Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. "Әлеумет" білім беру саласы

Поиск

 15-параграф. Сурет салу

401. Мақсаты балаларды бейнелеу әрекетіне қатыстыру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын эстетикалық қабылдауды дамыту болып табылады.

402. Міндеттері:

1) сурет салуға эмоционалды әсер мен қызығушылық шақыру;

2)қарапайым заттардың пішінін, түсін, бөліктерінің орналасуын бере отырып бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;

3) қағаз бетінде бағдарлай білу: жоғарыда, төменде, ортасында, оң жағы мен сол жағы

4) суреттерді шынайы нысандармен сәйкестеуге үйрету;

5) сюжеттік бейнелерді (үлгі бойынша, ойындағысындай) құру;

6) аппликация пен сурет салудың элементтері үйлескен бейнені құру;

7) қазақ халқы мен басқа да халықтардың сәнді-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыруды жалғастыру;

8) үстелде отырып жұмыс істеген кезде дұрыс қалыпты сақтай білуді бекіту, ұқыптылыққа және жұмыс орнынтаза ұстауға үйрету;

9) өзінің жұмысын және құрдастарының жұмыстарын бағалай білуге үйрету;

10) үлкендермен және құрдастарымен ынтымақтастықта болуға үйрету;

11) ұжымда жұмыс істеу икемділіктерін қалыптастыру.

403. "Сурет" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

404. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

1) сурет негізі;

2) материалдар және құрал-саймандар.

405. "Сурет негізі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) түзулер және түзу түрлері;

2) пішін және пропорция;

3) түс;

4) композиция.

406. "Материалдар және құрал-саймандар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) құрал-саймандармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері;

2) еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау.

407. Оқыту мақсаттарыныңжүйесі:

26-кесте

1-бөлім. Суреттің негізі

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1.1 Сызықтар және түрлері

0.1.1.1 сызықтардың түрлерін (түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек) пайдалана отырып, қарапайым заттарды мен сұлбалардың суретін салу

0.1.1.2 әртүрлі сызықтардың көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді және қазақ оюының элементтерінің суретін салу

1.2 Пішін және пропорция

0.1.2.1 біртұтас сюжеттік желіден сурет салуға арналған қарапайым заттарды/олардың бөліктерін бейнелеу үшін негізгі геометриялық пішіндерді пайдалану

0.1.2.2 көлемі бойынша әр түрлі бір текті заттарды, бөліктерді суретте симметриялық орналастыра отырып бейнелеу

0.1.2.3 геометриялық пішіндер мен өсімдіктік элементтерді өрнекте 1-2 элементтен кезектестіре отырып ырғақты орналастыру

1.3 Түс

0.1.3.1негізгі түстерді ажырату

 1.4 Композиция

 0.1.4.1 заттардың жерге, суға, аспанға қатысы бойынша, олардың пішінін, пропорциясын, заттарының және олардың бөліктерінің түстерін есепке ала отырып, заттардың кеңістіктік қатынасын бейнелеу

 0.1.4.2 суреттегі бейненің көңіл-күйін жеткізу үшін үлгі бойынша қағаз фонын және түс үйлесімін таңдайды

408. "Сызықтар және сызық түрлері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) сызықтың түрлерін (түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек) сала біледі;

2) ою элементтерін ажырата алады; түзу сызықтардың түрлі үйлесімімен келтірілген қазақ оюларының элементтерін салады;

3) қарапайым пішіндегі оюларды салады;

4) түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек, жіңішке, жалпақ түзулерді, көлемі әртүрлі дөңгелектерді, жағындыларды, нүктелерді ырғақты орналастырады.

409. "Пішін және пропорция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) негізгі пішіндерді салады, пропорцияларды сақтайды;

2) көлемі әртүрлі біртектізаттар мен бөліктерінің суретін салады;

3) мұғалімнің көмегімен біртұтас сюжет желісімен сурет құрайды;

4) ағаш бұтақтарына, жапырақты бұталарға қарап отырып суретін салады; гүлдердің суретін салады.

