Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Шығармашылық" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы 236. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 237. Мақсатыбейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын, музыканы эстетикалық тұрғыда қабылдауын дамыту болып табылады. 238. Міндеттері: 1) бейнелеу әрекетіне эмоционалдық әсер мен қызығушылық тудыру; 2) өнер шығармаларын (көркем сурет өнері, графика, сәндік-қолданбалы өнер) қабылдау қабілетін қалыптастыру; 3) кеңістіктік ұғымдарын дамыту; 4) қарапайым заттардың, құбылыстардың ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түсін, бөліктерінің орналасуын бере отырып, бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру; 5) мүсіндеу, аппликация, сурет салу барысында түрлі тәсілдерді қолдануды бекіту; 6) өзінің жұмыс нәтижелерін дұрыс бағалай білуге үйрету; 7) тыңдаған музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдау және есте сақтауға үйрету; 8) музыка аспаптарында қарапайым орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 9) ынтымақтастық, ұжымда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. 11-параграф. 1 - жартыжылдық 239. Сурет салу: 1) балаларды әртүрлі бейнелеу құралдарын және құрылғыларын пайдалану; түстердің әдемі үйлесуіне эмоционалды әсерін білдіру; әртүрлі пішінді заттарды қарындашпен, бояумен, бормен салу техникасын жетілдіру; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білуге үйрету; 2) заттық сурет салу:қағаз бетін ары қарай аппликацияны немесе суретті орындау үшін жалпақтығы әртүрлі қылқаламдармен, поролоннан жасалған тампонмен, губкамен айналдыра, тік, көлденең бағыттағы қиымылдармен бояу; дөңгелек, бұрышты пішінді заттардың суретін салу;тікбұрышты пішінді заттардың суретін салу; пішіні бірдей, бірақ көлемі әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу;таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін олардың суретін салу; заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуын (тұру, жату) бере білуге үйрету; 3) сюжеттік сурет салу: бір заттың бейнесін қайталай ("үлескедегі шыршалар") және оларға басқаларын (күн, жауған қар) қоса отырып күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені парақтың төменгі жағындағы жолаққа, бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету;әдеби шығармалар тақырыбына сюжеттік композиция құрастыру - ұжымдық сурет салу; сюжеттегі әр түрлі заттардың көлемі (үйлер үлкен, ағаштар биік және аласа ) бойынша арақатынасына назар аударуға үйрету; 4) сәндік сурет салу:сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; өрнек элементтерін дөңгелекке, шаршыда симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру; өрнектің қайталанатын элементтерін (жағынды, нүкте, доға, жолақ) ырғақпен салу дағдыларын; өрнектерді шаршының төрт бұрышына дәйектілікпен құрастырумен таныстыру; ыдысқа сурет салу; қағаз сұлбасына, ойыншықтарға сурет салу; 5) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; бейнеленетін заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша) туралы білімдерін қалыптастыру; 6) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу, қарындаш ұстаған қол қимылының еркін болуына қол жеткізу; қарындашқа түсетін күшті реттей отырып, түс реңктерін бере білу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; басқа түсті бояуға батырмас бұрын, қылқаламды жуу; қылқаламмен әртүрлі тәсілде сурет салу: жалпақ сызықтар - қылқаламды жалпитып басу, жіңішке - қылқаламның ұшымен, қылқаламды қағазға барынша тигізіп жағынды түсіру, қылқаламның ұшымен ұсақ дақтарды салу; майлық қағазды пайдалану. 240. Күтілетін нәтижелер: 1) бояумен және қарындашпен заттың суретін затқа қарап салады; 2) үлгі бойынша ыдысқа, ойыншыққа, қағаз сұлбаларына сурет салады; 3) түстері мен пішіндері әртүрлі заттардың суреттерін салады; 4) қағаз бетінде бағдарлайды, суреттің элементтерін педагогтың сөздік нұсқауына сәйкес орналастырады; 5) затқа қарап салған суреттерде заттардың сыртқы басты белгілерін бере біледі; 6) қарапайым сюжеттік композицияларын құрастырады; 7) сәндік өрнектерді құрайды, элементтерді белгілі бір дәйектілікпен жолаққа, дөңгелекке орналастырады; 8) әрекет нәтижесіне қызығушылық байқатады, өзінің және басқа балалардың суреттерін қарайды. 241. Мүсіндеу: 1) балаларды өзінің жасаған бұйымдарымен (жануар, құс) ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау: заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу, пішінін анықтау, көлемі, кеңістікте орналасуын салыстыру; түсі бойынша салыстыру; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыру арқылы бағалау; 2) саздан, қамырдан жасалаған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ; 3) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, тікбұрыш) туралыбілімдерін қалыптастыру; 4) жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу, шымшу тәсілдерін қолдану дағдыларды дамыту; мүсінделген заттардың, пішіндердің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу; 5) доғал, дөңгелек пішіндегі заттардың заттық мүсінделуі, тәсілдерді қолдану: заттарды (көкөністер, жемістер, саңырауқұлақ) жаю, созу, басу, жапсыру тәсілдерін пайдалана отырып, шынайы түрден мүсіндеу; еліктеу бойынша шардың, цилиндрдің ортасын басу арқылы қуыс жасап, домалақ пішінді заттарды (ыдыс) мүсіндеу; үлгі бойынша бір бөлікті басқасына қыса, саусақтардың көмегімен кейбір бөліктерді соза (құс) отырып бұйым бөліктерін біріктіру; құсты, жануардың денелерінің негізгі мүшелерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып мүсіндеу; заттардың ұсақ бөліктерін (мысықтың құлағы, құстың тұмсығы) шымшу тәсілін пайдалана отырып мүсіндеу; 6) сюжеттік мүсіндеу; заттардың шағын топтарын, пішіндерді қарапайым сюжеттерге (ұжымдық композиция) біріктіру; 7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру (жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу). 