параграф. ІІ жартыжылдық
61. Сенсорика
Біліктерін:
1) түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруді: бейнелеуде, құрастыруда;
2) берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекітуді;
Күтілетін нәтижелер:
көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;
заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;
кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген.
62. Құрастыру
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру.
Біліктерді қалыптастыру:
1) жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып материалды таңдау;
2) құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;
3) балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру.
Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: қою, тіреу, басу.
Күтілетін нәтижелер:
пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және таңдайды;
құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды, тірейді, басады);
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып ойнатады.
63. Жаратылыстану
Балаларды үйрету:
1) тірі және өлі табиғат құбылыстарына қызығушылық танытуға;
2) табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады, құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;
3) суреттен жануарларды тауып, атауға;
4) жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге;
5) көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз,алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
6) қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету.
Бақылау:
1) ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);
2) аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);
3) үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);
4) маусымға тән табиғат құбылыстарын;
5) өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;
үй құстарының өздеріне тән ерекшеліктерін атайды;
ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;
табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды.
|