Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Шығармашылық" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
11-параграф. Сенсорика 354. Мақсаты сенсорлық эталондар жүйесін меңгерумен қамтамасыз етуге көмектесетін бағдарлау әрекетін, перцептивтік әрекеттерді (қарау, тыңдау, ұстап көру) қалыптастыру болып табылады. 355. Міндеттері: 1) көріп, естіп қабылдау мен зейінді дамыту; 2) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту; 3) жеке заттарды жалпы ортадан ерекшелей отырып қабылдауға үйрету; 4) практикалық немесе ойын міндеттерін шешу кезінде бағдарлаудың іздеу тәсілдерін (байқап көру, өлшеп көру) қалыптастыру; 5) заттардың бүтін бейнесін, таныс заттар туралы бейнелік түсініктерді, олардың қасиеттері мен сапалары туралы түсініктерді қалыптастыру; 6) заттар туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, қандай да бір заттың әртүрлі қасиеттерінің болатындығын түсінуге көмектесу; 7) жазық және көлемді пішіндерді салыстыруға, көлемді пішінді жазық бейне бойынша таңдауға үйрету; 8) заттарды пішіні, көлемі бойынша салыстыруға, таңдаудың дұрыстығын практикалық өлшеу тәсілімен тексеруге үйрету; 9) түстерді жіктеуге және өнімді әрекетте түс туралы түсінікті пайдалануға үйрету; 10) көлемнің қатыстылығы туралы түсінікті қалыптастыру: қандай да бір зат бір затқа қатыстыкіші болады, ал басқа затқа қатысты үлкен (ұзындау-қысқалау, биіктеу-аласалау) болады; 11) өзінің денесінің сызбасында бағдарлауды қалыптастыру, кеңістікте бағдарлауды қалыптастыруды жалғастыру; 12) заттардың көру, тактильді-қимылмен, есту және дәм сезу арқылы оңай жіктеуге болатын қасиеттерін жіктеуге үйрету; 13) қолдың көру-қимылдық үйлесімділігін дамыту; 14) алуан түрлі балалардың әрекетіндегі заттардың таныс қаситтері мен сапасын практикалық тұрғыда пайдалану үшін жағдай тудыру. 356. "Сенсорика" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді. 357. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 1) көріп қабылдау және зейін; 2) естіп қабылдау және зейін; 3) тактильдік-қимылдық қабылдау; 4) дәмдік қабылдау. 358. "Көріп қабылдау және зейін" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) заттың тұтас бейнесін қабылдау; 2) пішінді қабылдау; 3) көлемді қабылдау; 4) түсті қабылдау; 5) кеңістіктік қатынасты қабылдау. 359. "Естіп қабылдау және зейін" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) заттар мен құбылыстардың дыбыстық сипатын қабылдау; 2) фонематикалық қабылдау. 360. "Тактильдік-қимылдық қабылдау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) нысандарды тактильдік-қимылдық тану; 2) температуралық (жылулық) сезіну. 361. "Дәмдік қабылдау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) дәмдік сипаттама; 2) иіс сезуді қабылдау. 362. Оқыту мақсаттарының жүйесі: 17-кесте 1-бөлім. Көріп қабылдау және зейін Бөлімше Оқыту мақсаттары 1.1 Заттың тұтас бейнесін қабылдау 0.1.1.1 педагогтың нұсқауы бойынша ұсынылған суреттер қатарынан алынған суретте бейнеленген белгілі бір әрекетті таңдау 0.1.1.2 3-4 элементтерден жетіспейтін бөлікті таңдай отырып, заттың тұтас бейнесін құру 0.1.1.3 затты "puzzle (пазл)" түріндегі ойылып кесілген суреттерден жинастыру 0.1.1.4 өрнектердің, геометриялық пішіндер мен заттардың суреттерін аяқтау 0.1.1.5 затты құрамдық бөліктерге бөлу 0.1.1.6 затты оның сұлбалық бейнесімен салыстыру 1.2 Пішінді қабылдау 0.1.2.1 көлемді пішіндерді үлгі бойынша құрастыру кезінде жіктеу 0.1.2.2 парктикалық әрекет барысында көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше- шаршы, кірпіш - тікбұрыш, овоид-сопақша) салыстыру 0.1.2.3 кабинеттен оқылып жатқан геометриялық пішінді табу 0.1.2.4 көлемді пішінді екі немесе одан да көп бөліктерден құрастыру (мысалы, екі жарты шардан шар құрастыру) 0.1.2.5 біртекті заттарды көлемі бойынша топтастыруға, зейінді олардың көлеміне шоғырландыруға үйрету, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табудың қарапайым тәсілдерін қалыптастыру 0.1.2.6 жазық пішінді тірек нүктелер бойынша жаңадан сала отырып, трафарет бойымен жүргізу процессінде қабылдау 0.1.2.7 суреттен жазық пішінді тану 0.1.2.8 геометриялық пішіндерді заттармен салыстыру (сопақша - жұмыртқа, домалақ - бауырсақ, күн) 0.1.2.9 екі геометриялық пішіннен біреу құрау (екі үшбұрыштан шаршы құрау) 0.1.2.10 ересектің сөздік нұсқауы бойынша сақиналарды бір-біріне сала отырып 5-6 сақиналы пирамидканы жинастыру 0.1.2.11 4-5 құрылымды матрешканы көру арқылы салыстыру немесе матрешканың бөліктерін өлшеп көру арқылы жинастыру 1.3 Көлемді қабылдау 0.1.3.1 қатыстық көлеммен, "артық-кем" анықтамалармен таныстыру 0.1.3.2 бір текті заттарды көлемі (4 мөлшер - үлкен, кішірек, кіші, ең кіші) бойынша топтастыру 0.1.3.3 берілген көлемдегі затты бір текті заттар көптігінен таңдау 0.1.3.4 берілген көлемдегі нысанды ерекшелеу (биік, аласа) 0.1.3.5 биіктігі әртүрлі 2-5 нысаннан топтамалық қатар (үй, адам және т.б.) құрау 0.1.3.6 заттың биіктігін шартты өлшемдермен - таяқшалармен, брусоктармен өлшеу 0.1.3.7 жуандығы бойынша қарама-қаршы екі нысанды бір-біріне қою, қатарластырып қою тәсілдерімен салыстыру 0.1.3.8 бір-бірінен салмағы бойынша қатты ерекшеленетін екі нысанды алақанға салып өлшеу арқылы салыстыру (ауыр-жеңіл) 0.1.3.9 екі заттың массасын салыстыру, массаның көлемге тәуелсіз екендігі туралы түсінікті қалыптастыру 1.4 Түсті қабылдау 0.1.4.1 негізгі түстердіажырату: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр, қызғылт сары 0.1.4.2 қоршаған ортадан таныс түстерді табу 0.1.4.3 жазық бейнеден белгілі бір түстегі нысанды ерекшелеу 0.1.4.4 түс туралы түсінікті шынайы заттар туралы түсінікпен біріктіру 0.1.4.5 берілген түстегі екі нысанды мүмкін болатын төртеуінің ішінен таңдау, әр текті заттарды түсі бойынша салыстыру икемділігін бекіту 0.1.4.6 заттарды орналастырғанда түстерді біркелкі етіп кезектестіру (екі, үш, төрт) 1.5 Кеңістіктік қатынастарды қабылдау 0.1.5.1 үлгі бойынша құрастрығанда элементтер арасындағы кеңістіктік қатынаста бағдарлау (төменде, жоғарыда, жанында, ортасында, сол жағында, оң жағында) 0.1.5.2 үстеу сөздердің "үстінде, астында, жанында" көмегімен кеңістіктік қатынасты шығару 0.1.5.3 таныс жай кеңістігінде бағдарлау, оны дәйектілікпен қарау 0.1.5.4 өзінің денесіне қатысты кеңістікте бағдарлауға үйрету 0.1.5.5 қағаз бетінің кеңістігінде бағдарлау 0.1.5.6 өз денесінің сызбасында: сол жақ, оң жақ бағдарлау 363. "Заттың тұтас бейнесін қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) педагогтың нұсқауы бойынша ұсынылған суреттер қатарынан алынған суретте бейнеленген белгілі бір әрекетті таңдайды; 2) 3-4 элементтерден жетіспейтін бөлікті таңдай отырып, заттың тұтас бейнесін құрады; 3) затты puzzle (пазл) түріндегі ойылып кесілген суреттерден жинастырады, өрнектердің, геометриялық пішіндер мен заттардың суреттерін аяқтайды, затты құрамдық бөліктерге бөледі; 4) затты оның сұлбалық бейнесімен салыстырады. 