410. "Түс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) негізгі түстерді сәйкестендіреді(қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ);

2) үлгі бойынша қағаз түстігін таңдайды;

3) колоритті беру үшін бояуларды үйлестіреді;

4) негізгі түстерді ажыратады.

411. "Композиция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) мұғалімнің көмегімен заттардың болмысынан суреттер композицияларын құрастырады;

2) үлгі бойынша оюлар мен өрнектер құрастырады;

3) үлгі бойынша бейнелерді қағазда орналастырады;

4) заттардың кеңістіктік қатынасын бере біледі: парақтың төменгі жағындағы бір жолақта, бүкіл парақта.

27-кесте

2-бөлім. Материалдар және құрал-саймандар

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

2.1 Құралдар-саймандармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері

0.2.1.1 қарындашпен, бормен саусақтарды ширықтырмай, қарындашты (борды) сәл еңкейте, жеңіл қимылмен бір бағытта, бейненің нобайынан шықпай, штрихты біркелкі етіп сала отырып сурет салу

 0.2.1.2 жіңішке сызықтарды салғанда қылқаламды қағазға қарай сәл еңкейте, ал нүктені салғанда тік ұстау

0.2.1.3 жапырақтардың және гүлдердің суреттерін салғанда қылқаламды қағазға басу тәсілін пайдалану

0.2.1.4 суретті қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төмен жүргізе отырып бояу

0.2.1.5 үлгі бойынша сюжетке, композицияға, бейненің мөлшері мен түсіне тәуелді қажетті көркем материалдарды және құралдар-саймандарды таңдау

2.2 Құрал-саймандармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау

0.2.2.1 жұмыс процесінде жұмыс орны мен құралдарды тәртіпке келтіру, материалдарды үнемдеп пайдалану

0.2.2.2 үшкір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, жеке бас гигиена ережелерін орындау

412. "Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) қарындаштарды (графитті және түрлі түсті), бояуларды (гуашь, акварель), борларды пайдаланады;

2) қарындашпен саусақтарды ширықтырмай ұстап,сәл еңкейте, штрихтарды біркелкі етіп, жеңіл қимылмен бір бағытта, бейненің нобайынан шықпай сурет салады;

3) қылқаламды бояуға жақсылап малу; қылқаламмен жалпақ және жіңішке сызықтарды салады; қылқаламды қағазға қарай қарай еңкейте ұстайды, жіңішке сызықтарды салғанда қылқаламды тік ұстайды;

4) суретті бояғанда қылқаламды еңкейте ұстап бір бағытта солдан оңға жоғарыдан төмен қарай жүргізеді;

5) қылқаламды қағаз бетіне жалпайта басу тәсілін қолданады.

413. "Құрал-саймдармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) педагогтың нұсқауы бойынша тапсырманы орындаудың дәйектілігін жоспарлайды, қажетті материалдарды дайындайды;

2) жұмыс процесінде жұмыс орны мен құралдарды өздігінен тәртіпке келтіреді: құрал-саймандардарды, қарындаштарды, бояуларды, қағаздарды орнына жинайды.

 16-параграф. Мүсіндеу

414. Мақсаты мүсіндеу процесіне қызығушылықты қалыптастыру, бұйымдардың шынайы нысандардың бейнесі екені туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

415. Міндеттері:

1) мүсіндеуге эмоционалды әсер және қызығушылық шақыру;

2) ересектің әрекетін бақылауға, әрекетті еліктеу бойынша орындауға үйретуді жалғастыру;

3) мүсіндеу алдында заттарды зерделеу тәсілдерін, заттардың пішінін, көлемін түсін анықтауды қалыптастыру;

4) мүсіндеген кезде заттардың негізгі қасиеттері мен қатысын бере білуге үйрету;

5) кеңістіктік қатынасты қалыптастыруды жалғастыру;

6) цилиндр, домалақ, сопақша пішінді заттарды мүсіндеу дағдысын бекіту;

7) мүсіндеу кезінде әртүрлі тәсілдерді пайдалану дағдысын бекіту: жаю, басу, жалпайту, созу, жабыстыру, тегістеу, шымшу;

