Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі

Поиск

 16-параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі

238. Арнайы түзете оқу әрекетінің мазмұны үстел үстінде және тамақтану барысына байланысты дағдыларды қалыптастыру; киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру; үй жағдайында және басқа жағдаяттарда мінез-құлықтарына байланысты дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыру.

239. Мақсаты - күрделі кемістігі бар балаларды өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын дамыту, балаларды әлеуметтік және тұрмыстық ортаға қосу болып табылады.

240. Міндеттері:

1) үстел үстінде тамақтану мен мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру;

2) киіну және киімге күтім жасау дағдысын қалыптастыру:

3) үй жағдайында және басқа жағдаяттағы мінез-құлыққа байланысты дағдыны қалыптастыру.

 17-параграф. 1-жартыжылдық

241. Үстел үстінде мінез-құлық ережесі мен тамақтану дағдыларын қалыптастыру.

242. Тамақтану:

1) азық-түліктің иісі, дәмімен қоса, дене бөліктерінің қызметі туралы білімдерін бекіту;

2) әртүрлі көлемдегі және формадағы кесемен таныстыруды жалғастыру;

3)әртүрлі көлемдегі қасықтармен таныстыруды жалғастыру;

4) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) біліктілігн қалыптастыру;

5) қасықпен дұрыс әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру (қасықты алу, қолына ұстау, тамақты алу, тамағы бар қасықты аузына апару);

6) алуантүрлі тамақты қасықпен жеуге үйрету;

7) жемісті және сүтті шырынды түтіктен ішу біліктілігін бекіту;

8) күрделі емес орауларды (кәмпит, печенье, шоколад) буып-тию біліктілігін бекіту;

9) жемістерді тазалау біліктілігін бекіту (банан, мандарин);

10) тәтті және тәтті емес объектілерді ажырату біліктілігін бекіту;

11) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын ыдыс-аяқ заттарын ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру; ( сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - ыдыс-аяқ заттарын белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу);

12) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын азық-түлікті ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру; (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - азық-түлікті белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу).

243. Күтілетін нәтижелер:

1) азық-түліктің иісі мен дәмі туралы біледі;

2) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) талпынады;

3) қасықпен дұрыс әрекет жасауға талпынады (қасықты алу, қолына ұстау, тамақты алу, тамағы бар қасықты аузына апару);

4) алуантүрлі тамақты қасықпен тырысады;

5) жемісті және сүтті шырынды түтіктен ішуге талпынады;

6) күрделі емес орауларды (кәмпит, печенье, шоколад) буады;

7) жемістерді тазалауға талпынады (банан, мандарин);

8) тәтті және тәтті емес объектілерді ажыратады.

244. Киімді кию мен күту дағдыларын қалыптастыру.

245. Киіну және шешіну:

1) жеке дене мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін бекіту, киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілермен атау;

2) киіну барысында өз киімдерін әкелу біліктілігін қалыптастыру, оның қызметін білу;

3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шешу дағдысын бекіту;

4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашу, жабу (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді);

5) үлкен түймелерді ағыту біліктілігін қалыптастыру.

246. Күтілетін нәтижелер:

1) жеке дене мүшелерінің қызметтерін,киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілерді біледі;

2) өз киімдерін әкеледі, оның қызметтерін біледі;

3) қалпақты шешеді, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шеше алады

4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашады, жабады (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді);

5) үлкен түймелерді ағытуға тырысады.

6) өз киімін қалыпқа келіп, таза ұстайды.

247. Үй және басқа да жағдаяттарда мінез-құлқына байланысты дағдыны қалыптастыру:

1) ересек адамның қарапайым нұсқаулықтарын орындауға үйретуді жалғастыру;

2) сәлемдесу және қоштасуға тән сөздер (ымды) пайдалануға үйрету;

3) "Мынаны сен қалайсың ба?" деген сұраққа жауап ретінде "жоқ, иә" деп сөзбен/ыммен айтуға үйрету;

4) ересек адамның көмегімен төсекті салу кезіне қатысуға үйрету;

5) ересек адамға өз төсек орнын салу кезіне қатысуға үйрету;

6) жиі кездестіретін адамдарды сәлемдесуге үйрету.

248. Күтілетін нәтижелер:

1) ересек адамның қарапайым нұсқаулықтарын орындайды;

2) сәлемдесу және қоштасуға тән сөздер (ымды) пайдаланады;

3) "Мынаны сен қалайсын ба?" деген сұраққа жауап ретінде "жоқ, иә" деп сөзбен/ыммен айтады;

4) ересек адамның көмегімен төсекті салуға қатысады;

5) ересек адамға өз төсек орнын салуға қатысады;

6) жиі кездестіретін адамдарды сәлемдеседі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.140.195.249 (0.005 с.)