364. "Пішінді қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) көлемді пішіндерді үлгі бойынша құрастыру кезінде жіктейді; 2) практикалық әрекет барысында көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше-шаршы, кірпіш-тікбұрыш,овоид-сопақша) салыстырады; 3) көлемді геометриялық пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, овоид) біледі; 4) көлемді пішінді екі немесе одан да көп бөліктерден құрастырады; 5) біртекті заттарды көлемі бойынша топтастырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; 6) трафарет бойынша жазық пішін бойымен жүргізеді; 7) геометриялық пішіндердізаттармен сәйкестендіреді; 8) екі басқадан геометриялық пішіндіқұрайды; 9) ересектің сөздік нұсқауы бойынша сақиналарды бір-біріне сала отырып 5-6 сақиналы пирамидканы жинастырады; 10) 4-5 құрылымды матрешканы көру арқылы салыстыру немесе матрешканың бөліктерін өлшеп көру арқылы жинастырады. 365. "Шаманы қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) қатыстық көлем (артық-кем) туралы түсінігі бар; 2) бір текті заттарды көлемі (4 мөлшер - үлкен, кішірек, кіші, ең кіші) бойынша топтастырады; 3) берілген көлемдегі нысанды (биік, аласа) ерекшелейді; 4) биіктігі әртүрлі 2-5 нысаннан топтамалық қатар (үй, адам) құрайды; 5) заттың биіктігін шартты өлшемдермен - таяқшалармен, брусоктармен өлшейді; 6) жуандығы бойынша қарама-қарсы екі нысанды бір-біріне қою, қатарластырып қою тәсілдерімен салыстырады, заттарды массасы бойынша салыстырады. 366. "Түсті қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) негізгі түстердіажыратады: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр, қызғылт сары; 2) қоршаған ортадан таныс түстерді табады; 3) жазық бейнеден белгілі бір түстегі нысанды ерекшелейді; 4) берілген түстегі екі нысанды мүмкін болатын төртеуінің ішінен таңдайды, әр текті заттарды түсі бойынша салыстырады, заттарды орналастырғанда түстерді (екі, үш, төрт) кезектестіреді. 367. "Кеңістіктік қатынастарды қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) үлгі бойынша құрастырғанда элементтер арасындағы кеңістіктік қатынаста (төменде, жоғарыда, жанында, ортасында, сол жағында, оң жағында) бағдарлайды; 2) таныс жай кеңістігінде, өзінің денесіне қатысты кеңістікте, қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы) бағдарлайды. 18-кесте 2-бөлім. Естіп қабылдау және зейін Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 2.1 Заттар мен құбылыстардың дыбыстық сипаттамасын қабылдау 0.2.1.1 әртүрлі дыбыс көздерін: табиғат құбылыстарынң шуын, музыканы (жаңбыр шуы, жел шуы, аяқ астындағы жапырақтардың сыбдыры) қабылдау және ажырату 0.2.1.2 дыбыстарды тану және нақты бейнелермен (сыбдыр, ысқырық, тасыр, тықыл, музыка) салыстыру 0.2.1.3 дыбыстың орналасу орны мен қарқынын (жақын-алыс, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) тану 0.2.1.4 құрдасының әрекетін тұрмыстық заттармен және ойыншықтармен әрекеттену процесінде (доптың тарсылы, секіріс) шыққан дыбыстар бойынша анықтау 2.2 Фонематикалық қабылдау 0.2.2.1 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы жағынан басқалардан (мак-бак-так-банан) ерекшеленетін сөзді анықтау 0.2.2.2 дыбыс көзінің (бубен, дағыра) дыбысталу ырғағын, жиі және сирек соғысын ажырату 0.2.2.3 сөздерді берілген белгі (ұзын-қысқа) бойынша топтастыру 0.2.2.4 буындық құрылымы ұқсас сөздерді (ат-от, бала-дала) жіктеу 0.2.2.5 сөздерді берілген дыбысқа топтастыру 0.2.2.6 берілген сөзді сөз тіркесінен естігенде әрекетпен (алақанын шапалақтау) жауап беру 368. "Заттар мен құбылыстардың дыбыстық сипаттамасын қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) әртүрлі дыбыс көздерін: табиғат құбылыстарының шуын, музыканы қабылдайды және ажыратады; 2) дыбыстарды таниды және нақты бейнелермен сәйкестендіреді; 3) дыбыстың орналасу орны мен қарқынын (жақын-алыс, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) таниды; 4) құрдасының әрекетін тұрмыстық заттармен және ойыншықтармен әрекеттену процесінде (доптың тарсылы, секіріс) шыққан дыбыстар бойынша анықтайды. 