8) 2-3 бөліктен тұратын пішіндер мен заттардымүсіндеу дағдысын қалыптастыру;

9) сюжеттік мүсіндеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

10) сәндік мүсіндеу туралы түсінікті қалыптастыру;

11) ұжымдық бұйымдарды орындауға үйрету;

12) дайын бұйымды үлгімен салыстыруға үйрету;

13) мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойынға деген қызығушылықты қалыптастыру;

14) созылымды материалдармен жұмыстың қарапайым ережелері туралы білімді бекіту;

15) жұмысты ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

416. "Мүсіндеу" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтерге өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

417. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

1) мүсіндеудің бағыты;

2) еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау.

418. "Мүсіндеудің бағыты" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) заттық мүсіндеу;

2) сюжеттік мүсіндеу;

3) сәндік мүсіндеу.

419. "Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:

1) мүсіндеуге арналған материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс.

420. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

28-кесте

1-бөлім. Мүсіндеудің бағыты

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1.1 Заттық мүсіндеу

0.1.1.1 қарапайым геометриялық пішіндердің негізінде пішіні, мөлшері, көлемі әртүрлі жемістердің, көкөністердің, жануарлардың, құстардың үлгілерін, басқа да таныс заттарды пластилин мен саздың кесегінен үзіп ала отырып, шынайы түрінен мүсіндеу

0.1.1.2 қозғалғанадам мен жануардың денелерінің қарапайым пішіндерін пропорцияны есепке ала, пішінге тік немесе көлденең қалыпты бере отырып, пішіндердің бөліктерін бір-біріне жабыстырып біріктіре, біріктірілген орнын қырнауышпен тегістей отырып мүсіндеу

 0.1.1.3 кейіпкерлерге тән бөліктерді (құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтап, қарапайым тәсілдерді (жаю, домалату, қырнауыштың көмегімен басу, жалпайту) пайдаланып, бөліктерін құрамдастырылған тәсілмен біріктіре отырып мүсіндеу

1.2 Сюжеттік мүсіндеу

0.1.2.1 ертегілер мен әңгімелердің сюжеттері бойынша бір текті заттармен бейнелік және сюжеттік композицияны құру(ұжымдық мүсіндеу)

 0.1.2.2 бір тұғырда бірнеше пішіндерді орналастыра отырып, бұйымды тұғырға қою техникасын пайдалану

1.3 Сәндік мүсіндеу

0.1.3.1 Қазақстанның және әлем халықтарының халықтық кәсіптерінің әуені бойынша ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу

0.1.3.2 мүсін бейнесін әлемнің әртүрлі халықтарының халық ойыншықтарының уәждері бойынша шынайы түрден сәндеу тәсілдерін пайдалану (жабыстыру, қырнауышпен кесу немесе тырнау)

421. "Заттық мүсіндеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) жемістердің, көкөністердің, жануарлардың, құстардың пішіндерін, таныс заттарды пластилиннің бір кесегінен мүсіндей алады;

2) мүсіндеудің әртүрлі тәсілдері мен қосымша материалды пайдаланады;

3) бөліктерінің шамалық қатысын сақтайды, мүсінделінген пішін бөліктерін біріктіреді, оларды бір-біріне қысып, жабыстырады және біріктірілген жерін тегістейді, пішіннің үстіңгі жағын саусақпен және қырнауышпен тегістейді.

422. "Сюжеттік мүсіндеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) еліктеу бойынша қоршаған өмір, таныс ертегілер мен әңгімелердің сюжеттерінің тақырыбы бойынша сюжеттік композияция құрастырады;

2) мүсіндеу барысында көлем, түс, пішін қатынастарын береді;

3) қырнауышты пайдалана отырып, пішіннің үстіңгі жағын безендіреді;

4) бұйымды тұғырға орналастыру техникасын пайдаланад;

5) бірнеше пішіндерді бір тұғырға орналастыру арқылы бір текті заттармен сюжет құрайды;

6) ойынға арналған, мерекелік күндері үйді, жаппаны, жайды және үлескені безендіруге арналған жасалымдарды пайдаланады.

