Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. ІІ жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
138. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Жиын 1) жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру; 2) осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру. Сан, санау 1) 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру; 2) Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету. Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту; 3) әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамытуды жалғастыру(көру, есту, иіс сезу). Шама Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту. Геометриялық пішіндер Геометриялық пішіндерді; шеңбер, шаршы және үшбұрыш тану және атау, пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдерімен зерттеу. Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасуын бағдарлау дағдыларын бекіту, өзіне тікелей жақын кеңістік бағыттарын анықтау. Уақытты бағдарлау. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең, жылдам, баяу ұғымдарын атайды, өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтай алады; жасалған әрекеттердің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің әдістерін табады; қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алады. 139. Құрастыру Құрылыс материалдарынан құрастыру 1) құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу; 2) құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру. Ұжымдық құрастыру Дағдыларды бекіту : 1) олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану, құрылыс бөлшектерін ажырату және атау; 2) жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру; 3) құрдастар арасында міндеттерді бөлісу; 4) қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау; 5) бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру; 6) әртүрлі "пластик" түріндегі үлгілер жасау; 7) қағаздан "оригами" типі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру Балаларды қалдық материалдардан бұйым жасауға баулу. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану. Шығармашылық қиялдауды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып зат жасау. Конструктор бөліктерінен құрастыру Конструктормен ойындар үшін құрылыстарды құру дағдыларын жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін жетілдіру. Күтілетін нәтижелер: заттарды атайды және ажыратады, олардың өлшемін, түсін, пішінін, жасалған материалын анықтайды; оларды топтастыра алады; құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, олардың құрылымды қасиеттерін ескере отырып пайдаланады; өзінің құрылыстарымен ойнайды. 140. Жаратылыстану Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру, өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер 1) көктем, қыс, жаз, күз мезгілдерінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту; 2) табиғаттағы ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу дағдыларын жетілдіру. Өсімдіктер әлемі Балабақша ауласындағы және маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекіту, оларды ажыратып,атауға үйрету. Көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды танып, атай білу дағдыларын бекіту. Ағаштың және гүлдің бөліктерін атай білуге үйрету. Білімдерін қалыптастыру: 1) көктем мезгілінде өсімдіктердің тіршілігі туралы; 2) шөптесін өсімдіктер (4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туралы; 3) орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы; 4) пияздың және шөптің бөлме жағдайында өсуі туралы. Жануарлар әлемі 1) үй және жабайы жануарлар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарлардың (түлкі, қасқыр, тиін) сыртқы белгілері мен әрекеттерін туралы білімдерін бекіту. Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын жетілдіру. 2) жәндіктердің аттарын (қоңыз, көбелек, шыбын) бекіту, кейбір жәндіктер туралы (құмырсқа) қарапайым түсінік беру. 3) бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру (кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды). 4) қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: үй жануарларын және олардың төлдерін, үй құстарын атайды; бөлме өсімдіктерін, балабақшаның жер теліміндегі өсімдіктерді атайды; жәндіктерді атайды, олар туралы қарапайым түсініктерге ие; бауырымен жорғалаушыларды олардың сыртқы құрылысын және қозғалу әдістерін біледі: табиғаттағы маусымдық өзгерістердің қарапайым байланыстарын орнатады; қарапайым зерттеуге қызығушылық пен әуестік танытады; табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды; "Қызыл кітапқа" енгізілген және жойылып кету қаупі төнген жануарларды атайды; табиғатта өзін ұстау ережесін біледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.152.23 (0.006 с.) |