369. "Фонематикалық қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы жағынан басқалардан (мак-бак-так-банан) ерекшеленетін сөзді анықтайды; 2) дыбыс көзінің (бубен, дағыра) дыбысталу ырғағын, жиі және сирек соғысын ажыратады; 3) сөздерді берілген белгі (ұзын-қысқа) бойынша топтастырады; 4) буындық құрылымы ұқсас сөздерді (ат-от, бала-дала) жіктейді; 5) сөздерді берілген дыбысқа топтастырады; 6) берілген сөзді сөз тіркесінен естігенде әрекетпен (алақанын шапалақтау) жауап береді. 19-кесте 3-бөлім. Тактильдік-қимылдық қабылдау Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 3.1 Заттарды тактильдік-қимылдық тану 0.3.1.1 тактильдік-қимылдық тексеру процесінде заттардың пішінін, түсін, материалын анықтай отырып, сипап ұстау арқылы заттарды тану 0.3.1.2 педагогтың сөздік тапсырмасы мен көру үлгісі бойынша пішіні әртүрлі (төртеудің ішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктеу 0.3.1.3 ересектің сөздік нұсқауы бойынша көлемі әртүрлі (үшеудің ішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктеу 0.3.1.4 сыртқы беті әр түрлі немесе әр түрлі материалдан жасалған заттарды сипап ұстау арқылы ажырату 0.3.1.5 заттарды "дымқыл-құрғақ" белгісі бойынша жіктеу 0.3.1.6 үлгі бойынша сипай отырып жұмсақ және қатты заттарды таңдау 0.3.1.7 сусымалы материалда тығылған таныс заттарды табу және тану 0.3.1.8 заттың тактильдік-қимыл бейнесін көру бейнесімен салыстыру - сипау арқылы анықталған затты атау 0.3.1.9 сипай отырып жұп заттарды (дәл осындайды тап) табу 0.3.1.10 сипау арқылы қабылданған әр түрдлі заттардың қатарын (текше, қуыршақ, лента, машина) есте сақтау 3.2. Температуралық (жылулық) сезіну 0.3.2.1 суық және ыстық заттарға саусағын тигізе отырып зерделеу және тану 0.3.2.2 тамақты температуралық белгілері бойынша жіктеу 0.3.2.3 заттардың жағдайын температуралық параметрдер (суық шәйнек, жылы шәйнек, ыстық шәйнек) бойынша ажырату 0.3.2.4 сыртқы беттегі сапасы әртүрлі материалдармен (темір - суық, ағаш - жылы) таныстыру 0.3.2.5 сөздік нұсқау бойынша жылы, суық, ыстық заттарды табу 370. "Заттарды тактильдік-қимылдық тану" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) тактильдік-қимылдық тексеру процесінде заттардың пішінін, түсін, материалын анықтай отырып, сипап ұстау арқылы заттарды таниды; 2) педагогтың сөздік тапсырмасы мен көру үлгісі бойынша пішіні әрүрлі (төртеудің ішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктейді; 3) ересектің сөздік нұсқауы бойынша көлемі әртүрлі (үшеудіңішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктейді; 4) сыртқы беті әртүрлі немесе әртүрлі материалдан (тегіс, тікенекті, кедір-бұдыр) жасалған заттарды сипап ұстау арқылы ажыратады; 5) заттарды "дымқыл-құрғақ" белгісі бойынша жіктейді; 6) үлгі бойынша сипай отырып жұмсақ және қатты заттарды таңдайды; 7) сусымалы материалда тығылған таныс заттарды табады және таниды; 8) заттың бейнесін тактильдік-қимылдық көру бейнесімен салыстырады, сипау арқылы анықталған затты атайды; 9) сипай отырып жұп заттарды (дәл осындайды тап) табады; 10) сипау арқылы қабылданған әртүрлі заттардың қатарын (текше, қуыршақ, лента, мәшине) есте сақтайды. 