242. Күтілетін нәтижелер: 1) мүсіндеу алдында затты зерделеу дағдысы бар, пішінін, көлемін және түсін ерекшелейді; 2) мүсіндеу кезінде басу, жалпайту, созу, бөліктерін біріктіру тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі; 3) жануарлардың пішіндерін мүсіндейді, таныс ертегілердің сюжеттері бойынша ойнайды; 4) заттардың негізгі бөліктерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі; 5) үлгі бойынша заттарды саздан, қамырдан және ермексаздан құрылымдық тәсілмен мүсіндейді; 6) көлемі әртүрлі 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді; 7) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады; 8) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың бақылауымен қолын жуады; 9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады. 243. Аппликация: 1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеу;қайшыны дұрыс ұстау және оны пайдалану, қысқа және ұзын түзу сызықтар бойынша қию, жолақтардан әртүрлі заттардың (дуал, ағаш, саты) бейнелерін құрастыру; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; құрастырылған бейнені үлгі бойынша бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласа жұмыс істей білу; 2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара) туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша, үшбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру; 3) заттық аппликация: сөздік нұсқау бойынша заттарды түсі, пішіні, мөлшері бойынша кезектестіре отырып жапсыру (шыршаға арналған моншақтар, жалаушалар, үлкен, кіші шыршалар); қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (аққала, аю) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; жырту тәсілімен орындалатын заттық аппликация; 4) сәндік аппликация: жолақта дайын пішіндерден сәндік өрнектерді құрастыру және жапсыру; үлгі бойынша элементтердің қағаз бетіндегі кеңістіктік орналасуына (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы) бағдарлай отырып, сәнді өрнектерді (сүлгі, орамал, майлық) жапсыру; 5) сюжеттік аппликация:үлгі бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ертегілердің басты кейіпкерлерінің пішіндерін сюжетке сәйкес жапсыру; табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастыру; 6) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қайшыны дұрыс ұстау және оны пайдалану, қысқа және ұзын түзу сызықтар бойынша қию; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру. 244. Күтілетін нәтижелер: 1) алдын ала заттың өзін талдау немесе зерделеу негізінде таныс заттардың заттық аппликациясын орындайды; 2) заттарды пішіні мен түсі әртүрлі бөліктерден құрастырады; 3) дайын бөліктерден сюжетті аппликация құрастырады; 4) табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастырады; 5) өрнектерді жолаққа, дөңгелекке жапсырады; 6) үлгі бойынша сәндік аппликацияның өрнектерін құрастырады; 7) жыртық аппликация тәсілдерін меңгерген; 8) ұжымдық аппликацияны орындауға қатысады; 9) заттарды мөлшері (кіші, үлкен, орташа) бойынша ажыратады; 10) негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) біледі; 11) заттарды пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) бойынша ажыратады; 12) қылқаламды, қайшыны пайдаланады, артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдаланады; 13) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады; 14) педагогтың көмегімен өзінің және басқаның өніміне баға береді. 245. Музыка: 1) музыканы тыңдау: музыканың эмоционалды мазмұнын, түрін анықтау; музыкалық жадыны дамыту; 2) ән салу: ересекпен бірге ән салу икемділіктерін қалыптастыру, өлеңнің сөздерін айту, байыптылықпен ән салу, ән салған кезде дұрыс тыныс алу, әнді уақытында бастау және аяқтау; ересектің дауысы мен аспаптың дыбысталуына құлақ салу; қарапайым дыбысқа еліктей білу; өлең мен маршты ажырату; 3) музыкалық-ырғақтық қимылдар: жүру (сергек, байыпты), аяқты ересекпен бірге өкшеге, ұшына қою арқылы серпінді жеңіл қимылдармен жүгіру, маршпен жүру; қарапайым қимылдарды өлең мәтінімен үйлестіру; ересектің көмегімен заттармен (жалаушалар, жапырақтар, орамалдар, шарлар, ойыншықтар) әрекеттену; қазақ би элементтері бар қимылдар дағдыларын қалыптастыру; 4) музыкалық-дидактикалық ойындар: шулы құралдардың дыбысталуына қарапайым ырғақтық қимылдарды ересектің көмегімен орындауға ынталандыру; дыбысты аспапты (бубен, сылдырмақ, қоңырау, металлофон, домбыра, фортепиано) тембрі бойынша анықтау;дыбыс динамикасын (ақырын-қатты) ажырату. 246. Күтілетін нәтижелер: 1) өлең мен маршты ажыратады; 2) аяқты ересекпен бірге өкшеге, ұшына қою арқылы серпінді жеңіл қимылмен жүреді (сергек, байыпты), жүгіреді, маршпен жүреді; 3) музыканы сипатына қарай ажыратады; 4) еліктеу бойынша қарапайым әндердіорындайды; 5) ересектің көмегімен қарапайым би қимылдырын орындайды; 6) ересектің көмегімен заттармен әрекет жасайды; 7) өлең мәтініне сәйкес қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді, еліктеу бойынша немесе педагогпен бірге орындайды; 8) музыкалық аспапты (қоңырау, дағыра, сыбызғы, металлофон) дыбыс тембрі бойынша таниды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.108.8 (0.013 с.) |