Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2-жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
67. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды: 1) жүру:қолдарынан ұстасып, сигнал бойынша тоқтап, шеңбер бойымен жүру; қол белде, аяқтың ұшымен жүру; арқаннан жасалған түзу жол бойымен жүру; бір-бірден, шағын топпен және барлығы түзу бағытта жұптасып, қол ұстасып жүру; 2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіру; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; жол бойымен (ені 30-40 см, ұзындығы 7 м) жүгіру; жан-жаққа шашырап жүгіруге, түзу бағытта бір-бірден, топтасып жүгіруге; шеңбер (еденге салынған арқан) бойымен жүгіруге үйрету; 3) секіру: педагогтың, бірінің қолынан біріұстап секіру; тәрбиешінің сақтандыруымен және көмегімен тақтайдан (биіктігі 10 см) секіру; тіректен ұстанып, тұрған орнында секіру дағдыларын қалыптастыру; 4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:доптарды (көлемі және фактурасы әртүрлі) екі және бір қолымен шеңберге лақтыру; допты 1,5-2 м қашықтықтағы қақпаға домалату; допты тәрбиешіге 50 см қашықтықтан лақтыру; көлемі кіші матадан тігілген доптарды 50 см қашықтықтан себетке лақтыру; 5) еңбектеу, өрмелеу: ересектің қолдауымен төбешікке шығу және өздігінен түсу; еденде жатқан тақтай (ені 30 см, ұзындығы 1,5 м) бойымен еңбектеу; бөрене арқылы өрмелеп өту; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеу және түсу; көрсету бойынша үлкен шеңберден (түзу) еңбектеп өту; 6) тепе-теңдік сақтау:шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүру және оның бойымен төмен түсу (ересектің сақтандыруымен және көмегімен); гимнастикалық орындық бойымен жүру және тақтай ұшынан секіру; аяғын дұрыс қоя отырып, бір орнында тұрып айналу; 7) сапқа тұру:сапта еркін тұру; еденге түзу етіп салынған арқан бойымен тұру, арқанды қолымен ұстап тұру; арқанның немесе жіптің бойымен бірінің артынан бірі сапқа тұру; 8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға иілу, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, қолдарын кеуде тұсында айқастыру және жанына созу; кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяғын топылдату; тұрған және отырған қалыпта оңға және солға бұрылу, бір-біріне зат беру, алға еңкею және түзулену, қолдаумен тізесін бүгу, секіру; 9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар. 68. Күтілетін нәтижелер: 1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді; 2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды; 3) тура бағытта жүреді, жүгіреді; 4) шеңбер бойымен қол ұстасып жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді; 5) сигнал бойынша тоқтайды, жол бойымен көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді; 6) шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді; 7) допты бір және екі қолымен лақтырады; 8) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады; 9) тәрбиешінің көмегімен тақтайдан секіреді; 10) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді; 11) тақтай бойымен еңбектейді; 12) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді; 13) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі; 14) бір орнында тұрып айналады. 69. Мәдени-тазалық дағдылары: 1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру:қасық және тостағанды қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алуды қалыптастыру;балаларды төгіп алмай тостағаннан дұрыс ішуге үйрету; 2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:ересектің бақылауында шүмекті ашуға және жабуға;ересек адамның көмегімен және көрсету бойынша жуынар алдында жеңінтүру керектігін;сурет бойынша өз орамалын таба білуді балаларға үйрету (ересектің көмегімен, көрсету немесе ауызша нұсқаулық бойынша);санитария және гигиена заттарын (сабын салғыш, тіс щеткасы, тіс пастасы)тани алуын және ажыратуын қалыптастыру;тіс пастасын тіс щеткасына жаға отырып, тіс тазалау, ауыз шаю дағдыларына үйрету (бірлескен әрекет); жуынып болған соң қол және бетті сүрту үшін жайылған орамалмен сүртіну керектігін үйрету;автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіру;ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарай білуін қалыптастыру (еліктеу бойынша);ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана білуге үйрету; 3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру:тамақтан кейін майлықты қолдана білуге,тамақтанып болған соң алғыс білдіруге үйрету;ересектің бақылауымен және көмегімен орындыққа киімді дұрыстап бүктеуді қалыптастыру;дәретханамен дер кезінде қолдану керектігін бекіту (ересектің ескертуі және дәретханаға апаруы бойынша); 4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:балаларды сурет бойынша өз шкафын таба алуына үйрету(ересектің көмегі арқылы, көрсету немес ауызша нұсқаулық бойынша);ересектің көмегімен өз киімін сәйкестендіре білуін қалыптастыру; жабысқақ түймелегіштерді (ересектің жартылай көмегімен) шеше алуды қалыптастыру; жабысқақтар көмегімен түймелейтін, ағытатын, біріктіретіндағдыларды қалыптастыру үшін түрлі ойын модульдері бар жаттығулар. 70. Күтілетін нәтижелер: 1) қасық және тостағанмен қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алады; 2) тостағаннан төгіп алмай ішеді; 3) ересектің бірлескен әрекеттерімен ауыз шаю және тіс тазалау процесіне қатысады; 4) автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіре алады; 5) ересектің көмегі арқылы өз киімін сәйкестендіре біледі; 6) ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарау дағдысына ие болады (еліктеу бойынша); 7) ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана біледі; 8) жабысқақ түймелегіштерді ересектің жартылай көмегімен шеше алады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.23.247 (0.007 с.) |