Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2- жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
93. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру: 1) сандық түсініктерді қалыптастыру:біртекті заттардан көптік құрау және көптіктерді жеке заттарға бөлу (педагог "тағы", "көп", "барлығы", сөздерін пайдалана отырып, балалардың әрекеттерін айтып тұрады); жазықтықта әртүрлі орналасқан заттық көптіктердің құралуы (тігінен, көлденеңінен, үйме);топтардан біртекті заттарды: "көп", "аз", "біреу" (еліктеу бойынша) ерекшелеу ("көп"затты ерекшелегенде заттарды екі қолмен, ал "аз" заттарды бір қолмен, "біреуді" оң қолдың екі саусағымен алу); 2) қолдың қимылын ілестіріп, қорытынды санды атай отырып, екі сан көлеміндегі заттарды санау;екі заттан құрылған көптікті санамай-ақ тану: "Екі саңырауқұлақ қайда, көрсет";түске, пішінге, көлемге бағдарлай отырып, заттарды әртүрлі көптіктерге біріктіру; "көп",арнайы ұйымдастырылған және қоршаған ортадан 1, 2 затты табу; 3) шама:заттың шамасын анықтау және бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып, көлемі бойынша(үлкен, кіші)салыстыру; заттарды көлемі(үлкен, кіші) бойынша топтастыру; 4) геометриялық фигуралар:дөңгелек, шаршы пішінді заттарды анықтау; заттарды пішіндері бойынша: шар, текше топтастыру;геометриялық пішіндерібойынша: дөңгелек, шаршы ажырату; 5) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша:алға, артқа, соға, оңға(ересек адамның көмегімен) қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: бас, қолдары, аяқтары, кеудесі. 94. Күтілетін нәтижелер: 1) еліктеу немесе үлгі бойынша бір текті немесе әр түрлі текті элементтерден көптік құрайды; 2) топтан "бір", "көп", 1, 2 заттарды ерекшелейді; 3) 2 көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе саусақпен көрсетеді; 4) ересек адамның ұйымдастырушы және бағыттаушы көмегімен жұптық сәйкестікті анықтау тәсілімен элементтерінің саны тең көптіктерді құрайды; 5) заттарды көлемі бойынша бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып (үлкен, кіші) салыстырады; 6) геометриялық пішіндерді: дөңгелек, шаршы ажыратады; 7) заттарды пішіндерібойынша: шарларды, текшелерді топтастырады; 8) өз дене мүшелерінде (бас, қолдар, аяқтар, кеуде) бағдарлайды. 95. Сенсорика: 1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ұсынылған 2-3 үлгінің шамасында заттарды олардың бейнелерімен салыстыру; көлемді геометриялық пішіндерді (текше, шар, кірпіш) қораптың сәйкес келетін ойығына байқап көру тәсілімен итеру;көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі (дөңгелек, шаршы) қораптарға қақпақ таңдау, байқау арқылы қақпақтың пішінінің қорап пішініне қатысын анықтау;педагогтың әрекетіне еліктеу жағдайында (қуыршаққа киімдерді түсіне қарай таңдау) түстерді (қызыл, сары, жасыл) ажырату;2 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру; 2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: белгілі бір аспаптардың (дағыра, пианино, бубен үшеуінен таңдау) дыбыстарын жіктей отырып әсерін білдіру; ойыншықты оған сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіру; суретті тірек ете отырып, есту арқылы үш сөздіажырату; фонетикалық талдаусыз буын құрамы әртүрлі сөздерді есту арқылы ажырату; 3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:заттарды сөз бойынша ("Маған үлкен допты бер, кіші допты бер") және сипап сезе отырып, пішіні мен көлемі бойынша таңдау; үлгі бойынша көлемі мен пішіні бойынша таңдау; заттарды пішіні, түсі, көлемі бойынша топтастыру;заттар мен нысандарды "дымқыл" - "құрғақ" (сүлгі, тас) белгілері бойынша жіктеу; заттар мен нысандардың температурасын "ыстық" - "суық" (ыдыс, су, құм) белгілері бойынша ажырату; 4) дәм сезуді дамыту:ыстық және суық тамақ туралы түсінікті қалыптастыру;ыстық және суық сусындарды (шай, шырын) жіктеу;әртүрлі дәмдік сезім "тәтті-ащы" туралы түсініктерін қалыптастыру; тамақты "тәтті-ащы" дәмі бойынша анықтау. 