Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Шығармашылық" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы 208. "Шығармашылық" білім беру саласының мазмұны сурет салу, мүсіндеу, музыка,тифлографика (біріншілік көру қабілетінің бұзылысы бар балалар үшін)ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жүзеге асырылады. 209. Мақсаты - заттарды кезеңмен зерттеу жолы арқылы шығармашылық әрекет процесінде шынайы әлемнің бейнесін қалыптастыру; заттық түсініктерін нақтылау және жалпылау. 210. Міндеттері: 1) бейнелеуші құралдар мен материалдарды ерекшелеу біліктілігін қалыптастыру; 2) бейнелеуші құралдар және материалдармен әртүрлі әрекеттер жасауын қалыптастыру; 3) бейнелеуші материалдармен әрекеттер жасау үшін жағдай құру, бейнелеуші әрекетке қызығушылығын қалыптастыру; 4) бейнелеуші әрекет пен оның өнімдеріне оңды эмоционалды қатынас қалыптастыру. 11-параграф. 1-жартыжылдық 211. Сурет салу: 1) "Дәл осындай қайда?" үлгісі бойынша қарапайым мазмұны бар бейнені (заттар, жануарлар, адамдар) ерекшелеуге, тануын дамыту; 2) бейненің статистикалық мазмұнымен бірге динамикамен бейнеленген фигураны (жұбын табу) сәйкестендіруге үйрету; 3) тығыздығы, түсі бойынша, көлемін үстіне қою және алу бойынша заттарды салыстыруға үйрету ("қолымен көрсету"); 4) баланы өздігімен бейнелеуші әрекетке ынталануына жәрдемдесу; 5) баланы сурет салуға назарын аудару, баланың қолымен бірге сурет салу, оның нәтижесін қабылдау барысындағы ортақ қуанышын білдіру (салған сапасына қарамастан); 6) бейнелеуші әркеттің құрадарымен таныстыру; 7) бет кеңістігін толықтыруға ынталандыратындай үлкен кеңістікте (тақта бормен салу, үлкен парақта қалын қылқаламен салу) сурет салу; 8) баланы нұсқаушы ым немесе былдыр сөздер жолымен "объектілерді" бейнелеуге бағыттау; 9) ассоциативті үлгіде балалармен бірге қуану; 10) баланы өз жетістігіне қуануға, басқа жұмыстардан өзінің жұмысын ерекшелеуге, оны ересек адамдар мен балаларға көрсетуге үйрету; 11) "жағу" және "жанасу" амалымен таныстыру. 212. Күтілетін нәтижелер: 1) бейненің статистикалық мазмұнымен бірге динамикамен бейнеленген фигураны (жұбын табу) сәйкестендіреді; 2) тығыздығы, түсі бойынша, көлемін үстіне қою және алу бойынша заттарды салыстырады ("қолымен көрсету"); 3) өздігімен бейнелеуші әрекетке ынталанады; бейнелеуші әркеттің құрадарымен таныс; 4) бет кеңістігін толықтыруға ынталандыратындай үлкен кеңістікте (тақта бормен салу, үлкен парақта қалын қылқаламен салу) сурет салады; 5) баланы нұсқаушы ым немесе былдыр сөздерді атайды. 213. Мүсіндеу: 1) пластикалық материалдарда жеңіл орындалатын, қарапайым объектілерді зерттеу және ерекшелеу біліктілігін қалыптастыру; 2) пластилинді үзіп сырғанақ формасын жасау; 3) пластикалық матреиалдардың (кімге шар керек, шарды домалақтаймыз) формасын өзгерту процесінде жапыстыруға қызығушылығын қалыптастыру; 4) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формаларды зерттеу біліктілігін қалыптастыру; 5) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формалармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру; 6) түс, көлем бойынша шарларды сырғыту және пластилин үзігімен салыстыру. 214. Күтілетін нәтижелер: 1) пластикалық материалдарда жеңіл орындалатын, қарапайым объектілерді зерттеу және ерекшелейді; 2) пластилинді үзіп сырғанақ формасын жасайды; 3) пластикалық матреиалдардың (кімге шар керек, шарды домалақтаймыз) формасын өзгерту процесінде жапыстыруға қызығушылығық танытады; 4) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формаларды зерттейді; 5) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формалармен жұмыс жасайды; 6) түс, көлем бойынша шарларды сырғыту және пластилин үзігімен салыстырады. 215. Музыка: 1) адамның ән айтуын, музыкалық аспапты есту арқылы ажырату біліктілігін қалыптастыру; 2) темпі бойынша әртүрлі әуендерді көрсетеді (баяу, жылдам). 216. Күтілетін нәтиже: 1) музыкалық дыбысталу дереккөзін (адамның ән айтуын, музыкалық аспапты) ажыратады; 2) музыкалық шығармалар темпін ажыратады. 217. Тифлографика (біріншілік көру бұзылыстары бар балалар үшін). 218. Рельефті бейнелерді оқу; 1) қағаз бетінде бағдарлана алу дағдысын қалыптастыру; 2) рельефті суретті зерттеу амалымен таныстыру; 3) нақты заттардың амалының нүктесі туралы түсініктерін қалыптастыру (бисер, дән); 4) бейнелеуші жазықтықтың әртүрлі бөліктерінде орналсақан, бірдей және әртүрлі диаметрдегі рельфтік нүктелерді оқуға үйрету; 219. Рельефті-графикалық әрекет: 1) рельефті сурет салу үшін құралдармен, құралдармен жұмыс жасаудың қарапайым амалдарымен таныстыру; 2) приборлар тұрған жұмыс үстелінде бағдарлануға үйрету; 3) приборларды жұмысқа даярлау дағдысын қалыптастыру; 4) нүктені тесуге үйрету. 220. Күтілетін нәтиже: 1) қол саусақтарының атын және орналасуын біледі; 2) екі қолмен екі затты ұстайды және ұстап тұра алады; 3) сипап сезудің көмегімен геометриялық фигураларды ажыратады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш); 4) жазықтықтың құрылымы, көлемі бойынша заттарды салыстыру үшін сипап сезу амалын қолдана алады; 5) тану деңгейінде сипап сезуін саралайды; 6) бейнелеуші жазықтықта рельефті бейнелік нүктені табады; 7) қолында грифельды ұстай алады; 8) тифлопедагогпен бірге нүктені теседі (басады).
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.211.133 (0.01 с.) |