423. "Сәндік мүсіндеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) сәндік мүсіндеу туралы түсінігі бар;

2) заттың пішінін өсімдіктік немесе геометриялық өрнекпен безендіреді;

3) табиғи материалардың сәндік элементтерін пайдаланады.

29-кесте

2-бөлім. Еңбек гигиенасын, құрал-саймандармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс

0.2.1.1 мүсіндеуге арналған материалды тиімді пайдалану

0.2.1.2 үшкір және кесетін құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын, сондай-ақ еңбек гигиенасын сақтау

0.2.1.3 жұмыс процесінде жұмыс орнын, құрал-саймандарды ретке келтіру

424. "Мүсіндеуге арналған материалдармен және құралдармен жұмыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) мүсіндеуге арналған созылымды материалдармен жұмыс істей алады;

2) қырнауышты (ағаштан, пластмассадан жасалған) пайдаланады;

3) көркем және табиғи материалдармен жұмыстағы қарапайым еңбек дағдыларын меңгерген;

4) пайдаланылатын материалдар мен құрал-саймандарға ұқыптылықпен қарайды;

5) жұмыс орнын және құрал-саймандарды ретке келтіреді;

6) жеке бас гигиенасын сақтайды: қолын жуады, жеке сүлгісін пайдаланады, киімін (алжапқыштар) жинайды.

 17-параграф. Аппликация

425. Мақсаты аппликацияны орындауға деген жағымды эмоционалды қатынас қалыптастыру, аппликацияның шынайы нысандардың бейнесі екені туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.

426. Міндеттері:

1) аппликацияны орындауға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыруды жалғастыру;

2) ересектің әрекетін бақылауға және әрекетті үлгі бойынша орындауға үйретуді жалғастыру;

3) үлгі бойынша аппликацияны түсі, көлемі, пішіні әр түрлі заттарды жапсыру арқылы орындауға үйрету;

4) сюжеттік және сәндік аппликация дағдыларын бекіту;

5) кеңістіктік түсініктерді бекіту: қағаз бетінде бағдарлау(жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы);

6) көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;

7) аппликацияны шынайы нысандармен салыстыруға үйрету;

8) өзінің және құрдастарының жұмысына бағалай қарай білуді қалыптастыру, үлгімен салыстыра білуді қалыптастыру.

427. "Аппликация" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

428. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

1) аппликация бағыттары;

2) материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы.

429. "Аппликация бағыттары" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) заттық аппликация;

2) сюжеттік аппликация;

3) сәндік аппликация.

430. "Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) қайшымен жұмыс тәсілдері;

2) материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері.

431. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

30-кесте

1-бөлім. Аппликация бағыттары

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1.1 Заттық аппликация

0.1.1.1 үлгі бойынша жырту, кесіп алу тәсілімен қарапайым заттардың аппликациясын орындау

 0.1.1.2 бөліктерді жапсырудың дәйектілігін пайдалана отырып, аппликацияны үлгі бойынша, қима үлгі бойынша құрастыру, заттарды түсі, пішіні, көлемі бойынша салыстыру

0.1.1.3 бөліктерді жапсырудың дәйектілігін пайдалана отырып, аппликацияны геометриялық пішіндердің негізінде бірнеше бөліктерден құрастыру

0.1.1.4 қағаз бетіне негізгі элементтерін ерекшелей отырып, 3-5 бөліктен құралатын жануарлардың бейнелерін жабыстыру

0.1.1.5 суретті аяқтау (тұмсығын, көзін, аяғын) тәсілін пайдалана отырып, бірнеше бөліктен (бас, дене, құйрық) құралатын құстардың бейнесін жабыстыру

0.1.1.6 педагогтың сөздік нұсқауы бойынша аппликация элементтерін орналастыру (үй ортасында, шырша сол жағында, оң жағында қайың, жоғарыда күн, төменде шөп)

