Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Әлеумет" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 109. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 110. Мақсаты балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоционалды елгезектік пен әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады . 111. Міндеттері: балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету; Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. 14-параграф. I Жартыжылдық 112. Қоршаған ортамен танысу Менің отбасым 1) отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету. "Отбасы", "Үй", "Демалыста" және басқа мазмұнды-рөлдік ойындарды ұйымдастыру; 2) қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікте бағдарлау; 3) заттар мен олардың шамасын, түсін, пішінін ажырату және атау,қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру; 4) қазақ және басқа халықтардың тұрмыс заттарымен таныстыру; 5) заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Көлік, байланыс құралдары Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру. Ересектердің еңбегі Балабақша, балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлар мен құстарға күтім жасауға баулу. Қазақстан - менің Отаным Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемелекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды; мазмұнды-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды; қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды; көлік құралдарын атайды; балабақша, балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар; өздері тұратын қала мен ауыл туралы, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие. 113. Экология негіздері Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары Өлі және тірі табиғат жайлы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу. Дағдыларын қалыптастыру: 1) ауа райының жағдайларын анықтай білу; 2) табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау. Өсімдіктер әлемі 1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету; 2) бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру; 3) табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Жануарлар әлемі 1) үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру; 2) Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: табиғаттың маусымдық өзгерістерін анықтайды; табиғатқа қамқорлық жасауға ынталанады; бірнеше ағаштардың түрлерін, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістерді таниды және атайды; үй және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды; табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.198.75 (0.006 с.) |