Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

Поиск

 4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

202. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

203. Мақсаты балаларда лексикалық-грамматикалық тіл құралдарын қалыптастыру, түрлі жанрдағы әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдай білуін және түсіне білуін дамыту, балалар көркем әдебиет және халық ауыз әдебиет шығармаларына эмоционалды ілтипатын дамыту, оптико-кеңістік бағдарланулар, фонема талдау дағдылары, графикалық-моторлық дағдыларды меңгерту болып табылады.

204. Міндеттері:

1) қарапайым жалаң сөйлемдерді пайдалануды үйрету;

2) балаларға кішігірім әңгімелерді құрастыруды үйрету;

3) зат есімдер мен етістіктердің жеке және көпше сандарын түсіну мен пайдалануды үйрету;

4) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және ондағы оқиға желісін қадағалауға үйрету;

5) тақпақтар мен өлеңдерді саналы жаттауға үйрету;

6) таныс ертегілердің сюжет реттілігін қадағалауға, педагогтың көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын жеткізуге үйрету;

7) сөйлеу тілінің дыбыстық мәдениетін дамыту;

8) дыбыстық сипаты бойынша заттар мен құбылыстыарды тану біліктілігін қалыптастыру;

9) сөздердің қарапайым дыбыстық талдауын жүргізе алуын қалыптастыру;

10) сөйлемде сөздерді ажырата білуіне оқыту;

11) сөздің буындық құрылымын анықтауға үйрету;

12) ырықты зейіні мен есту арқылы есте сақтауын дамыту.

 5-параграф. 1-жартыжылдық

205. Сөйлеуді дамыту:

1) ересек адамның көмегімен модель бойынша қарапайым сөздерді құрастыру дағдысын бекіту ("Кім? Не істеп тұр? Не? Немен?");

2) біртекті бастауыштарды, баяндауыштарды, толықтауыштарды енгізу арқылы жайылма сөйлемдерді пайдалану икеміне үйрету; балаларды ойыншықтарды пайдалана отырып, диалог түрінде шағын әңгімелерді құрастыру икеміне үйрету;

3) сөз сөйлеуде грамматикалық санаттарды пайдалану дағдысын қалыптастыру: зат есімдер мен етістіктердің сандары;

4) балаларды заттардың, жануарлардың, құстардың атауларын оларды сипаттау бойынша танып табу икеміне үйрету;

5) балаларды ересек адамның көмегімен негізгі кеңінен тараған материалдардың атауларын пайдалану икеміне үйрету (ағаш, темір, тас);

6) диалог жүргізудің дағдыларын бекіту: сұрақтарға сәйкес жауап беру және сұрақты жолдасына жолдау икемдері;

7) балаларды сөздерді түрлі тәсілдермен құрастыру икеміне үйрету;

8) балаларды заттардың кеңістіктегі орналасуын анықтаумен байланысты сөздерді пайдалану икеміне үйрету.

206. Күтілетін нәтижелер:

1) ересек адамның көмегімен қарапайым сөйлемдерді құрастырады;

2) ересек адамның көмегімен ойыншықтарды пайдалана отырып, диалог түрінде шағын әңгімелерді құрастырады;

3) сұрақтарға адекватты жауап береді және басқа адамға сұрақты жолдай алады;

4) заттардың, жануарлардың, құстардың атауларын олардың сипаттары бойынша танып таба алады.

207. Көркем әдебиет:

1) тыңдау және түсіну:шығарма мазмұнындағы оқиға желісін қадағалауға, сұрақтарды қоюға және оларға жауап беруге үйрету; шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (мейірімді-ызақор) беру біліктілігін дамыту; шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:интонацияны қабылдауға үйрету, ертегілердегі, әңгімелердегі, тақпақтардағы бейнелердің кереғарлығын түсінуге үйрету; ертегілерді көркем әдебиеттің басқа жанрларынан ажырата білуге үйрету;

2) әңгімелеу және жаттау: сұрақтарға және көрнекіліктерге сүйене отырып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету; кішігірім тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқуды үйрету;жақсы таныс шағармалардағы сөздерді/фразаларды жалғастырып айту біліктілігін, ойыншықтарды, үстел үсті театрын қолдана отырып, ертегілердің кішігірім үзіндісін ойнау/сахналау біліктілігін дамыту.

208. Күтілетін нәтижелер:

1) көркем шығармаларды эмоциональді түрде қабылдай біледі;

2) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде ілтипатын білдіреді;

3) мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;

4) педагогтың көмегімен шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (мейірімді-ызақор) береді.