371. "Температуралық (жылулық) сезіну" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) суық және ыстық заттарға саусағын тигізе отырып зерделейді және таниды; 2) тамақты температуралық белгілері (суық-ыстық-жылы) бойынша жіктейді; 3) заттардың жағдайын температуралық параметрлер (суық шәйнек, жылы шәйнек, ыстық шәйнек) бойынша ажыратады; 4) сыртқы беттегі сапасы әртүрлі материалдар (темір - суық, ағаш - жылы) туралы түсінігі бар; 5) сөздік нұсқау бойынша жылы, суық, ыстық заттарды табады. 20-кесте 4-бөлім. Дәмдік сезіну Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 4.1 Дәмдік сипаттамалар 0.4.1.1 тамақты дәмдік белгілер (тәтті-тұзды; тәтті-ащы-тұзды-қышқыл) бойынша жіктеу 0.4.1.2 тамақты температуралық белгісі (суық-ыстық-жылы) бойынша жіктеу 0.4.1.3 тамақты консистенциясы (сұйық-қатты-желе тәрізді) бойынша жіктеу 0.4.1.4 тамақ өнімдерін екі дәмдік белгі бойынша топтастыру 0.4.1.5 тамақ өнімдерін берілген екі дәмдік сипаттама бойынша сұрыптауға арналған шартты таңбаларды пайдалану (қызыл дөңгелектер - тәті тағамдарға арналған; жасыл дөңгелектер - қышқыл тағамдарға арналған) 0.4.1.6 заттарды белгілі бір дәмдік белгі (жеуге болады - жеуге жарамсыз) бойынша топтастыру 4.2 Иіс арқылы қабылдау 0.4.2.1 жағымды және жағымсыз иістерді ерекшелеу 0.4.2.2 әртүрлі топ иістерін (хош иісті заттектер, тамақ өнімдерінің иістері) жіктеу 0.4.2.3 иістің (хош иістің) "қозғалысын" бақылау 0.4.2.4 иіске деген өз қатысын білдіру 0.4.2.5 иісі бойынша тамақ өнімдерін, жемістерді, хош иісті заттарды анықтау 372. "Дәмдік сипаттамалар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) тамақты дәмдік белгілер (тәтті-тұзды; тәтті-ащы-тұзды-қышқыл) бойынша жіктейді; тұзды дәмі бар тамақтарды біледі; 2) тамақты температуралық белгісі (суық-ыстық-жылы) бойынша жіктейді; 3) тамақты консистенциясы (сұйық-қатты-желе тәрізді) бойынша жіктейді; 4) тамақ өнімдерін екі дәмдік белгі (тәтті-тұзды; тәтті-ащы; тұзды-қышқыл) бойынша топтастырады; 5) тамақ өнімдерін шартты таңбаларды (қызыл дөңгелектер - тәтті тағамдарға арналған; жасыл дөңгелектер - қышқыл тағамдарға арналған) пайдаланып, берілген екі дәмдік сипаттама бойынша сұрыптайды; 6) жеуге болатын және жеуге жарамсыз тамақ өнімдерін ажыратады. 373. "Иіс арқылы қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) жағымды және жағымсыз иістерді ажыратады; 2) әртүрлі топ иістерін: хош иісті заттарды (иіссу, крем, дезодорант), тамақ өнімдерін (сарымсақ, пияз, қияр) жіктейді; 3) иіске деген өз қатысын (ұнайды-ұнамайды) білдіреді; 4) иісі бойынша таныс тамақ өнімдерін, жемістерді, хош иісті заттарды анықтай алады. 12-параграф. Құрастыру 374. Мақсаты құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру болып табылады. 375. Міндеттері: 1) құрастыру әрекетіне, құрылыс материалдарымен, құрамалы-жиналмалы ойыншықтармен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру; 2) үлгі бойынша құрылыс материалынан құрылыстарды және құрылымдарды орындауды үйретуді жалғастыру; 3) балалардың құрылыстары мен құрылымдарын сюжеттік ойын мағынасына ендіру үшін жағдай тудыру; 4) құрылыстар мен құрылымдарды жазық бейнесі бойынша орындауға үйрету; 5) конструктордың бөліктерін жазық бейнеге және оларды үлгінің жанына орналастыру тәсілін пайдаланып, құрастыралатын зат туралы түсінікті қалыптастыру; 6) құрастыру әрекетін меңгеруге, құрылыс материалдарының, конструктор бөліктерінің атауымен байланысты сөздік қорын кеңейту; 7) кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру; 8) өзінің құрылысын үлгімен салыстыруға үйрету, өзінің құрастыру әрекеті мен құрдастарының құрылысының нәтижелеріне қатысты бағалау қатынасын тәрбиелеу. 