0.1.1.7 орындалған бейнені талдаған кезде бір-біріне сұрақ қоюға үйрету

1.2 Сюжеттік аппликация

0.1.2.1 ұжымдық сюжеттік композиция құрастыру, заттардың кеңістіктік қатынасын, түсін, пішінін, мөлшерін есепке ала отырып, оларды жерге, суға, аспанға қатысы бойынша орналастыру

0.1.2.2 таныс ертегілер желісі және табиғаттағы бақылау бойынша қарапайым сюжеттік аппликацияны құрастыру

1.3Сәндік аппликация

0.1.3.1 аппликацияның Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнерінің желісі бойынша геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізіндегі өрнектерден құрастыру

0.1.3.2 өрнектерді аппликациядағы өрнектің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, оюдың пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, симметриялы, ырғақты орналастыру

 0.1.3.3 қуыршақтарға арналған бұйымдарды және ойыншықтарды, сондай-ақ бұйымдар мен шырша ойыншықтарын қазақ халқы оюларының желісі негізінде безендіру

432. "Заттық аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) қағаздан пішіндер кесіп алады;

2) заттарды қағазға желімдейді;

3) қағазды бүгу сызығы бойынша түзу қияды;

4) шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың ұштарын дөңгелете кесе отырып дөңгелек пішіндерді қияды;

5) бірнеше рет қабаттап бүктелген қағаз бетінен пішіндерді қиып алады;

6) симметриялық қию тәсілдерін пайдаланады (көбелек, бәйшешек, зымыран);

7) ұжымдық аппликацияға қатысады;

8) жасалымдарды ойынға, мереке күндері жайды безендіруге қолданады.

433. "Сюжеттік аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) әртүрлі заттарды тақырыпқа немесе сюжетке сәйкес кесіп алады және желімдейді;

2) заттарды негізге дәйектілікпен жапсырады;

3) нысандардың көлемі, пішіні, түсі бойынша өзара қатынасын есепке алады.

434. "Сәндік аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) безендірудің әртүрлі элементерін(геометриялық, өсімдік тектес пішіндерді) қиып алады және біріктіреді;

2) үлгі бойынша өрнек оюларын құрайды;

3) түстік кеңістігін (жолақты, дөңгелекті, шаршыны) жеке элементтермен біркелкі толтырады.

31-кесте

2-бөлім. Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс ережелері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасының негіздері

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

2.1 Қайшымен жұмыс тәсілдері

0.2.1.1 геометриялық пішіндердің негізінде қарапайым заттарды қиып алу (жолақтардан тікбұрыштарды, шаршыдан үшбұрыштарды қиып алу, шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың ұштарын дөңгелете кесе отырып дөңгелек және сопақша пішіндерді алу)

0.2.1.2 симметриялық емес заттарды бейнелеуге арналған сұлбаны суреті бойынша қиып алу

0.2.1.3 екіге бүктелген қағаздан әртүрлі симметриялық пішіндерді, қатпарлап бүктелген қағаздан әр түрлі заттарды қиып алу

2.2 Материалдармен және құралдармен жұмыс

 0.2.2.1 аппликацияға арналған материалдарды (тығыздығы, түсі, текстурасы әр түрлі қағаз түрлері) пайдалану

0.2.2.2 бірнеше қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық сәндік элементтерді қиып алу, геометриялық пішіндерді (шаршы, тікбұрыш, дөңгелек, сопақша) ортасынан және қиғаштап кесу

0.2.2.3 екіге бүктелген қағаздан орта мен бұрышты безендіруге арналған симметриялық пішіндерді, қатпарлап бүктелген қағаздан грилянда, шілтер, қаршық, гүл қиып алу

0.2.2.4 жұмыс барысында жұмыс орнын, құрал-саймандарды ретке келтіру

435. "Қайшымен жұмыс тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) қиып алудың техникалық тәсілін меңгерген;

2) қайшыны дұрыс пайдаланады.

