Содержание книги

  1. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
  2. тарау. Түсіндірме жазба
  3. тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
  4. параграф. 2 - жартыжылдық
  5. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  6. параграф. 2 - жартыжылдық
  7. тарау. Екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар)
  8. параграф. 2 - жартыжылдық
  9. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  10. параграф. 2-жартыжылдық
  11. тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)
  12. параграф. 2 - жартыжылдық
  13. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  14. параграф. 2 - жартыжылдық
  15. тарау. Ересектер тобы (5 - 6 жастағы балалар)
  16. параграф. 2 - жартыжылдық
  17. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  18. параграф. 2 - жартыжылдық
  19. тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
  20. параграф. Сипап-сезу және ұсақ моторика
  21. параграф. Кеңістікте бағдарлау
  22. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  23. Есту қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
  24. тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
  25. параграф. 1 - жартыжылдық
  26. параграф. 2 - жартыжылдық
  27. параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
  28. параграф. 1 - жартыжылдық
  29. параграф. 2 - жартыжылдық
  30. тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
  31. параграф. 2 -жартыжылдық
  32. параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
  33. параграф. 2 - жартыжылдық
  34. тарау.Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)
  35. параграф. 2 - жартыжылдық
  36. параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
  37. параграф. 2 - жартыжылдық
  38. тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
  39. параграф. 2 - жартыжылдық
  40. параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
  41. параграф. 2 -жартыжылдық
  42. тарау. Жапы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7жастағы балалар)
  43. параграф. 2 - жартыжылдық
  44. параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
  45. параграф. 2 - жартыжылдық
  46. Зерде бұзылысы бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
  47. тарау. Бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар)
  48. параграф. 2-жартыжылдық
  49. параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
  50. параграф. 2-жартыжылдық


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. 2 - жартыжылдық



18. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады. Есту қабілеті бұзылған балалар айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін пайдалануды; қатынас барысында қарапайым сөйлеу тілін қолдана білуді үйренулері керек. Балаларды жазбаша сөйлеу тілімен таныстырады.

19. Қатынас:

1) қатынас процесінің ерекшеліктерін бөліп көрсету:көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі);мақұлдап немесе қарсы бас изеу;жымию, бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау;дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дыбыс үйлестігі, дыбыс ұқсастығы, аморфты және былдыр сөздер,қарапайым сөздер;

2) ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру;

3) заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау;

4) заттарды қатыстырып тапсырмаларды орындау;

5) қанағаттанғанын, қанағаттанбағанын, қалау-қаламауын мимикамен, ым-ишарамен, сөзбен жеткізу;

6) ауызша амандасу, өтініш, тілек білдіру;

7) ауызша-жазбаша немесе ауызша-дактилді формада өтініш, тілектері туралы хабарлау;

8) келісу-келіспеудімимикамен, ым-ишарамен көрсету, сөзбен жеткізу;

9) қатынасқа түсу барысында дауыс белгілерін, қатысты, қатысы жоқ былдырды, сөздердің кескінін көрсету әрекеттерін қолдану;

10) заттық әрекеттерді бақылау, заттарды атау және оларға деген өзінің қатысын білдіру;

11) түрлі жағдайда тілдесім процесін бақылау;

12) қаратпа сөздерге жауап реакциялары:көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі);ым-ишара, пантомимика;заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;артикуляциялық аппараттың қозғалысы;дауысты қосу;

13) ауызша және ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру;

14) ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдану;

15) бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;

16) құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру;

17) айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау.

20. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

1) енжар сөздік қорын етістіктермен толықтыру, қарапайым ойын, тұрмыстық әрекеттерді және тапсырмаларды білдіретін сөздерді меңгеру;

2) енжар сөздік қорын зат есіммен толықтыру: айналасындағы нысандардың, жануарлардың, дене мүшелерінің, адамның бет-әлпетін білдіретін сөздер;

3) айтқанды түсіну және сұрақтарға жауап беру (ым-ишарамен,дауыс реакцияларымен, сөзбен, суреттінемесе заттарды көрсетумен);

4) сұрақтардың мағынасын түсіну;

5) ұғымдардың мәнін түсіну: дәмді, дәмсіз, болады, болмайды;

6) түрлі дыбыстық сигналдарды естіп, тану;

7) заттардың қасиеттерін білдіретін сөздерді түсіну;

8) ауызша және ауызша-дактилді белгілері бойынша объектілерді табу;

9) тек есту арқылы объектілерді табу;

10) тек жазбаша белгілері(кесте) бойынша объектілерді таба білу.

21. Айтылым:

1) қоршаған ортада заттардың орналуына қатысты бөліп айту;

2) орындайтын іс-әрекеттерді атау;

3) бақыланатын іс-қимылдарды атау;

4) сурет, мультфильмдер, фильмдер көрген кездегі іс-қимылдарды атау;

5) сөздер мен дыбыстық еліктеудің көмегімен жануарларды атау;

6) орындайтын іс-әрекеттерді қысқа сөйлемдермен айту;

7) әңгімелесушілердің артикуляциясына, мимикасына және пантомимикасына еліктеу;

8) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген түрде айту;

9) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын ұштасқан түрде айту;

10) тұрмыстық іс-әрекеттер мен ойынды сөйлеу тілімен ұштастыру;

11) қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіру білігі, оларды тілдік белгілеріне байланысты атау.

22. Оқылым:

1) танып оқу әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын айту;

2) өз бетінше таңдаған кесте бойынша затты көрсету;

3) 2 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктеу;

4) кестеге сәйкес сыңарын табу (екеуі бірдей).

23. Күтілетін нәтижелер:

1) қарапайым тапсырмаларды заттармен, заттарсыз,орындайды;

2) келісу-келіспеуді мимикамен, ым-ишарамен білдіреді;

3) 2-3 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктейді;

4) қаратпа сөздерге жауап реакцияларын білдіреді;

5) кейбір сөздердің орнына дыбыстық еліктеуді қолданады;

6) түрлі жағдайда тілдесім процесін бақылайды;

7) заттарды іс-әрекетті атайды;

8) тек ауызша немесе жазбаша белгілері бойынша объектілерді табады;

9) ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап береді;

10) айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;

11) қойылған сұрақтардың мағынасын түсініп, сұрақтарға жауап береді;

12) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтады;

13) амандасады;

14) кестені көрсетіп ауызшасұрайды;

15) заттардың сапасын, қасиеттерінбілдіретін сөздерді ажыратады;

16) айналадағылардың сөйлеу тілін тыңдайды, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарайды;

17) қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіреді, оларды тілдік белгілеріне байланысты атайды;

18) ойын, әрекет барысында ауызша сөйлеу тілін қолданады;

19) қоршаған ортадағы түрлі дыбыстық сигналдарды таниды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.86.18 (0.007 с.)