96. Күтілетін нәтижелер: 1) таныс заттарды олардың бейнесімен сәйкестендіреді; 2) түстерді (қызыл, сары, жасыл) сәйкестендіреді; 3) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады; 4) геометриялық пішіндерді (шар, текше, кірпіш) сипап сезіп ажыратады; 5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды; 6) 2 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады; 7) әртүрлі буындардан құралған сөздерді естіп ажыратады; 8) тамақты, сусынды "ыстық-суық", "тәтті-ащы" белгілері бойынша ажыратады; 9) заттарды және нысандарды "дымқыл-құрғақ", "ыстық-суық" белгілері бойынша ажыратады. 97. Құрастыру: 1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға;өзінің жасаған құрылысымен ойнауға;ересектің көмегімен қарапайым құрылыстарды орындауға;көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыруға үйрету; 2) негізгі түстер туралы білімдерін қалыптастыру, түстерді: қызыл, сарысәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші туралы білімдерін қалыптастыру; заттардың пішіні: текше, кірпіш туралыбілімдерін қалыптастыру; 3) құрылыс материалдарынан құрастыру:құрылыс материалының бөліктерімен, оларды құрастыру мүмкіндіктерімен (текше, кірпіш) таныстыру;үлгі бойынша кезең-кезеңмен құрастыру тәсілін пайдалана отырып, 2-3 текшеден мұнара құрастыру;еліктеу бойынша кірпіштерден мұнара қалау;еліктеу бойынша ені тар ұзын жол салу;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін зат алмастырушы ретінде пайдалану; 4) заттық емес құрастыру:ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру ("Мен сияқты қой");көлемдік үлгілер бойынша кеңістіктік қатынасты үлгілеу (әрекетті көлемді модульдермен орындау) дағдыларына үйрету; 5) таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің суретінің үстіне қою тәсілімен қарапайым пішіндерді салу; 6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:еліктеу бойынша ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;қуыршақтың бет-әлпетін және дене мүшелерін, ойыншық жануарлардың дене мүшелерін көрсету; 7) дағдыларды қалыптастыру: конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;бөліктерді бірін біріне орналастыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу);құрылыс жиынтығының эелементтерін көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыру;кірпішті тар қысқа қырынан қою. 98. Күтілетін нәтижелер: 1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады; 2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады; 3) таныс құрылыстарды таниды; 4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады; 5) бұйымдар мен құрылымдарды әртүрлі бағытта орналастырады; 6) ойында құрылыстарды пайдаланады. 99. Жаратылыстану: 1) табиғат құбылыстары: қыс және оның қарапайым белгілері (суық, қар) туралы түсініктерді қалыптастыру; жаз және оның қарапайым белгілері (ыстық, күн қыздырады) туралы түсініктерді қалыптастыру; 2) өсімдіктер әлемі: практикалық әрекет процесінде көкөністермен (қияр) және жемістермен(банан) таныстыру; өсімдіктер әлемі: ағаш, шөп туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) жануарлар әлемі: үй жануарымен (ит) танысу; тірі табиғат нысандарына деген қайырымдылық сезімін тәрбиелеу. 100. Күтілетін нәтижелер: 1) педагогтың көмегімен иллюстрациялардан қыс пен жазды көрсетеді; 2) таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді; 3) таныс үй жануарларын көрсетеді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.151.127 (0.009 с.) |