Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Поиск

 4 - параграф. Дыбыс айту

139. Мақсаты толыққанды айту дағдыларын қалыптастыру: сақталған дыбыстарды нақтылау, жоқ дыбыстарды қою, бұрмаланған дыбыстарды түзету; фонематикалық есту мен фонематикалық қабылдауды, фонетикалық-фонематикалық түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

140. Міндеттері:

1) сөйлеу тілі іс-әрекетіне эмоционалды жағымды қатынасты дамыту;

2) еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді дамыту;

3) еркін көру арқылы қабылдауды және зейінді, жадты дамыту;

4) артикуляциялық қимылдың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін дамыту;

5) ырғақтық суреттерді қабылдау және шығару процесінде есту-көру және есту-қимылдық өзара әрекеттенуді дамыту;

6) сақталған дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын нақтылау;

7) жоқ дыбыстарды шақыру;

8) бұрмаланып айтылған дыбыстарды түзету;

9) буындардағы, сөздердегі дыбыстарды айтуға машықтандыру;

10) сөйлемдердегі, байланыстырылған сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айтуға машықтандыру;

11) сөздің дыбыстық-буындық құрылымын қалыптастыру;

12) сөйлеу тілдік тыныс алуға үйрету;

13) дауысты дамыту;

14) интонациялық мәнерлілікті, сөйлеу тілінің ырғақтылығын дамыту;

15) өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

141. "Дыбыс айту" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту тараулары бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді:

1) оқылатын дыбыстың дұрыс айтылуын бекіту кезеңіне лексикалық материалдарды таңдағанда оның сан алуандылығын, үйретілетін дыбыстың мол болуын, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай бұзылған және араласқан дыбыстардың болмауын қарастыру қажет. Балалардың меңгерген лексикалық-грамматикалық категорияларды, сондай-ақ байланыстырылған сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыстардың әр түрлі түрлерін қолдануға арналған жаттығуларды қосу ұсынылады. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету процесінде логопед балаларды үйретілетін дыбыстарды салыстыруға, артикуляциялық тәртіп бойынша олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы белгілі бір қорытынды жасауға, оларды артикуляциялау және айту тәсілдеріне үйретеді;

2) дыбысты буындарда бекіту кезеңінде, бекітіліп отырған дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстармен төмендегі дәйектілікпен қосамыз: тік буындарда, кері буындарда, дыбыс дауысты дыбыстардың арасында болатын буындарда, тұйық буындарда, дауыссыз дыбыстар қатар келген буындарда;

3) жіңшке дыбыстар жуан дыбыстрдан кейін, дәл осы ретпен бекітіледі. Екпіндерінің ауысуымен, біртіндеп буындардың көбеуімен буындық жаттығулар қоланылады.

142. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

1) фонематикалық есту;

2) сөйлеу тілінің просодиялық жағын қалыптастыру;

3) сөйлеу тілінің айтылу жағын қалыптастыру.

143. "Фонематикалық есту" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) есту арқылы қабылдау;

2) фонематикалық қабылдау;

3) фонематикалық түсініктер;

4) фонематикалық талдау мен жинақтау;

5) сөздің буындық құрылымы.

144. "Сөйлеу тілінің просодиялық жағын қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) сөйлеу тілдік тыныс алуды дамыту;

2) дауысты дамыту.

145. "Сөйлеу тілінің айтылу жағын қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) қол моторикасының қимылының кинестетикалық және кинетикалық негізін қалыптастыру;

2) артикуляция мүшелерін дамыту;

3) айтылуды қалыптастыру.

