Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамытуСодержание книги
Поиск на нашем сайте
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту 99. Қандай да бір дыбысты үйрету 1-2 апта ішінде жүргізіледі. Егер бұл уақытта дыбыс пайда болмаса, онда келесі дыбысқа көшеді, ал біраз уақыттан кейін балалар әлі айтып үйренбеген дыбысқа қайтадан оралады. 100. Оқудың төртінші жылында сөйлеу тілінің фонетикалық жағы нақтыланады; сөзді дәлме-дәл айту дағдылары қалыптасады; фразалық сөйлеу тілі дамиды. 101. Дыбысталудың сандарын дәл айту тәсілі: тиісті санды саусақтарымен және сандармен көрсету, атау, буындарды айта отырып, шапалақ ұру, дыбысталу санын тарсылдату, дыбысталатын ойыншықтарда ойнау. 6-параграф. 1 - жартыжылдық 102. Тілдік емес дыбыстау: 1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, шыққан жерін сөзбен атау (жоғарыда, төменде); 2) есту арқылы 6-7 дыбыстаулардың санын ажыратып, айту; 3) есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажырату; 4) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату; 5) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалар дауыстарын ажырату; 6) есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату; 7) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес сигналға деген реакциясын білдіру (жалаң құлаққа); 8) 3-4 буындық ырғақты ажыратып, айту; 9) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (3-4- тен таңдау кезінде). 103. Тілдік дыбыстау: 1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну; 2) сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемшелердің айтылу қарқыны бойынша айту; 3) естіп-көру арқылы үш буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау; 4) есту арқылы балаларға арналған өлеңдер мен әндерді тану; 5) есту арқылы "Қоршаған ортамен танысу" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану; 6) есту арқылы "Тіл дамыту" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану; 7) есту арқылы "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" тақырыптар бойынша тілдік материалды тану; 8) естіп-көру және есту арқылы ұсынылған сұрақтарға жауап беру; 9) есту арқылы таныс фразаларды ажырату; 10) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа). 104. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: 1) сөздер мен сөз тіркестерінің қарқыны мен ырғағын өзгерту (үлгі бойынша, сызба бойынша); 2) бір дем шығаруда дауысты бірте-бірте арттыру және төмендету арқылы буындарды айту; 3) қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздердің атауларын айт; 4) сөздер мен сөз тіркестерін әр түрлі күштегі дауыспен айту; 5) тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, орфоэпия нормаларын сақтап, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айту; 6) суреттегі немесе сюжетті суреттерде бейнеленген сол немесе өзге жағдайға сәйкес түрлі интонациямен сөз тіркестерін айту; 7) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету; 8) сөздік екпінді сақтау білігі; 9) сөйлеуде барлық дауысты және негізгі дауыссыз дыбыстарды қолдану. 105. Күтілетін нәтижелер: 1) сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемшелерді айтылу қарқыны бойынша айтады; 2) естіп-көру арқылы үш буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды; 3) қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздердің атауларын айтады; 4) суреттегі немесе сюжетті суреттерде бейнеленген сол немесе өзге жағдайға сәйкес түрлі интонациямен сөз тіркестерін айтады; 5) сөзді айқын екпінмен, артық дыбыссыз, орфоэпия нормаларын сақтап, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айтады; 6) сөздердің, сөз тіркестерінің айтылу қарқыны мен ырғағын өзгертеді; 7) есту арқылы "Қоршаған ортамен танысу", "Тіл дамыту", "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" және т.б. тақырыптар бойынша тілдік материалды таниды; 8) естіп-көру арқылы балаларға арналған өлеңдер мен әндерді таниды; 9) дыбысты оқшаулау және оның шыққан жерін анықтайды (жоғарыда, төменде); 10) естіп-көру және есту арқылы ұсынылған сұрақтарға жауап береді; 11) 3-4 буындық ырғақты ажыратып, айтады; 12) есту арқылы 6-7 дыбыстаулардың санын ажыратады; 13) есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажыратады; 14) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (3-4- тен таңдау кезінде); 15) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады; 16) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалар дауыстарын ажыратады; 17) есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады; 18) есту арқылы таныс фразаларды ажыратады; 19) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған сигналға реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа); 20) сөйлеуде сөздік және логикалық екпінді сақтайды; 21) сөйлеуде барлық дауысты және негізгі дауыссыз дыбыстарды қолданады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.45.223 (0.01 с.) |