Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. I Жартыжылдық

Поиск

58.Сенсорика

1) заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

2) қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз-қол" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Біліктерді жетілдіру:

1) көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

2) түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады және іріктейді.

Күтілетін нәтижелер:

үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;

қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;

ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;

түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.

59. Құрастыру

Балаларды үйрету:

1) құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;

2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.

Білімдерін қалыптастыру:

1) әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;

2) материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;

3) кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;

4) қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.

Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;

заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;

құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;

құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.

60. Жаратылыстану

1) өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

2) ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады;

жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;

аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;

табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.212.177 (0.006 с.)