146. "Фонематикалық есту" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:

1) есту арқылы қабылдау. Есту зейінін қосады, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындайды. 3-4 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады. Ақырын және қатты дыбысталуды ажыратады. Дыбысталудың қарқынын ажыратады. Сөйлеу тілінің басталуы мен аяқталуына деген әсері болады;

2) фонематикалық қабылдау. Дыбысталу жағынан ұқсас сөздерді ажыратады.Берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді.Сақталған сөйлеу тіліндегі дауыссыз дыбысты басқа дауыссыз дыбыстардың ішінен ерекшелейді. Бір буынды және екі буынды ұқсас сөздерді (мак-бак-так) айтады.Суретте бейнеленген сөздің дұрыс айтылуын қате айтылуынан ажыратады. 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы бойынша басқаларынан ерекшеленетінді анықтайды;

3) фонематикалық түсініктер. Суреттерді берілген дыбысқа сәйкес таңдайды. Берілген дыбысқа екі буынды сөздерді таңдайды. Берілген дыбысқа үш буынды сөздерді таңдайды. Берілген дыбыс сөздің басында естілетін сөзді таңдайды. Берілген дыбыс сөздің соңында естілетін сөзді таңдайды. Берілген дыбыс сөздің ортасында естілетін сөзді таңдайды;

4) фонематикалық талдау мен жинақтау. Дауысты және дауыссыз буындар туралы түсінігі бар, дауысты және дауыссыз дыбыстарды жіктейді. Дыбысталуы мен артикуляция жағынан ұқсас дауыссыз дыбыстарды жіктейді. Аталған дыбыстың сөздегі орнын анықтайды, сөздегі дыбыстардың дәйектілігін анықтайды. Сөздердің дыбыстық үлгілерін түсті шекемтастардан құрастырады, әр түрлі дыбыстық үлгілерге сәйкес сөздерді таңдайды. Сұрақтардың және берілген дыбыстық құрылымды сөздердің көмегімен педагогтың немесе баланың ойлаған сөзін табады;

5) сөздің буындық құрылымы. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айтады және оған сәйкес сөздерді таңдайды. Дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын күрделі буындық құрылымды қабылдау және айту дағдысы бар, бітеу буыны бар үш буынды сөздерді айта алады, дауыссыз дыбыстар қатар келген үш буынды сөздерді айтады. "Буын", "сөз" туралы түсініктері бар, екі және үш буынды сөздерді буынға бөледі. Дауыссыз дыбыстары қатар келген үш және төрт буынды сөздерді буынға бөледі. Буын құрылымы күрделі сөздерді айтады. Сөздерді, сөйлемдерді айтқанда лепті, хабарлы, сұраулы интонацияларды пайдаланады.

7-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Есту арқылы қабылдау

0.1.1.1 есту зейінін қосу, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындау

0.1.1.2 3-4 нұсқадағы дыбыстық сигналдарды тану және ажырату

0.1.1.3 сөйлеу тілінің дыбысталуының басталуы мен аяқталуына деген әсері болу

1.2 Фонематикалық қабылдау

0.1.2.2 дыбысталу жағынан ұқсас сөздерді ажырату

0.1.2.3 берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелеу

0.1.2.4 сақталған сөйлеу тіліндегі дауыссыз дыбысты басқа дауыссыз дыбыстардың ішінен ерекшелеу

0.1.2.5 бір буынды және екі буынды ұқсас сөздерді айту(мак-бак-так)

0.1.2.6 суретте бейнеленген сөздің дұрыс айтылуын қате айтылуынан ажырату

0.1.2.7 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы бойынша басқаларынан ерекшеленетінді анықтау (мак-бак-так-банан)

1.3 Фонематикалық түсініктер

0.1.3.1 суреттерді берілген дыбысқа сәйкес таңдау

0.1.3.2 берілген дыбысқа екі буынды сөздерді таңдау

0.1.3.3 берілген дыбысқа үш буынды сөздерді таңдау

0.1.3.4 берілген дыбыс сөздің басында естілетін сөзді таңдау

0.1.3.5 берілген дыбыс сөздің соңында естілетін сөзді таңдау

0.1.3.6берілген дыбыс сөздің ортасында естілетін сөзді таңдау

1.4 Фонематикалық талдау мен жинақтау

0.1.4.1 дауысты және дауыссыз дыбыстарды жіктеу

 0.1.4.2 дауысты-дауыссыз дыбыстар тіркесіндегі дыбыстардың санын және дәйектілігін анықтау

