Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2 - жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
211. Сөйлеуді дамыту: 1) балалардың сөздік қорының тұрмыстық электротехника, ұлттық заттардың атауларымен молаюы; балаларды қимыл-әрекетіне қарай зат есімдерді таңдап алу икеміне үйрету (пісіру - көже, тебу - велосипед, ұшу - ұшақ); 2) диалогты пайдалана отырып балаларды шағын әңгіме құрастыру икеміне үйрету; 3) педагогтың бастаған сөйлемін аяқтау икемін қалыптастыру; екі-үш сөзден тұратын фразаны құрастыру икемін бекіту; 4) ересек адамның бақылауында кейбір көбінесе жиі пайдаланатын сөз алды қосымшалы етістіктерді түсіну және пайдалануды үйрету (жеп болды, ішіп болды, ұйықтап болды); 5) зат есімдерді барыс және көмектес септігінде қолдануға үйрету; 6) ересек адамның бақылауымен сөздің жалпылаушы мәнін пайдалану дағдысын дамыту; 7) балалардың сөздік қорының заттар бөліктері мен бөлшектерін, сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен молаюы; 8) балаларды ересек адамның бақылауында тамақ өнімдеріне (алма, жүзім), өсімдіктерге (гүлді), түрлі материалдарға (ағаш, резеңке) қатысы барлығына мәні бар қатысты сын есімдерді құрастыру икеміне үйрету. 212. Күтілетін нәтижелер: 1) өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жөнінде сұрақтарға жауап береді; 2) ересек адамның бақылауында кейбір көбінесе жиі пайдаланатын сөз алды қосымшалы етістіктерді түсінеді және пайдаланады; 3) сөз сөйлеуде қатысты сын есімдерді пайдаланады (ересек адамның бақылауында); 4) ересек адамның бақылауында сөздердің жалпылаушы мәнін пайдаланады. 213. Көркем әдебиет: 1) тыңдау және түсіну:шығарма мазмұнындағы оқиға желісін қадағалауға, мазмұны бойынша қойылған қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; шығарма кейіпкерлеріне қарапайым мінездеме (мейірімді-ызақор) беру біліктілігін дамыту; 2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: интонацияны қабылдауға үйрету, ертегілердегі, әңгімелердегі, тақпақтардағы бейнелердің кереғарлық екенін түсінуге үйрету; ертегілерді көркем әдебиеттің басқа жанрларынан ажырата білуге үйрету; 3) әңгімелеу және жаттау: сұрақтарға және көрнекіліктерге сүйене отырып, қысқа ғана мазмұндауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету; кішігірім тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқуды үйрету; жақсы таныс шағармалардағы сөздерді/фразаларды жалғастырып айту біліктілігін, ойыншықтарды, үстел үсті театрын қолдана отырып, ертегілердің кішігірім үзіндісін ойнау/сахналау біліктілігін дамыту. 214. Күтілетін нәтижелер: 1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді; 2) көркем шығарма мазмұнына эмоционалды түрде ілтипатын білдіреді; 3) педагогтің көмегімен шығарма кейіпкерлеріне қарапайым мінездеме (мейірімді-ызақор) береді; 4) мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді; 5) шығарманың кішігірім сюжетін сахналауға қатысады. 