Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)Содержание книги
Поиск на нашем сайте
5-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) 1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы 191. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, қауіпсіздік мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 192. Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, баланың денсаулығын нығайту және сақтау, дене шынықтыруға қызығушылықтарын, қимыл икемділіктері мен дағдыларын қолдануға ұмтылысын дамыту, қауіпсіз тәртіп ережелері мен салауатты өмір салты туралы білімдерін қалыптастыру. 193. Міндеттер: 1) көрсетілімді жаттығуды өздігінен орындауға арналған үлгі деп қабылдауға үйрету; 2) қимыл техникасының негізгі элементтерін дұрыс орындау икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру; 3) жүру мен жүгірістегі, секіру мен лақтырудағы, лақтыру мен қағып алудағы, еңбектеу мен өрмелеудегі қимылдың негізгі түрлерін жетілдіру; 4) дене сапасын, икемділікті, ептілікті, төзімділікті, қимыл тепе-теңдігін сақтауды, үйлесімділікті қалыптастыру; 5) шапшаң қимылды ойындардағы ережелерді сақтай білуді қалыптастыру; 6) құрдастарының қимылын бағалауға және олардың қателерін байқауға үйрету; 7) дене жаттығуларын орындауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу; 8) көшедегі, жолдағы, үйдегі, табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін түсінуге көмектесетін ойын әрекеттеріне үйрету. 2-параграф. 1 - жартыжылдық 194. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды: 1) жүру:бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, залды айнала жүру; жүруді жүгіріспен кезектестіре отырып, жұптасып бірінің артынан бірі жүру; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүру; 2) жүгіру: бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп, дыбыстық сигнал бойынша тоқтап, тізе бүге отырып; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып, жан-жаққа шашырай жүгіру; 3) секіру:бір орнында тұрып, қолдарын белде ұстапсекіру; алға қарай жылжи отырып секіру; тақтайдың көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см), ұзын орындықтан тізесін бүгіп өз бетінше секіру; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіру; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіру; 4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтыру және қағып алу, допты қабырғаға, енденге соғу, екі қолымен ұстап алу; допты бір-біріне қашықтықтан (1,5-2 м) лақтыру; құм салынған допты нысанаға лақтыру, сақиналарды өзекке лақтыру; 5) еңбектеу, өрмелеу, асып түсу:керілген жіптің астынан (биіктігі 30-35 см) еңбектеп өту; гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу; "Маймыл жүгірісі" (табаны мен қолын тірек ете отырып, жылдам қозғалу); еңкіш саты (биіктігі 1,5-2 м) бойымен өрмелеу; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелеу; еліктеу бойынша биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өту; 6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, еңкіш тақтай бойымен жүру (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен жүру; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүру; басты оңға-солға бұру, алға қарай ию, артқа қарай шалқайту; бір орында тұрып аяғын кезектестіре басып айналу, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу; 7) сапқа тұру:аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұру; бір-бірден сапқа тұру, үлкен және кіші шеңбер құрап тұру; 8) музыкалық-ырғақтық жаттығулар: музыкалық сүйемелдеуге сәйкес таныс дене жаттығуларын түрлі қарқында орындау; 9) спорттық жаттығулар: биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау; үш дөңгелекті велосипед, самокат тебу; оңға, солға қарай бұрылу; 10) спорттық ойын элементтері:кегль ойындарына үйрету: бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру, 1,5-2 м арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру; 11) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз): қолды алға, жоғары көтеру, жанына қарай созу, иыққа, белге қою, төмен түсіру; айқастырылған қолды бастан