0.1.4.3 сөздегі дыбыстар санын анықтау

0.1.4.4 екі аталған сөзден бірдей дыбыстарды анықтау

0.1.4.5 аталған дыбыстың сөздегі орнын анықтау

0.1.4.6 дыбыстардың сөздегі дәйектілігін анықтау

0.1.4.7 берілген дыбыстар санына сөз құрау

0.1.4.8 дауыссыз дыбыстарды құрылу орны бойынша жіктеу

0.1.4.9 дауыссыз дыбыстарды акустикалық белгілері бойынша жіктеу

0.1.4.10 "буын", "сөз" мағыналарын түсіну

 1.5 Сөздің буындық құрылымы

0.1.5.1 дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту

0.1.5.2 дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту және оларға сөздер таңдау;

 0.1.5.3 бітеу буыны бар үш буынды сөздерді айту;

0.1.5.4 дауыссыз дыбыстары тоғысқан үш буынды сөздерді айту

0.1.5.5 үш және төрт буынды сөздерді буынға бөлу

0.1.5.6 дауыссыз дыбыстары тоғысқан үш және төрт буынды сөздерді буынға бөлу

0.1.5.7 буындық құрылымы күрделі сөздерді айту

0.1.5.8 әр түрлі интонацияларды пайдалану

147. "Сөйлеу тілінің просодиялық жағын қалыптастыру" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:

1) сөйлеу тілдік тыныс алуды қалыптастыру. Бақылау үшін алақанды пайдалана отырып көкеттік-қабырғалық тыныс алуды пайдаланады. Сөйлеу тілінің қатысуынсыз, сөйлеу тілінің қатысуымен қысқа жайлы дем алуды және жайлы ұзақ дем шығаруды орындай алады. Ауыздық және мұрындық тыныс алуды ажыратады. Тіркестерді айтқанда сөйлеу тілдік дем шығаруды біртіндеп ұзарта отырып, буындар мен сөз қатарын бір тыныста айтады;

2) дауысты дамыту. Дауыс күші мен биіктігін ажыратады. Дауыс күшін еркін өзгертеді: сыбырлап, ақырын, қатты айта алады.

8-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Сөйлеу тілдік тыныс алуды дамыту

0.2.1.1 көкеттік-қабырғалық тыныс алуды пайдалану (бақылау үшін баланың алақанын пайдалану)

0.2.1.2 сөйлеу тілдің қатысуынсыз қысқа жайлы дем алуды (ұртын толтырмай, иығын көтермей) және жайлы ұзақ дем шығару

0.2.1.3 сөйлеу тілдің қатысуымен қысқа жайлы дем алуды (ұртын толтырмай, иығын көтермей) және жайлы ұзақ дем шығару

0.2.1.4 ауыздық және мұрындық тыныс алуды жіктеу (ауызбен дем алу мұрынмен дем шығару; мұрынмен дем алу ауызбен дем шығару)

0.2.1.5 буындар мен сөз қатарын бір тыныста айту

0.2.1.6 тіркестерді айтқанда сөйлеу тілдік дем шығаруды ұзарту

2.1 Дауысты дамыту

0.2.2.1 дауыс күшін ажырату (ақырын-қатты)

0.2.2.2 дауыс биіктігін ажырату (жоғары-төмен)

0.2.2.3 дауыс күшін еркін өзгерту: сыбырлап, ақырын, қатты айту

148. "Сөйлеу тілінің айтылу жағын қалыптастыру" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:

1) қол моторикасының қимылының кинестетикалық және кинетикалық негізін қалыптастыру. Көру арқылы қабылдауда саусақтарды дамытуға арналған әр түрлі жаттығуларды орындайды, сөздік нұсқау бойынша әр түрлі саусақтық қалыпты ұстап тұрады. Қол білезіктеріне арналған арнайы жаттығуларды орындайды: қимыл амплитудасын біртіндеп арттыра отырып қолды жұму, ашу, сілку және бұлғау. Дәйектілікпен ұйымдастырылған қимыл мен құрылымдық праксис процесінде саусақтарымен әр түрлі қимылдарды орындайды: конструктормен ойындар, мозаикадан өрнектер құрастыру, таяқшалар көмегімен заттарды бейнелеу, қиылған суретті жинау, жиектеу, бояу, трафаретті штрихтау;