436. "Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) материалды өңдеумен байланысты құралдар (қайшы, желім, қылқалам, майлық) қолдана алады;

2) бүктеу, қиып алу, жапсыру икемділіктерін меңгерген;

3) сабақтарда әртүрлі материалдарды қағаз, ермексаз, мата, кептірілген жапырақтарды пайдаланады;

4) әртүрлі материалдардың қасиеттерін ажыратады;

5) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді; жұмыс барысында құрал-саймандарды дұрыс пайдаланады;

6) қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

 18-параграф. Музыка

437. Мақсаты баланың музыкалық қабілетін дамыту болып табылады.

438. Міндеттері:

1) балаларды әр түрлі жанрдағы (марш, өлең) музыкалық шығармаларға деген тұрақты қызығушылық пен ықыластылыққа тәрбиелеу;

2) музыкалық әсерді, қарапайым ұжымдық өлеңдерге, билерге, жаттығуларға қатысуды қалыптастыру.

439. "Музыка" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

440. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

1) музыкалық сауаттылық;

2) ән салу және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау;

3) музыкалық шығармашылық.

441. "Музыкалық сауаттылық" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) музыкалық мәнерлілік құралдары(әуен, ырғақ, қарқын, динамика);

2) музыкалық жанрлар.

442. "Ән салу және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) ән салу;

2) аспаптарда ойнау.

443. "Музыкалық шығармашылық" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:

1) музыкалық-ырғақтық қимылдар.

444. Оқыту мақсаттарының жүйесі

32-кесте

1-бөлім. Музыкалық сауаттылық

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары(әуен, ырғақ, қарқын, динамика)

0.1.1.1 педагогтың көмегімен таныс өлеңдер мен әндетудің әуенін тану

0.1.1.2 педагогтың көмегімен өлеңдер мен әндетудің сипатын (көңілді, мұңды, баяу, жылдам) ажырату

0.1.1.3 музыкалық дыбысты қаттылығы бойынша (қатты-ақырын), тембрі бойынша (жылдам-баяу) тану

0.1.1.4 есту түсінігін, ырғақ сезімін, тембрін, динамикасын қалыптастыру

1.2 Музыкалық жанрлар

0.1.2.1 музыкалық жанрларды ажырату(өлең, марш)

445."Музыкалық мәнерлілік (әуен, ырғақ, қарқын, динамика, регистр) құралдары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) әуеннің сипатын (көңілді, асықпай, жылдам) ести біледі;

2) музыкалық дыбысты тембрі бойынша (жылдам-баяу), қаттылығы бойынша (қатты, ақырын) таниды.

446. "Музыкалық жанрлар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) музыкалық жанрларды (өлең, марш) ажырата біледі;

2) таныс өлеңдердің, әндетудің әуендерін, тыңдаған музыкалық шығармалардың (өлеңдер, әндетулер, музыкалық ойындар) сипатын ажыратады.

33-кесте

2-бөлім. Ән салу және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

2.1 Ән салу

0.2.1.1 ересектің басшылығымен оңай әуендерді, таныс әндерді айту

0.2.1.2 ересектің көмегімен музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, қуанышты және мұңды) сәйкес әндету

2.2 Аспаптарда ойнау

 0.2.2.1 оңай ырғақтық әуендерді фортепианоның сүйемелдеуінде балаларға арналған музыкалық аспаптармен оркестрде ойнау

0.2.2.2 кейбір музыкалық аспаптарды (домбыра, фортепиано), сондай-ақ балаларға арналған музыкалық аспаптарды (бубен, дағыра, металлофон, сылдырмақ, қоңырау) дыбысталу тембрі бойынша ажырату

447. "Ән салу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) таныс өлеңдерді педагогпен бірге айтудың бастапқы дағдылары бар;

2) әндерді ересекпен бірге орындайды.

448. "Аспаптарда ойнау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1)музыкалық аспаптарды ажыратады: бубен, дағыра, металлофон, сылдырмақ, қоңырау, домбыра, фортепиано;

2) топтағы жұмыс дағдысы бар, бірін-бірі, музыканы тыңдай біледі;

3) музыканың сипатын таниды;

4) таныс музыкалық аспаптардың дыбысталу тембрі бойынша ажыратады;

5) фортепианоның сүйемелдеуінде балаларға арналған музыкалық аспаптармен оркестрде ойнаудың бастапқы дағдылары бар.

