Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Коммуникация" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы 144. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде ыммен, дактильды-қатынастық сөйлеу тілін (көру және есіту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кезде) қалыптастыру; заттық белгілерді (сөйлемейтін балалар үшін) қолданумен байланысты дағдыларын; сөйлеу тілін қалыптастыруды жүзеге асырады. 145. Мақсаты ауытқушылықтың түріне қарай (ым-ишараттық сөйлеу, дактильді-қатынас сөйлеу, зат-белгілердің көмегімен ауызша сөйлеу: қалдық естуі бар бала үшін) әртүрлі формада коммуникативті дағдыларын дамыту және қалыптастыру; вербальды және вербальды емес құралдар арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруболып табылады. 146. Міндеттері: 1) коммуникативті мінез-құлықтың салдарын, коммуникацияның қажеттілігін түсінуін қалыптастыру; 2) өзіне, басқа адамдардың көңілін аударту үшін әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында қолдана алу қабілеттілігін және коммуникативті дағдыларын қалыптастыру. 5-параграф. 1-жартыжылдық 147. Көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі ым-ишараттық, дактильді-қатынас сөйлеуді қалыптастыру: 1) заттық-жағдаятты қарым-қатынастың жаңа формасын енгізу; 2) дактильді-қатынас формасындағы сөздер қорын кеңейту, оның мәнін түсіну, өздігімен қолдануды үйретуге жалғастыру; 3) балалардың көзқарасын кеңейте отырып айналасындағы адамдармен және қоршаған ортамен жанасу өзара әрекеттерін ұйымдастыру. 4) нақты ұғымдағы (мысалы, әрекет, күнтәртібіндегі оқиғалар) тактильды қабылданатын белгілерді сәйкестендіруге үйретуді жалғастыру; 5) жағымды іс-әрекеттер көлемін шектеуді ұсыну, қалаған нәтижесіне қол жеткізу барысында тосқаулдар туғызу (сүйікті ойыншығын таңдап алу және баланың сөйлеу қарым-қатынасына қол жеткізу үшін оны қолдау); 6) ересек адам қолына ұстап тұрған ойыншықққа баланың көңіл бөліп қалайтын ойыншығын алғанға дейін ұстап тұру; 7) тактильды қабылданатын затқа, оның кішігірім көшірмесіне баланың көру қабілетін тұрақтандыру; 8) дұрыс және бұрыс таңдаудың шынайы салдарын түсінуге мүмкіндік беру; 9) тактильды қабылданатын белгілерді, сонын ішінде "сөйлеуші батырма" бекітілген қолжетімді амалмен "көрсету" үйретуді жалғастыру; 10) "үстел үстінде" нақты жағдаяттарда белгілерді затқа алмастыру білігін; қарама-қарсы отырған ересек адаммен көру байланысын құруға үйрету, өзі қалайтын затты өздігімен немесе түрту, қағып алу, ыммен сұрау біліктілігін қалыптастыру; 11) тактильді қабылданатын белгілердің көпсалалығын түсінуін қалыптастыру; 12) нақты әрекет шеңберінде реттілікке "бірінші-кейін" үйрету; 13) "үстел басында" жағдайында коммуникативті серіктесіне сәйкес объектіге қолды немесе сұқ саусақпен көрсету жолы арқылы ым-ишараттық қарым-қатынасқа жауап ретінде "Не қалайсың?"тактильды қабылданатын белгілер арқылы қалайтын және қаламайтын заттарды таңдауды жүзеге асыру біліктілігін қалыптастыру; 14) 3-5 объект ішінен таңдауды жүзеге асыруға қатысу; 15) тактильды қабылданатын белгілерді қолжетімді амалдармен таңдауды үйрету (қолына алу және әңгімелесушіге беру; қолмен көрсету немесе саусағымен ұстау; коммуникатордың сәйкес басқышын басу); 16) қиын жағдайда ересек адамнан көмек сұрауға үйрету. 148. Күтілетін нәтижелер (көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі): 1) қарым-қатынаста ым/немесе сөздер тіркесін белсенді қолданады; 2) кейбір объектілердің мәні дактильды формада берілетін түсінеді; 3) қарым-қатынаста дактильды-байланыстыру формасын қолданады; дактильды сөздер алғашқы ыммен жұп қолданады; 4) дактильды қабылданатын белгілердің мазмұнын (мысалы, "кесе" бұл зат және су ішуді қалау) түсінеді; 5) нақты әрекет шеңберінде (мысалы, "Жуыну" үшін "сабын"-"тіс щеткасы", "стақан"-"бет орамал") реттілікті "бірінші-кейін" біледі; 6) қиын жағдайда ересек адамнан көмек сұрайды. 