Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2 - жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
112. Сурет салу: 1) балаларды ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге; өз бетінше пішіні әртүрлі заттарды зерделеуге, нобайы бойымен жүргізуге; суретті шынайы затпен сәйкестендіруге үйрету; 2) әртүрлі тік, көлденең, түзу сызықтардың, нүктенің суретін салу; бейнені бүкіл парақтың бетіне толтыра орналастыру; дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салу; трафаретпен салынған заттардың суретін бояу; жұмыс процесінде эмоцияны байқату, өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижелерін бір-біріне көрсету; штрихтар мен сызықтарды қисындыру арқылы әртүрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатындығын түсінуді қалыптастыру; 3) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк, жасыл сәйкестендіру туралы; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы; заттардың пішіні: дөңгелек, шаршы туралыбілімдерін қалыптастыру; 4) үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау;қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; майлық қағазды пайдаланудағдыларын қалыптастыру. 113. Күтілетін нәтижелер: 1) затты бейнелемес бұрын оның пішінін зерделейді (нобайы бойынша жүргізеді); 2) әртүрлі тік, көлденең, түзу сызықтардың, нүктенің суретін салады; 3) дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салады; 4) геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы туралы түсінігі бар; 5) негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл туралы түсініктері бар; 6) заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы түсініктері бар; 7) қарындашты (үш саусақпен) дұрыс ұстайды; 8) қылқаламды дұрыс ұстайды, қылқаламмен бояуды алады, қылқаламды суда жуады; 9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады, өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижесін көрсетеді. 114. Мүсіндеу: 1) балаларды ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға үйрету;балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату; 2) созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайту; 3) мүсіндеу алдында зерделеу: заттарды сипап сезу, негізгі бөліктерін ерекшелеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау; заттың көлемді пішінін ерекшелеу және тану; сопақша пішінді заттарды зерделеу; 4) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сарысәйкестендіру туралы;заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы;заттардың пішіні: дөңгелек туралыбілімдерін қалыптастыру; 5) сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен кесегінен кіші үзіп алу; пішін жасау қимылы - жаю; сазды, қамырды, ермексазды алақан арасында домалақтау, цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндеу; цилиндр пішінді бөліктерді бір-біріне жабыстыра отырып, біріктірудағдыларынқалыптастыру; 6) домалақ пішінді заттарды: доп, бауырсақ мүсіндеу; сазды (қамырды, ермексазды) алақан арасында домалақтап, жалпайту арқылы дөңгелек пішінді заттарды: шелпекті, құймақты илеп жасау; басу тәсілін (еліктеу бойынша) пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды: алманы, қызанақты мүсіндеу; 7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен (жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу) таныстыруды жалғастыру. 115. Күтілетін нәтижелер: 1) созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды; 2) пішін жасау қимылын орындайды, педагогпен бірге және еліктеу бойынша жаяды; 3) педагогпен бірге және еліктеу бойынша цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндейді; 4) цилиндр пішінді бөліктерді: сақинаны, қалашты біріктіреді; 5) педагогпен бірге және еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді; 6) үстелде дұрыс отырады, жеңін түріп, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады; 7) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады. 116. Аппликация: 1) балаларды ересектің аппликация құрау процесін бақылауға;ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге;ересекпен бірлескен әрекетпен пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеуге үйрету; 2) қағаздың мүмкіндіктерін (жырту, умаждау, бүктеу)пайдалану; қағазды текстурасыбойынша(барқыт, жылтыр, тегіс)ажырату;аппликацияны шынайы нысандармен сәйкестендіруге үйрету; 3) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші) туралы;заттардың пішіні: дөңгелек, шаршы туралыбілімдерін қалыптастыру; 4) сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне 1-2 бөліктен тұратын қарапайым дайындамаларды (доп, қызанақ, саңырауқұлақ, үй) жапсырудағдыларын қалыптастыру. 117. Күтілетін нәтижелер: 1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды; 2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады; 3) заттардың көлемі(үлкен-кіші) туралы түсінігі бар; 4) негізгі түстер: қызыл, сары, көк туралы түсінігі бар; 5) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы) туралы түсінігі бар; 6) қылқаламды пайдаланады, артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдаланады; 7) орындалған жұмысқа қуанады; 8) аппликация жұмысы кезінде үстелде отырады. 118. Музыка: 1) музыканы тыңдау: әртүрлі сипаттағы (байыпты, көңілді, шапшаң, баяу) музыканы тануды қалыптастыру; әндерді тыңдай білуінқалыптастыру; 2) ән айту: әнге және дыбысқа, қайталанылатын музыкалық тіркестің интонациясына еліктеуді қалыптастыру; қосылып өлең айту дағдысын дамыту; 3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақты қимылдау; зал ішінде жүру және жүгіру, музыкалық сигнал бойынша шашырау және бірге жиналу дағдысын қалыптастыру; музыканың сүйемелдеуімен қарапайым қимылдарды қалыптастыру: заттармен ырғақты қимылдарды орындау, алақанын соққылау (тәрбиешінің көмегімен және көрсетуімен), мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда ересектермен бірге таныс қимылдарды және әрекеттерді орындау; 4) музыкалық-дидактикалық ойындар: дыбыс динамикасы (қатты-ақырын) арқылы есту зейінін дамыту; ересек адамға еліктеу бойынша қатты және ақырын дыбыстарды шығару; әртүрлі қарқындағы (жылдам, баяу) ойындар арқылы сенсорлық қабылдауын дамыту; аспаптардың (бубен, сылдырмақ, қоңырау) дыбысталу тембрін байқау. 119. Күтілетін нәтижелер: 1) педагогтың көмегімен музыка сипатын ажыратады; 2) педагогпен бірге шағын фразаларды әндете айтады; 3) бірлескен әрекет арқылы музыканың сүйемелдеуімен қарапайым би қимылдарын орындайды; 4) музыканың сүйемелдеуімен заттарды ұстап қозғала алады; 5) музыкалық аспаптарда (бубен, сылдырмақ, қоңырау, сыбызғы) ойнайды.
|
||||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.41 (0.008 с.) |