34-кесте

3-бөлім. Музыкалық шығармашылық

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Музыкалық-ырғақтық қимылдар

0.3.1.1 музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақтық қимылдарды орындау

0.3.1.2 марштың сипатын жүріспен бере білу

0.3.1.3 би музыкасының сипатын қарапайым, ырғақты би қимылдарымен бере білу

0.3.1.4 жүрелеп отыруды ("серіппе") орындау

0.3.1.5 қарапайым би қимылын ("қайық") орындау

0.3.1.6 педагогтың көрсетуі бойынша қазақ, орыс би қимылдарының элементтерін орындау

449. "Музыкалық-ырғақтық қимылдар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) педагогтың көрсетуі бойынша театрлық қойылымдарда, өлеңдерді сахналағанда әртүрлі бейнелерді бимен орындау дағдыларын байқатады;

2) марш сипатын жүріспен, би музыкасының сипатын қарапайым, ырғақтақ би қимылдарымен бере біледі;

3) жүрелеп отыруды ("серіппе") орындайды, педагогтың үлгісі бойынша қимылын музыкамен үйлестіреді;

4) қарапайым би қимылын - қайық, педагогтің көрсетуі бойынша қазақ, орыс би қимылдарының элементтерін орындайды.

450. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - "Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу" (шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

451. Мақсаты балалардың еңбектегі шаруашылық-тұрмыстық дағдыларын және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту; бұйымдарды жасау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

452. "Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу(шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі)" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

453. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімді қамтиды:

1) әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу.

454. "Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) мен және қоршаған орта;

2) өзіне-өзі қызмет көрсету;

3) шаруашылық-тұрмыстық еңбек;

4) табиғаттағы еңбек;

5) қол еңбегі.

455. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

35-кесте

1-бөлім. Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Мен және қоршаған орта

0.1.1.1 сезімі мен толқуын байқату үшін жағдай туғызу: топқа келгендегі қуаныш, жаңа ойыншықтың пайда болғанына шаттану, таныс затты, ойыншықты пайдаланудың жаңа тәсіліне таңдану, жылаған құрдасына жанашырлық байқату;
0.1.1.2 суреттерден және фотосуреттерден адамдардың сан алуан түрлі сезімдерін тану(қорқыныш, таңдану, қуаныш, мұңдану);
0.1.1.3 адамның сан алуан түрлі эмоциясын сөзбен және мимикамен бере білу және олардың туындау себебін анықтау (әдеби шығармаларды пайдалана отырып);
0.1.1.4 топтағы және жанұядағы балалардың тұрмысымен байланысты оңай тапсырмаларды орындау, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;
0.1.1.5 құрдастарының тапсырманы орындауын жақсы, жаман, тырысты, тырысқан жоқ деген сөздерімен бағалау;
0.1.1.6 құрдастарымен және ересектермен белгілі бір жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу(өтініш білдіру, басқа адамды тыңдай білу);
0.1.1.7 жаңа өмірлік жағдайларға сәйкес келетін тәртіп түрлерін қалыптастыру

1.2 Өзіне-өзі қызмет көрсету

0.1.2.1 өздігінен киіну және шешіну;
0.1.2.2 өзінің заттарын ұқыптылықпен қаттап салу;
0.1.2.3 өзінің киіміндегі ретсіздікті жою;
0.1.2.4 киімінің түймеліктерін шешу және салу, бауларын байлау

 1.3 Шаруашылық-
 тұрмыстық еңбек

0.1.3.1 кезекшінің міндеттерін орындау;
0.1.3.2 топтағы еңбектік міндеттемелерді орындайды (тұрмысық заттарды, ойыншықтарды жуу, кітаптарды жөндеу);
0.1.3.3 үлескеде шамасы жететін жұмыстарды орындау(қоқысты жинау, жолды қардан тазарту, қардан әр түрлі бұйымдарды жасау, қалау);