149. Зат-белгілерін, суреттерді пайдаланумен байланысты дағдыларды қалыптастыру: 1) коммункацияға деген бала қажеттілігін құруды жалғастыру; 2) зат-белгілер, сурет сиволдар көлемін кеңейту; 3) графикалық суреттерге (фота, картинка, пиктограмма, коммункациялық сурет белгілер) көз тоқтатуын іске асыру; 4) графикалық сиволдарды тануға мүмкіндік беру; 5) қарапайым сюжеті бар, заттық бейнелерді, кітап, фотоальбом, "сөйлейтін фотоальбом", "Жағдайлар күнделігі" қарауға қызығушылығын ояту; 6) суреттегі бейне мен шынайы ортадағы заттарды сәйкестендіруге үйрету; 7) суреттегі бейнені өзіне тән белгісі бойынша заттарды ерекшелеуге үйрету; 8) қызметтік белгілеріне сәйкес заттар ішінен 4-6 затты таңдауға үйрету; 9) қарапайым сюжеттік суреттер бойынша екі әрекет ішінен біреуін таңдауға үйрету; 10) суреттегі 15 және одан да көп таныс заттарды атаулары бойынша іздеуді жүзеге асыруды үйрету; 11) "Ойыншық", "Киім", "Тамақ" жалпылау түсініктерін қалыптастыру; 12) коммуникативті кітап, тақта ішінен графикалық белгілерді ерекшелеп, коммуникативті серіктесіне жақындау және графикалық белгіні беруге үйрету; 13) графикалық белгіге сәйкес нұсқаумен "Бер", "Ал" қолжетімді формада ымның көмегімен ойыншық, затты ұсыну/сұрау біліктілігін қалыптастыру; 14) "Кешіктірілген көмек" стратегиясымен ым арқылы адамға немесе басқа біреуге көмек көрсетуді сұрау біліктілігін қалыптастыру; 15) әрекетті орындау туралы өтінішке жауап қайтару біліктілігін қалыптастыру; сұрақ, ұсынылатын жауап "Иә"/ "Жоқ"; 16) бірлесіп кітапты көру барысында ересек адаммен ақпарат алмасу біліктілігін қалыптастыру; 17) өзінің "күн тәртібін", "Мен-графикалық бейнемін", "Менің қалауларымның бейнесі", "сөйлейтін фотоальбомды" ересек адаммен бірлесіп құруға қатысудыбелсендіру; 18) "Бұл не?", "Бұл кім?" сұрағына жауап беру ретінде затты немесе адамды атау біліктілігін қалыптастыру; "Не істеп жатыр?" сұрағына жауап беру ретінде хабарлау; "Қайда?" сұрағына жауап беру ретінде зат немесе адамның орналасқан орнын сипаттау; 19) адам, әрекет, орналасқан орны (көзбен ересек адамға немесе күтілетін жауап орнына қарау) туралы сұрау біліктілігін қалыптастыру; 20) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдесуге, қоштасуға үйрету; 21) баланың қоршаған ортадағы адамдарға уайымдайтынын, мейірімділік танытуын көрсететін мінез-құлықты белсендіру: ересек адамның қамын ойлайды, оған көмектеседі, мінедетті түрде кезектілігі бар әрекетті жасайды. 150. Коммуникацияның белгілер жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер: 1) қоршаған ортаны графикалық белгілермен белгілеуге болатынын түсінеді; 2) қызметтік белгілеріне сәйкес заттар ішінен 4-6 затты таңдайды; 3) қарым-қатынас жасауда белгілік коммункацияларды белсенді қолданады; 4) графикалық белгілерді таниды; 5) коммуникативті кітап, тақта ішінен графикалық белгілерді ерекшелеп, коммуникативті серіктесіне жақындау және графикалық белгіні береді; 6) әрекетті орындау туралы өтінішке жауап қайтарады; сұрақ, ұсынылатын жауап "Иә"/ "Жоқ"; 7) бірлесіп кітапты көру барысында ересек адаммен ақпаратпен алмасады; 8) өзінің "күн тәртібін" құруға қатысады; 9) "Бұл не?", "Бұл кім?" сұрағына жауап беру ретінде затты немесе адамды атайды және көрсетеді; "Не істеп жатыр?" сұрағына жауап беру ретінде хабарлау; "Қайда?" сұрағына жауап беру ретінде зат немесе адамның орналасқан орнын сипаттайды; 10) адам, әрекет, орналасқан орны (көзбен ересек адамға немесе күтілетін жауап орнына қарау) туралы сұрайды; 11) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдеседі, қоштасады; 12) баланың қоршаған ортадағы адамдарға уайымдайды, мейірімділік танытады: ересек адамның қамын ойлайды, оған көмектеседі, міндетті түрде кезектілігі бар әрекетті жасайды. 151. Сөйлеуді дамыту (баланың ауызша (дыбыстық) сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту): 1) педагогтың сөйлеу және заттық әрекетіне еліктеуге үйрету: дыбысқа еліктеуді айту, дидактикалық ойын, заттармен әрекет жасау барысында толық сөздік қорын қолдана білу; 2) ойыншықтарды, заттарды, әрекеттерді атау (дидактикалық ойын жүргізу, пиктограмма қою арқылы ауызша айту жолы арқылы) талпынысын ынталандыру; 3) ауызша сөйлеу тіліне былдырлау, толық сөздер, қысқа сөз тізбектерді қолдануға рұқсат беріледі; 4) ересек адам мен балаға (педагогқа еліктеу бойынша) өтініш "бер,берші допты" білдіруге үйрету; 5) педагогқа еліктеу бойынша саусақтың (саусақ гимнастикасы) әртүрлі қалпын орындауға, бұлдырлау мен толық формада жануарлардың атауымен саусақ қалпын сәйкестендіруге үйрету. 152. Үлгі ретіндегі сабақ тақырыптары: үлкендер мен балалардың есімдері; отбасы; ойыншықтар;жемістер;көкіністер;киім және аяқ киім;азық-түлік;мейрам; жануарлар. 153. Сөйлеуді дамыту (баланың ауызша (дыбыстық) сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту) бойынша күтілетін нәтижелер: 1) сабақта және тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөздер мен сөз тіркесінің мәнін түсінеді; 2) сабақта және тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөз тіркесінің мәнін түсінеді. 154. Сөйлеу материалдары баланың мүмкіндігіне қарай таңдалынып алынады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.70.69 (0.008 с.) |