215. Сауат ашу негіздері: 1) естіп қабылдауы:балалардың дыбыстық ұғымдарын кеңейту (қағаз сыбдырлауы, жапырақтардың сыбдыры; темір кілт немесе тиын, пластмасса ойыншықтың немесе резеңке доптың дыбысы); балаларды дыбыстық сипаттамалары бойынша заттарды және құбылыстарды саралауға үйрету (қағазбен жасалып жатқан әрекетті есту арқылы тану - жырту, бүктеу, жаныштау; табиғаттың үш-төрт дыбысты бірізділігін анықтауға үйрету); ойыншықтармен және тұрмыстық заттармен әрекет ету барысында шыққан, дыбыстар бойынша құрбыластардың әрекетін анықтауға балаларды үйрету; дыбыстың орнын және қарқындылығын анықтау бойынша балалардың икемділігін бекіту (жақын, алыс, жанында; жоғарыда, төменде; оң жақта, сол жақта); екі-үш ырғақтағы сигналдар материалында есту зейінінің және естіп есте сақтауын дамыту; ауызша нұсқау және үлгі бойынша жүзеге асыруда ырғақты қабылдауға және бағалауға үйрету; ауызша нұсқау және үлгі бойынша жүзеге асырудағы, қысқа және ұзын паузамен бөлінген ырғақтық құрылымдарды бағалауға және қабылдауға үйрету; балалар әндерінің ырғағын соғу; ырғақтық және музыкалық-ырғақтық ойындарда ырғақ сезімін дамыту; 2) фонематикалық қабылдауы: сөйлеу дыбысын қабылдауға бағытталған, дыбыстарды тануды жетілдіру; сөйлеу материалын дұрыс естуін және тыңдауын бекіту; дыбыстың нақты есту образын қалыптастыру; берілген сөйлемдегі аталған сөзді таба алуды балаларға үйрету; сөз тіркесінде немесе сөйлемде аталған сөзді ести сала, қимыл-қозғалыспен (шапалақтау, орнынан тұру, қолын көтеру) әсер етуді балаларда қалыптастыру; сөздер бірдей және әртүрлі дыбыстала алатындығын жайлы түсініктерін қалыптастыру; "дос" сөздерді ажырата алу икемділігін балаларға үйрету(жастық-қастық, жапырақ-топырақ, әзір-мәзір, үйшік-күшік); дыбысталуы бойынша жақын сөздерді ажырата алуға үйрету: мысық - қасық, жастық-қастық; балаларды дыбыстың мағыналық қызметімен таныстыру: кейбір сөздер бір-бірінен бір ғана дыбыспен ажыратылатынын түсіндіру (бант-қант, бас-тас, жол-қол) заттар, ойыншықтар және суреттерді қолдана отыра берілген дыбыспен сөздерді топтай алуға балаларды үйрету; сөздегі орнын ескерусіз берілген дыбыспен сөздерді келтіріп айтуға балаларды үйрету (ересектің көмегімен); балаларда аталған сипаты бойынша сөздерді топтауға және атауға икемділігін қалыптастыру (ұзын-қысқа); берілген дыбысты ересектің интонациямен белгілеу көмегімен сөздердегі бірінші екпінді дауысты дыбысты анықтай алуды балаларға үйрету; 3) қолды жазуға үйрету:қағаз бетінен қарындашты үзбей отыра, бірқалыпты үздіксіз сызықты жүргізе алуды балаларда қалыптастыру; балаларды үздіксіз ирек сызықты айналдырып сызуға үйрету (алдымен саусақпен, кейін берілген үлгі бойынша ересектің бақылауымен қарындашпен сызу); иілімін қайталай отыра, үздіксіз сынық сызықты айналдырып сызуға балаларды үйрету (алдымен саусақпен, кейін берілген үлгі бойынша қарындашпен сызу). 216. Күтілетін нәтижелер: 1) ересектің қадағалауымен сөз ағымындағы жеке сөздерді анықтайды; 2) ересектің қадағалауымен жеке сөздердің құрамындағы дыбыстарды анықтап көрсетеді; 3) сөздегі дыбыстың мағыналық рөлі жайлы түсінігіне ие; 4) ересек адамның көмегімен сөздегі бірінші екпінді дауысты дыбысты анықтайды; 5) екі қатар сызық арасында үздіксіз бірқалыпты сызықты саусақпен және қарындашпен жүргізе алады; 6) иілімін қайталай отыра, сынық және ирек сызықты айналдырып сыза алады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.239.135 (0.009 с.) |