлеріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын орындайды, ересектер мен кішілерге құрмет көрсетеді. 156.Экология негіздері Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары 1) балалардың өлі табиғат объектілері - су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін бекіту; 2) табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін кеңейту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістері 1) күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту; 2) адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктер әлемі 1) көкөністер мен жемістерді ажыратып, атау дағдыларын жетілдіру; 2) бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; 3) балалардың бөлме өсімдіктерін өсіріп, оларға күтім жасауға қызығушылықтарын және ынталарын тәрбиелеу. Оларға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауға баулу; 4) балабақша ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу дағдыларын бекіту; 5) өсімдіктерге арналған белгілі жағдайлардың қажеттілігін түсіну дағдыларын қалыптастыру. Жануарлар әлемі 1) үй жануарлары және олардың төлдері; жабайы жануарлардың тіршілігі; табиғат бұрышын мекендеуші жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Тірі объектілерге күтім жасауға арналған құралдар және табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру; 2) жабайы жануарлардың күз мезгіліндегі тіршілігі жайлы түсініктерін (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысық дайындығы) кеңейту. 3) үй және дала құстары туралы білімдерін кеңейту; 4) қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін, оларды ажыратып, атай білулерін қалыптастыру; 5) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: өлі табиғат объектілерін ажыратады және атайды; кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды; 4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады; өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.196.4 (0.007 с.) |