Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф.ІI жартыжылдық

Поиск

79. Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар: қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар: қолдарын жоғары, екі жаққа созып көтеру; затты бір қолдан екінші қолға алдыңғы жақтан, арқа жақтан, бастан жоғары жақтан ауыстыру; қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, артқа шапалақтау. Допты бір-біріне бастан асыра беру (алға-артқа), шалқасынан жатып, екі аяғын бірге көтеру, түсіру, велосипед теуіп келе жатқандай аяқтарын қимылдату, түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкею, шалқасынан етпетіне аунап түсу және керісінше. Қатарынан 2-3 рет жартылай отырып-тұру, қолды алға созып, қолды тізеге таянып отырып-тұру, тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру; жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау, екі аяқпен секіру.

Негізгі қимылдар

1) жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру;

2) жүгіру. Әртүрлі бағыттарда, жылдам (10-20 метр) және баяу (50-60сек.) қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру;

3) секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру;

4) лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру;

5) еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру;

6) тепе-теңдікті сақтау. Тура жолмен, тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру;

7) сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларын қалыптастыру.

Спорттық жаттығулар

1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын жетілдіру;

3) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Дербес қимыл белсенділігі

Дербес қимыл әрекеттеріне, дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылығына қолдау көрсету.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз ету.

Дағдыларын қалыптастыру:

1) мәдени-гигиеналық шараларды орындау;

2) ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау.

Күтілетін нәтижелер:

негізгі қимылдарды орындайды;

бір-бірден, шеңберге қайта тұрады, саптағы өз орнын табады;

денені жалпы дамытушы жаттығуларды орындағанда қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;

биік емес төбеден сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

үш дөңгелекті велосипед тебе алады;суға түседі, суда ойнайды;

мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауда дербестік танытады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.84.135 (0.005 с.)