376. "Құрастыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді. 377. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 1) материалдар және қауіпсіздік; 2) құру және жасау. 378. "Материалдар мен қауіпсіздік" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) материалдарды зерделеу; 2) қауіпсіздік пен еңбек мәдениеті. 379. "Құру және жасау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) құрастыру техникасы мен тәсілдері; 2) жұмыс кезеңдерін жоспарлау. 380. Оқыту мақсаттарыныңжүйесі: 21-кесте 1-бөлім. Материалдар мен қауіпсіздік Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 1.1 Материалдарды зерделеу 0.1.1.1 құрылыс материалдарының түрлерін (ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған конструкторлар, көлемді жұмсақ модульдер) 0.1.1.2 материалдың әр түрлі түрлерін: мозаика, құрамалы-жиналмалы ойыншықтар, кесінді суреттер, пазлдар 0.1.1.3 құрылыс материалдарының қасиеттерін ажырату 0.1.1.4 заттарды көлемі бойынша топтастыру 0.1.1.5 заттарды түсі бойынша топтастыру 0.1.1.6 заттарды пішіні бойынша топтастыру 1.2 Қауіпсіздік пен еңбек мәдениеті 0.1.2.1 материалдармен және құралдармен жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін орындау 0.1.2.2 құрылыс материалдарын қолданысы бойынша пайдалану 0.1.2.3 жұмыс орнын, материалдарды жұмыс барысында тәртіпке келтіру 381. "Материалдарды зерделеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) құрастыруға арналған материалдарды ажыратады: құрылыс конструкторлары (ағаштан, пластмассадан жасалған), көлемді жұмсақ модульдер, мозаика, құрамалы-жиналмалы ойыншықтар, кесінді суреттер, пазлдар; 2) заттарды көлемі бойынша топтастырады: үлкен-кіші, артық-кем, биік-аласа, жоғары-төмен, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке; 3) заттарды пішіні бойынша топтастырады: дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, сопақша; 4) көлемді пішіндерді ажыратады: шар, кірпіш, текше, пластина, призма, брусок; 5) заттарды түсі бойынша топтастырады: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ. 382. "Қауіпсіздік пен еңбек мәдениеті" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) материалдармен және құралдармен жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін орындайды,материалдарды қолданысы бойынша пайдаланады; 2) құрылыс материалдарын балалардың әрбір бөлікті алуы үшін оңай болатындай бөліктердің әрбір түріне арналған бөлімшелері бар арнайы қорапта сақтайды; 3) балалар өзінің жұмыс орнын тәртіпте ұстауға үйренеді: құрылыс материалын үстелде педагог көрсеткен тәртіпте орналастырады; 4) ойын аяқталғаннан кейін, бөліктерді орындарына салады,еңбекке арналған құралдарды, үшкір заттарды дұрыс пайдаланады. 22-кесте 2-бөлім. Құру және жасау Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 2.1 Құрастыру техникасы мен тәсілдері 0.2.1.1 құрастыру түріне сәйкес құрастырудың әр түрлі техникалары мен тәсілдерін пайдалану 0.2.1.2 құрылымның қарапайым сызбасында бағдарлау 2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау 0.2.2.1 еліктеу бойынша, үлгі бойынша, сөздік нұсқау бойынша құрастыру 0.2.2.2 құрастырудың алдында салыстыру, топтастыру. Бөліктердің дұрыс орналасуын талдау, үлгі бойынша, еліктеу бойынша,, есте сақтау бойынша әрекеттену 2.3 Жұмысты бағалау 0.2.3.1 орындалған құрылыстар мен құрылымдарды педагогтың жетелеу сұрақтары бойынша талдау 0.2.3.2 салынған құрылысты үлгімен салыстыру 383. "Құрастыру техникасы мен тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) заттарды тексереді; белгілеуге, құрастыруға