Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Поиск

 Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Түсіндірме жазба

1. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.

2. Бағдарламаның мақсаты - баланың жас ерекшелігіне, мүмкіндігі мен қабілеттілігіне сәйкес арнайы түзете-компенсаторлық және әлеуметтік ортаға бейімделу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі оқу әрекеті, ойын, тұрмыстық әрекетке өздігімен қатысуға, әлеуметтік жағдайларға бейімделуге даярлау.

3. Бағдарламаның міндеттері:

1) өзінің органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша өз-өзіне қызмет ету дағдыларын, әлеуметтік ортаға тән мінез-құлық пен дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйрету;

2) әртүрлі формадағы коммуникативті дағдыларды қалыптастыру және дамыту (қалдық есту бар балалар үшін ауызша сөйлеу тілі, заттар-белгілер арқылы, дактильді-байланысты сөйлеу, ым-ишараттық сөйлеу);вербалды және вербалды емес құралдармен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;

3) сезіну тәжірибесін, қоршаған орта туралы білімдерін молайту, шынайы өмірге сәйкес бейнені қалыптастыру; кеңістікте бағдарлана алу; қимыл-қозғалыс, ұсақ моторика және сипап сезуді дамыту;

4) жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру; баланың қимыл белсенділігімен байланысты қоршаған ортаны белсенді тану процесіне баланы қосу;

5) заттарды кезең бойынша зерттеу жолы арқылы шығармашылық әрекет процесінде шынайы әлемнің бейнесін қалыптастыру; заттық түсініктерін жалпылау және нақтылау, дәйіктілігін айқындау.

4. Бағдарлама дамуында күрделі кемістігі бар баланың спецификалық ерекшеліктері мен жалпы даму заңнамасын есепке ала отырып құрастырылған және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, әлеуметтік үйлер, арнайы мектепке дейінгі мекемелер, үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру және жеке дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - ЖДБ) құрастыру барысында қолдануға болады.

5. Бағдарламаның мазмұны дамуында күрделі бұзылыстары бар баланың дене және психикалық дамуының жас ерекшелік кезеңдерін есепке алады:

1) 1-деңгей - 2 - 4 жас;

2) 2-деңгей - 4 - 6 жас;

3) 3-деңгей - 6 - 7 (8) жас.

6. Жоғарыда берілген даму деңгейлері баланың нақты жасымен шектелмейді, ол маманнан кеңес алу сәтінен бастап даму деңгейінебайланысты болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.216.29 (0.006 с.)