Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Таным" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
7-параграф. "Таным" білім беру саласы 132. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 133. Мақсаты математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру болып табылады. 134. Міндеттері: сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту; жаратылыстану бойынша түсініктерін, тірі және өлі табиғат жайлы білімдерін, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру; табиғатта өзін ұстай білу ережелерімен және қарапайым өзара байланыспен таныстыру; тірі және өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым- қатынасқа тәрбиелеу; эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой - өрістерін кеңейту. 8-параграф. І жартыжылдық 135. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Жиын 1) әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру; 2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету. Сан, санау 1) 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, "Барлығы қанша?" сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету; 2) теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес; 3) теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету; 4) 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, "Нешінші?", "Саны бойынша қайсысы?" сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту. Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу; 5) әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру. Шама Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. Дағдыларды қалыптастыру: 1) ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру; 2) биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру; 3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану. Геометриялық пішіндер 1) балаларды геометриялық пішіндерді: шеңбер және төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атай білуін; пішіндерді көру және сипап сезу арқылы іздену, зерттеу қызығушылығын дамыту. 2) дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, қолдар). Уақытты бағдарлау. Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: 5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды; теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие; шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыра алады; геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды; кеңістікті және уақытты бағдарлай алады. 136. Құрастыру Құрылыс материалдарынан құрастыру Дағдыларды қалыптастыру: 1) орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру; 2) схеманы қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру; 3) үлгі бойынша құрастыру; 4) умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру. Қағаздан құрастыру Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту. Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу. Конструктор бөлшектерінен құрастыру Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру. Күтілетін нәтижелер: құрылыс бөлшектерін атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдаланады; құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады; биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстарды өзгертеді; бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді; қағаздан көлемді пішіндерді жасай алады; табиғи материалдардан түрлі заттар дайындайды; конструктордан құрылыс жасайды. 137. Жаратылыстану Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары. Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту. Өсімдіктер әлемі 1) балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту; 2) табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға және бақылаудың нәтижелерін табиғат күн тізбесінде белгілеуге үйрету; 3) балабақшаның ауласындағы және маңайдағы өсімдіктерді, көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды атауға үйрету; 4) қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту. Жануарлар әлемі Үй жануарлары және жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарлаының (ит, мысық) сыртқы белгілері мен қылықтары туралы білімді бекіту. Сиырдың, жылқының және үй құстарының (қораз, мекен, қаз) сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімін нақтылау. Күтілетін нәтижелер: үй жануарларын және олардың төлдерін, үй құстарын атайды; кейбір жабайы аңдардың түрлерін біледі; бөлме өсімдіктерін, балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді атайды; табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады; қарапайым тәжірибеге қызығушылық пен әуестік танытады; табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін біледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.75.147 (0.012 с.) |