2) артикуляция мүшелерін дамыту. Артикуляцияның негізгі мүшелерін біледі. Артикуляциялық жаттығулар кешенін логопедтің үлгісі, санауы және сөздік нұсқауы бойынша орындайды. Артикуляциялық қалыпты ұстап тұрады, ерінге, тілге арналған артикуляциялық ойын жаттығуларын орындайды. Артикуляция мүшелерінің қозғалғыштығы мен артикуляция мүшелерінің ауысуына арналған жаттығуларды орындайды. Әр түрлі дыбыстарды айтқан кездегі тілдің қалпының өзгеруін анықтайды. Сөздік нұсқау бойынша мимикалық жаттығуларды орындайды: көзді қатты жұму, ұртты ауаға толтыру;

3) айтылуды қалыптастыру. Дауысты дыбысты буында, сөзде, сөйлемде және шағын әңгімелерде дұрыс айтады. Сөзде, сөйлемдерде және қысқа әңгімелерде естілген және айтылған дауыссыз дыбыстарды дұрыс жіктейді. Естілген және айтылған дауыссыз дыбыстарды ұяң-қатаң, жуан-жіңішкелігі бойынша жіктейді.

9-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Қол моторикасының қимылының кинестетикалық және кинетикалық негізін қалыптастыру

0.3.1.1 саусақтарды дамытуға арналған әр түрлі жаттығуларды орындау

0.3.1.2 әр түрлі саусақтар қалпын ұстап тұру

0.3.1.3 қол басына арналған жаттығуларды орындау

0.3.1.4 үлгі бойынша таяқшалардан пішіндер құрастыру

0.3.1.5 әр түрлі штрихтау әрекетін орындау

3.2 Артикуляция мүшелерін дамыту

0.3.2.1 артикуляцияның негізгі мүшелерін білу

0.3.2.2 артикуляциялық тәртіпті логопедтің үлгісі бойынша, санау, сөздік нұсқау бойынша орындау

0.3.2.3 артикуляциялық қалыпты ұстап тұру

0.3.2.4 ерінге арналған артикуляциялық жаттығуларды орындау

0.3.2.5 тілге арналған артикуляциялық жаттығуларды орындау

0.3.2.6 артикуляциялық мүшелердің ауысуына берілген жаттығуларды орындау

0.3.2.7 артикуляциялық аппараттың нақты және жіктелген қимылын орындау

0.3.2.8 сөздік нұсқау бойынша мимикалық жаттығуларды орындау

3.3 Айтылуды қалыптастыру

0.3.3.1 дауысты дыбыстарды естілгенде және айтылғанда дұрыс айту

0.3.3.2 ерте онтогенез дауыссыз дыбыстарды сөзде, сөйлемде дұрыс айту

0.3.3.3 әр түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауысты дыбыстарды [а-о-у-и]; [а-ә], [о-ө], [у-ү], [у-ұ], [ү-ұ], [ы-і] дұрыс айту

0.3.3.4 дауысты, дауыссыз дыбыстарды жіктеу

0.3.3.5 қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды естілгенде және айтылғанда дұрыс айту

0.3.3.6 жуан және жіңішке дыбыстарды естілгенде және айтылғанда дұрыс айту

0.3.3.7 әр түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауыссыз дыбыстарды [ш-с], [ж-з], [с’-щ,], [м-н], [б-п], [к-қ], [г-ғ], [т-д], [к-т], [ғ-қ], [н-ң], [м-н-ң], [х-һ], [с- з], [ш ж], [л-р], [в-б] дұрыс айту

0.3.3.8 қойылған дыбыстардың дауыстылармен жеке, ашық буында тұйық буында, бітеу буында, сөзде, сөйлемде тоғысуы

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына 3-қосымша

Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.214.28 (0.009 с.)