және құрылымның негізгі бөліктері мен оған тән бөліктерді ерекшелейді; 2) ұсынылған тақырыпқа еліктеу бойынша, сөздік нұсқау бойынша, құрылымды құрады; 3) құрылыс жиынтығының бір элементтерін басқаларымен (іріні ұсаққа, ұзын брусокты екі қысқасына) ауыстырады; 4) шағын жазықтықтарды бір үлкенге біріктіреді; 5) құрылысты мықты етеді, күрделі биік құрылысты бөледі, құрастыру ережесін сақтайды (кіші затты үлкенге салу; бөліктерді біркелкі етіп бөлу арқылы құрылыстың мықтылығын қамтамасыз ету); 6) құрылыс конструкторының бөліктерін графикалық бейнелерімен салыстырады (педагогтың сәл көмегімен); 7) үлгі бойынша, еліктеу бойынша, сөздік нұсқау бойынша, графикалық үлгі бойыншатаныс құрылымдарды (тұрғын үй, жиһаз) құрастырады; 8) құрылыстарды конструктордың әртүрлі түрлерінен әрүрлі жағдайларда (үстелде, еденде) салады; 9) қандай да бір құрылымды көлемі бойынша әртүрлі нұсқада салу икемділігін бекіту; ірі және ұсақ құрылыс материалынан ұжымдық құрылыстарды құрастырады; 10) құрамалы-жиналмалы ойыншықтар бөліктерінен құрастырады ("лего", құрамалы-жиналмалы қағида бойынша жасалаған жиынтықтар); пазлдарды, кесінді суреттерді, текшелерді құрастырады; үлгі бойынша, елестету бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды құрастырады. 384. "Жұмыс кезеңдерін жоспарлау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) өз жұмыстарын педагогтың көмегімен жоспарлай біледі; 2) құрылысты салмас бұрын оның қандай болатыны туралы түсінікті қалыптастырады; 3) педагогтың бағыттау көмегімен қажетті материалды таңдайды; 4) бастаған ісін соңына дейін жеткізу икемділігін қалыптастырады. 385. "Жұмысты бағалау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) құрылысты үлгімен салыстыру арқылы бағалайды; 2) педагогтың бағыттау сұрақтары бойынша орындалған құрылыстар мен құрылымдарға талдау жүргізеді. 13-параграф. Жаратылыстану 386. Мақсаты заттар мен табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерді, физикалық құбылыстар туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру болып табылады. 387. Міндеттері: 1) оқылатын заттар мен құбылыстарды бақылауды, негізгі белгілерін ерекшелей білуді қалыптастыру; 2) балада қоршаған жақын орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктер мен білімді қалыптастыру; 3) сөздік қорын толықтыру; 4) өмірдегі әлеуметтік құбылыстармен, әлемдегі адамның қолымен жасалған заттармен таныстыру. 388. "Жаратылыстану" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді. 389. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 1) тірі табиғат; 2) өлі табиғат; 3) табиғатты қорғау. 390. "Тірі табиғат" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) әлемді танудың қарапайым тәсілдері; 2) өсімдіктер әлемі; 3) жануарлар әлемі. 391. "Өлі табиғат" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) өлі табиғат денелері мен заттары; 2) табиғат құбылыстары. 392. "Табиғатты қорғау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды: 1) табиғат туралы қамқорлық. 