Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. "Әлеумет" білім беру саласы

Поиск

 4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы

505. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны- қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.

506. Мақсаты: нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру; тірі және өлі табиғат туралы білімдерін жетілдіру.

507. Міндеттері:

1) айналадағы нысаналармен, заттармен жинақталған өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, таныс жерлердегі тәртіп ережелері туралы түсініктерін қалптастыру;

2) ересектердің еңбегі, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау ережелері туралы білімін толықтыру;

3) мамандықтар туралы білімін қалыптастыру;

4) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;

5) әлеуметтік өмірдің нысаналары туралы түсінігін қалыптастыру;

6) үй-жай ішінде бағдарлай білуге үйрету;

7) қысқы ойындар туралы түсініктерін қалыптастыру;

8) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау;вербальді және вербальді емес қарым-қатынас құралдарын дамыту;

9) белсенді және енжар сөздік қорын жалпылау ұғымдарымен толықтыру;

10) табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

 5-параграф. 1-жартыжылдық

508. Қоршаған ортамен танысу:

1) өзінің тегін, жасын айта білуін, жынысы туралы түсінігін қалыптастыру;

2) туыстық қатынастар туралы түсініктерді қалыптастыру;

3) топтағы балаларды есімдерімен атап үйрету;

4) бет бөліктері мен дене мүшелерін көрсетіп, олардың қызметін түсіндіру біліктілігін қалыптастыру;

5) белгілі бір мамандық іс-әрекетінің мәні туралы түсінігін қалыптастыру (тәрбиеші, күтуші, дәрігер, жүргізуші);

6) адамның күнделікті өмірдегі және еңбегіндегі іс-әрекеті мен қылығын бақылау біліктілігін қалыптастыру;

7) балабақшаның іші-жайымен таныстыру (кіреберіс, мейірбеке кабинеті, музыкалық зал);

8) таныс заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру біліктілігін қалыптастыру (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз).

9) қоршаған ортадағы нысаналарды ересектің ауызша нұсқауы бойынша көрсету біліктілігін қалыптастыру (ойыншықтар автобус, жүк машинасы, үй, тұрмыстық заттар).

10) азық-түлік түрлерімен таныстыру: нан, сүт, пешене, кәмпиттер;

11) жүріс-тұрыс мәдениеті: қоршаған ортадағы нысаналармен, заттармен өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, серуен кезіндегі, үйдегі, топтағы таныс жағдаяттарында мінез-құлық ережелері туралы түсінігін қалыптастыру;

12) мейрамдармен таныстыру: Туған күн, Күз мерекесі, спорт мерекесі.

509. Күтілетін нәтижелер:

1) отбасы мүшелері мен жақын адамдар туралы түсінігі бар;

2) өз жынысын біледі;

3) дене мүшелері мен бет бөліктерін көрсетеді немесе атайды;

4) тұрмыстық заттарды ажыратады;

5) көліктер туралы түсініктері бар;

6) балабақша және балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;

7) азық-түліктерді ажыратады;

8) қоғамдық жерлердегі қарапайым жүріс-тұрыс ережелері туралы түсінігі бар;

9) мерекелік-іс-шараларға эмоционалды әсерін көрсетеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.241.87 (0.007 с.)