1.4 Табиғаттағы еңбек

0.1.4.1 бөлме өсімдіктерін күту (терезе алдындағы бақша, суғару, топырағын қопсыту, жапырақтарды сүрту);
0.1.4.2 үлескедегі өсімдіктерді күту (отырғызу, суғару, арам шөбін жұлу)

1.5 Қол еңбегі

0.1.5.1 қағаз бен қатырмақағаздан бұйымдар жасау;
0.1.5.2 қалдық материалдардан бұйымдар жасау(қораптар, пластик шөлмектер, тығында, қақпақтар);
0.1.5.3 табиғи материалдардан бұйымдар жасау (бүр, талшын, жапырақ, мүк, емен жаңғағы, жеміс сүйектері, тұқымдар);
0.1.5.4 белсенді сөздік қорын, қолдың ұсақ қимылдарын дамыту

456. "Мен және қоршаған орта" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1)таныс ересектермен және құрдастарымен кездескенде амандасады, кеткенде қоштасады;

2) тамақ ішкеннен кейін алғысын айтады; таныс және таныс емес жағдайларда өзін сол жағдайларға сәйкес ұстайды, таныс және бейтаныс адамдарға достық ниет білдіреді;

3) өмірлік жағдайларға сәйкес өзінің сезімін - қуанышын, таңдануын, ашулануын білдіре біледі;

4) өзінің істері мен әрекеттерін қарапайым тұрғыда бағалай біледі;

5) айналасындағылардың өзіне қатысты тілектестік және теріс ниетті қарым-қатынастарына сәйкес әсерін білдіреді;

6) жақын ересек адамның көңіл күйін байқайды.

457. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) педагогтың сәл көмегімен киінеді және шешінеді, өзінің киімін тәртіпке келтіреді;

2) түймеліктері әртүрлі (сырма, түйме, батырма, "жабысқақ") киімдерді шешеді және киеді; ересектің сәл көмегімен аяқ киімінің бауын байлайды;

3) өзінің заттарын ұқыптылықпен қаттап салады, өзінің шкафын, үстелін, кереуетін біледі.

458. "Шаруашылық-тұрмыстық еңбек" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) асхана бойынша кезекшінің міндетін орындайды: дастарқан жаяды (майлық қағазды, ас ішетін құралдарды, нан салғышты);

2) сабаққа арналған құралдарды қояды; сыныптағы еңбек міндеттемелерін және тапсырмаларды (ойыншықтарды, шкафтарды, орындықтарды жуады, кітаптарды жөндейді) орындайды;

3) үлескедегі шамасы жететін тапсырмаларды орындайды: ойыншықтарды және ұсақ қоқыстарды жинайды, жолды қардан тазартады; ересектің көмегімен қардан әртүрлі заттарды қалайды.

459. "Табиғаттағы еңбек" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) бөлме өсімдіктерін күту дағдыларын (ересекпен бірге су құяды, топырағын қопсытады, және бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді) меңгерген;

2) ересекпен бірге терезе алдына бақша (үрме бұршақ, пияз, бидай) отырғызады;

3) ересекпен бірге үлескеде өсімдіктердің көшетін (гүлдер, көкөністер) отырғызады;

4) үлескедегі өсімдіктерді күтеді (арам шөптерін жұлады, суғарады).

460. "Қол еңбегі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:

1) өз қолымен қағаздан және қатырмақағаздан әртүрлі бұйымдарды жасайды; қағазды ортасынан бүктейді;

2) ересекпен бірге түсі әртүрлі жолақтардан кілемше тоқиды;

3) тірек сызықтар мен тілдік нұсқау бойынша қағаздан бұйымдар(оригами) жасайды;

4) қағаз түтікшелер, шиыршықтар (қарындашқа орайды) жасайды;

5) ересектің көмегімен қалдық материалдардан ұжымдық бұйымдар жасайды;

6) педагогтың көмегімен және үлгі бойынша табиғи материалдардан бұйымдар жасайды;

7) бұйымдардың бөліктерін біріктіреді;

8) өзінің бұйымымен ойнайды;

9) бастаған ісін соңына дейін жеткізеді, жұмыс үстелін ретке келтіреді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.197.237 (0.017 с.)