асыра, төмен қарай сермеу; қолдың қимылын бір мезгілде өзгерте отырып, қол басын айналдыру, бұлғау, жұдырық түю, жазу; қолды белде ұстап, денені оңға, солға бұру, алға қарай еңкею, артқа қарай шалқаю; қол жоғары, аяқ иық ендігіндегі бастапқы қалыптан қолды төмен түсіріп, жанына қарай түзулеп көтеріп, басынан асыра шапалақтау; "қайшы" (отырған, қолды артқа қарай тіреген бастапқы қалыптан аяқтың жоғары-төмен кезектестірілген қимылы); етпетінен жатқан бастапқы қалыптан еңкейіп, қолды артқа қарай айқастыру; қол жоғары көтерілген, білезіктен айналдыру; аяқты кезектестіре басып, тізе бүге отырып айнала бұрылу; аяқтың ұшымен айнала отырып секіру. 195. Күтілетін нәтижелер: 1) дене жаттығуларын орындауға қызығушылық байқатады; 2) жаттығуларды көрсету, еліктеу, сөздік нұсқау бойынша орындайды; 3) көлемі үлкен және орташа допты лақтырады және қағып алады; 4) допты бір-біріне береді; 5) затты (құм толтырылған дорба) нысанаға лақтырады; 6) гимнастикалық орындық арқылы еңбектейді, өрмелейді; 7) швед қабырғасы бойымен жоғары-төмен өрмелейді; 8) қолын жан-жағына қарай созған қылыпта, тақтай, орындық бойымен жүреді; 9) алға қарай секіріп жылжиды; 10) шапшаң қимылды ойындардың ережелерін сақтайды; 11) әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып сапта бір-бірден жүреді; 12) ересек адамның көмегімен төбеден шанамен сырғанайды; 13) ересек адамның көмегімен үш дөңгелекті велосипед, самокат тебеді. 196. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері: 1) үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіз тәртіп негіздері:балабақшадағы балалар үшін оңай және қолжетімді тәртіп ережелерімен (ойын кезінде бір-біріне бөгет жасамау, өзіне де басқаларға да ауыртатын әрекет жасамау) таныстыру; тыйым салатын тәртіп ережелерімен (жеуге жарамсыз заттарды аузына салмау, заттарды құлағына, мұрнына тықпау) таныстыру; топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре білуге, баспалдақтан таянышынан ұстап түсуге жаттықтыру;ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана білу дағдысын қалыптастыру; үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету; 2) көшедегі қауіпсіз тәртіп негіздері: көшеге экскурсия кезінде жүргіншілердің тәртібін, көліктің қозғалысын бақылау; дидактикалық (көлемді) бағдаршаммен таныстыру; бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру; ойын әрекеттерін бағдаршамның сигналы бойынша (ересектің көмегімен) орындау: қолдарынан ұстасып бағдаршамның сигналын күту, көшеден жасыл сигнал бойынша өту, қызыл түсте тұру; көліктердің дыбыстық сигналдарын ажырату; көшеде бейтаныс адамдармен кездесуі мүмкін жағдайлар туралы түсінікті қалыптастыру, осындай жағдайларда өздерін дұрыс ұстауға (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бейтаныс адамның мәшинесіне отырмау, олардың ұсынған ойыншықтар мен тәттілерді алмау) үйрету; 3) табиғаттағы қауіпсіз тәртіп негіздері: серуен кезінде әртүрлі өсімдіктерді қарап анықтау және қоршаған табиғат үшін қауіпсіз тәртіп ережелерімен (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) таныстыру; серуен кезінде құстарды бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету; серуен кезінде жануарларды (ит, мысық) бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (жануарлармен кездескенде абай болуға, жақын бармауға, ызаландырмауға, зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету. 197. Күтілетін нәтижелер: 1) балабақшадағы қарапайым тәртіп ережелері туралы түсінігі бар; 2) өмір мен денсаулық үшін қауіпті, тек ересектер ғана пайдалануға болатын заттарды біледі; 3) топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре біледі, баспалдақтан таянышынан ұстап түседі; 4) ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана біледі; 5) үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдері туралы түсінігі бар; 6) бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді бар; 7) табиғаттағы дұрыс тәртіп (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) туралы түсінігі бар.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.229.53 (0.006 с.) |