209. Сауат ашу негіздері:

1) естіп қабылдауы: тілдік емес дыбыстарға көңіл аударту; балаларда дыбысқа назар аударуын қалыптастыру; балаларды тұрмыстық шулармен таныстыру (телефон қоңырауы, шаңсорғыш шуы, автокөлік сигналы) және оларды ажырата ала білуге үйрету; есту тітіркендіргіштеріне әрекет ету икемін балаларға оқыту; әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруын тани білуін қалыптастыру (балалар күйсандығы, металлофон, дабыл); балаларды дыбыстық сипаттамалары бойынша табиғат құбылыстарын және тұрмыстық шуларды ажырата алуға үйрету(жауын шуы және теңіздің соқпа толқынының дыбысы, құстар сайрауы және желдің гуілдеуі, қосылу тұрған шаңсорғыш дыбысы және кір жуғыш мәшиненің дыбысы); балаларды таныс заттар мен құбылыстарды дыбыстық сипаттамалары бойынша анықтай білуге үйрету ("Мен неде ойнап жатқанымды, тапшы"); бір-біріне жақын және қарама-қарсы тілдік емес дыбыстарды салыстыра білуге үйрету; дыбыс шығып жатқан орынды анықтай білуге үйрету;

2) дыбысқа еліктеу, музыкалық аспаптар, шиқылдайтын ойыншықтарды қолдану арқылы түрлі дауыс қаттылығы(қатты-ақырын), жоғарылағындағы (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдау кезіндегі есту зейінін дамыту; музыкалық аспаптарды қолдану арқылы "ұзын" және "қысқа", "қатты" және "ақырын дауыс шығару" түсініктерін қалыптастыру; балаларды тірі табиғат дыбыстарымен таныстыру (торғайдың шырылдауы, қарғаның қарқылдауы, бұлбұлдың сайрауы; сиырдың мөңіреуі, ешкінің бақылдауы, аттың кісінеуі); қозғалыс арқылы дыбыстың сипатына және оның өзгерісіне балалардың әрекет ете алуын бекіту (марш - маршпен жүреді, би билетін ән - айналып билейді, би күйі - секіреді және билейді); еліктеу бойынша жеңіл ырғақты шапалақтау арқылы жасау; берілген ырғақты (2-3) ересектің көмегімен жүзеге асыруға және есту арқылы оларды бір-бірінен ажырата алуға балаларды үйрету;

3) фонематикалық қабылдау: сөздің дыбыстық қабықшасына деген зейінді дамыту; сөйлеу дыбыстарын тануға, тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуға үйрету; бір сөзді қатты және ақырын айтуға болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру;

4) қолды жазуға үйрету: балаларда қолдың аршынды қозғалысын қалыптастыру: солдан оңға, жоғарыдан төмен бағытта тақтадан аршынды қозғалыспен шүберекпен сүрте білу икемділігіне үйрету; қағаз бетінде қолдың буынымен белгілі бір қозғалысты орындай алуға үйрету: қағаз бетінің басынан аяғына дейін жолақша бойынша саусақпен жүргізе алуға үйрету (жолақша кеңдігі 2,5-1-ден 1,5-1 см дейін (еліктеу бойынша, өздігінен); жолақшаның басынан аяғына дейін қарындашпен үздіксіз сызықты сыза алуға балаларды үйрету; балаларды солдан оңға, жоғарыдан төмен белгілі бір нүктеге дейін нүктелі сызықтар бойынша түзу сызықтарды жүргізе алуға үйрету ("Жаңбыр"); қарындашты қолдана отыра саусақпен және білезікпен қозғалысты орындай алуға балаларды үйрету, еліктеу бойынша (үстел үстінде алдымен әр қолмен жеке, кейін екі қолмен бірмезгілде, алақан арасында ойлы-қырлы қарындашты сырғыту, үлкен және сұқ саусақ жастықшалары арасында сырғыту).

210. Күтілетін нәтижелер:

1) айналадағы дыбыстарды тұрмыстық шуларға және табиғат құбылыстарының дыбыстарына ажырата алады;

2) қарапайым заттарды және дыбыстық сипаттамасы бойынша құбылыстарды тани алады;

3) дыбыс шығып жатқан заттың кеңістіктегі орнын таниды және қабылдайды;

4) шиқылдайтын ойыншықтарды қолдану арқылы түрлі қаттылық (қатты-ақырын) және күштіліктегі (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдайды;

5) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажыратады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.233.83 (0.01 с.)