393. Оқыту мақсаттарының жүйесі: 23-кесте 1-бөлім. Тірі табиғат Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 1.1 Әлемді танудың қарапайым тәсілдері 0.1.1.1 табиғат құбылыстарына бақылау жүргізу 1.2 Өсімдіктер әлемі 0.1.2.1 ағаштарды, бұталарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді, жидектерді ажырату 0.1.2.2 ағаштарды (үйеңкі, қарағаш, қарағай, емен) атау немесе көрсету 0.1.2.3 ағаштардың құрамдас бөліктерін (жапырақ, бұтақ, дің) атау немесе көрсету 0.1.2.4сөйлеу тілінің мүмкіндігіне тәуелді көкөністерді, жемістерді, жидектерді атау немесе көрсету 0.1.2.5 бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді атау немесе көрсету 0.1.2.6 баданалармен көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау 1.3. Жануарлар әлемі 0.1.3.1 үй және жабайы жануарларды, олардың төлдерін атау немесе көрсету 0.1.3.2 құстармен таныстыру 0.1.3.3 теңіз әлемінде мекендейтіндермен (балық) таныстыру 0.1.3.4 жәндіктермен таныстыру 0.1.3.5 Қазақстан фаунасымен: қар ілбісі, ақбөкенмен таныстыру 394. "Әлемді танудың қарапайым тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) сан алуан түрлі заттар мен табиғат құбылыстары туралы түсініктері болады; 2) ересектің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бақылайды, атайды немесе көрсетеді. 395. "Өсімдіктер әлемі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) өсімдіктер туралы, өсімдіктің өмірі үшін қажетті талаптар туралы түсініктері болады; 2) ересектің көмегімен және сөздік нұсқау бойынша тән белгілеріне қарай ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін ажыратады; 3) ағаштың (жапырақ, бұтақ, дің) құрамдас бөліктерін атайды немесе көрсетеді; бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді көрсетеді; 4) ересектің көмегімен көкөністерді, жемістерді және жидектерді атайды, ажыратады; 5) табиғатты бақылау күнделігін жүргізеді, педагогпен бірге баданалармен (пияз, бұршақтар) көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылайды. 396. "Жануарлар әлемі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар, қыстап қалатын құстар (қарға, шымшық, торғай, сауысқан) және жыл құстары (қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы түсінігі болады; 2) жәндіктер (инелік, көбелек, жұлдызқұрт, құмырысқа) және теңізде мекендейтіндер (балық) туралы түсінігі болады. 24-кесте 2-бөлім. Өлі табиғат Бөлімшелер Оқыту мақсаттары 2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары 0.2.1.1 өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы түсінігін қалыптастыру 0.2.1.2 судың қарапайым маңызын түсіндіру 2.2 Табиғат құбылыстары 0.2.2.1 табиғат құбылыстарын (жел, тұман, жаңбыр) сипаттау 397. "Өлі табиғат денелері мен заттары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) өлі табиғат нысандары: құм, саз, тас (ірі, ұсақ) туралы түсініктері болалды; 2) ересек адамның көмегімен суреттер бойынша өлі табиғат нысандарының қарапайым қасиеттеріжәне қолданысы,судың маңызы туралы түсініктері болады. 398. "Табиғат құбылыстары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) көрнекілікті тірек ете отырып, тірі және өлі табиғаттағы мезгілдік өзгерістер туралы біледі; 2) суреттерді тірек ете отырып, табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман, қар, қырау, сүңгі туралы түсініктері болады. 25-кесте 3-бөлім. Табиғатты қорғау Бөлімше Оқыту мақсаттары 3.1 Табиғатты қорғау 0.3.1.1 табиғаттағы тәртіп ережелері туралы түсіндіру 0.3.1.2 "Қызыл кітаппен" таныстыру 0.3.1.3 өсімдіктерді және жануарларды күту тәсілдері туралы түсіндіру, оларды атай білу 399. "Табиғатты қорғау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері: 1) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін (ағаштардың жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, көгалды баспау, ұяны бұзбау, қоқысты тастамау) орындайды; 2) "Қызыл кітап" және кейбір олардың өкілдері туралы түсінігі болады; адам жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға міндетті екенін біледі. 400. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.12.152.6 (0.012 с.) |